Таудай болсын арқалаған талабың, сезін өмір құпиясын, ғажабын! Айнұрдайын періштеге тілек сол - Құтты болсын, мектеп аттар қадамың!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Адам болар баланың, Қайтармайық талабын. Мектепті алғаш аттаған, Құтты болсын қадамың. Сәбиліктен марқайып, Өскендігі санаңның. Әріптерден сөз құрап, Жорғаласын қадамың. Үміттерін ақтай біл, Әкең менен анаңның. Жүрегіңе сақтай біл, Жақсы сөзін дананың. Сондай бала болсын деп, Тілек айтар қазағым. Балалы үйлер көбейіп, Бола берсін базарың. Осындайға жеткізсін, Әрбір үйдің адамын. Жастар өсіп қалқан боп, Болса деймін қамалың. Қой үстінде бозторғай, Жұмыртқалар заманың. Сол замандай болса екен, Егеменді қазағым. Бастарыңа бермесін, Қыйыншылық азабын. Жастарыма қонса екен, Даналығы бабамның. Әмин, Аллаһу Әкбар!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 4.0
Санаты: Өлеңмен
Шаттыққа толы болсын келер күндер, Нұры ғой көзіміздің көгершіндер. Аман қыл құртақандай құлындарды, Аруақтар, желеп-жебеп жүресіңдер?! Адамдар артқан екен ұрпаққа үміт, Солардың арқасы ғой, тұрсақ күліп. Еңбектеп, Тәй-тәй басып, Мектеп барып, Сұңқардай Шыңға қонар шырқап шығып. Желкілдеп жігіт болды тайға мінер, Күй болып шалқы көңіл, қайна жігер. Алдынан арайланып бақыт таңы, Азамат болсын аузын айға білер. Көргендер бақытты ғой немересін! Көгерсең немереңнен көгересің... Ертең-ақ мақтанышқа айналады, Ат ерттейтін Азамат деген есім. Ұрпақпен ұласады мұрат арман, Бәйтерек бой көтерер құба талдан. Тойлаңдар, Қуаныңдар, ағайындар, Шалқып қайт, шаттық тойы - Тілашардан!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Құрметті ағайындар, қадірлі .............! Сіздерді бүгінгі ұлы тойларыңызбен шын көңілімізбен құттықтаймыз. Мұхаммет пайғамбардың хадисінде мұсылман үшін ең ұлы той - сүндет тойы деген екен. Мұның мәнісі сірә, балғын жас бала ата-баба жолына түсті, мұсылмандық рухын сақтайды, дәстүрге адал болады деген ниетте жатса керек. Сондықтан бүгінгі ұлы тойларыңыз құтты болсын. Бір кезде мұсылмандықтың қаймағы бұзылмай тұрған кезде баланы жастан демекші, сүндетке отырғызуға сондай зор мән берілген. Бүгін сіздер ата-аналық борыштарыңызды өтеп қана отырған жоқсыздар, балақайдың келешегін нұсқап та отырсыздар. Баламыз өскен кезде білімді азамат болсын, рухы қазақша, ділі мұсылманша болсын, халқын сүйген азамат болсын деген тілектеріңізді жұрт алдында паш етіп, той жасап отырсыздар. Осынау ізгі тілектеріңіз қабыл болсын, мұраттарыңызға жетіңіздер. Баламыз жеті жұрттың қамын ойлаған азамат, атаның ғана ұлы емес, елдің, халықтың перзенті болсын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Сүндет той
Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап, Құдай құлы Мұхаммед Үмбетке арнап. Қырық парыздың біреуі осы дейді, Исламда атқарар міндетке арнап. Айың жарық, күндерің ашық болсын, Пәлі-құла Қырық кез қашық болсын. Жүрегіне Алладан нұр құйылып, Өміріне жететін несіп болсын. Бұл сүндет Әлми сақтан порым болған, Бұл Жұмай ақ тілеуімен орындалған. Ғайып Ерен, Қырық Шілтен қорғап жүрсін, Азамат бол Қыдыр ата қолыңды алған. Әмин, Аллаһу Әкбар!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Бала, бала-бал ғұмыр, Қуанышты мәңгі жыр. Отырыпты сүндетке, Жігіттіктің алды бұл. Дәстүріміз бел алды, Елдің ісі оңалады. Өтеліпті парызы, Жасалыпты жоралғы. Құтты болсын сүндеті, Ол-Мұхамет үмбеті. Орындалды ойдағы, Ата-ананың міндеті. Мұсылмандық-иманың, Екендігін біл, жаным. Той жасапты ағайын, Шашып барлық жиғанын. Өмірдің бір белесі, Мұсылмандық жөні осы. Қуанып жүр әкесі Көкке жетіп төбесі. Аман-есен жетейік, Тойларына келесі.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Бисмиллаһир-рахманир-рахим Мұсылман болдың, қарағым, Кәне бері қарағын. Шырағын жағар ұлысың, Ата менен ананың. Таудай болсын талабың, Алтын менен күмістен, Жасалсын барлық жарағың. Көрімдігің мінеки, Бар ма тағы қаларың? Қой сұрасаң, қой берем, Тай сұрасаң, тай берем, Зат сұрасаң, зат берем. Ат сұрасаң, ат берем. Батырлығың байқалса. Сауыт берем Ақберген. Мұратыңа жете бер, Күннен-күнге өсе бер, Ұзақ болып өмірің, Өміріңнің түйінін, Өз қолыңмен шеше бер. Әумин.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Мұсылмандық - бұл міндет, Құтты болсын бұл сүндет. Өмір жолы – ұзақ жол, Ұзақ жолда талмағын. Еңбек, өнер, ғылымда, Қатарыңнан қалмағын, Биік болсын талғамың. Халқың сыйлар адам бол, Орындалсын арманың. Мұсылмандық – ұлы міндет, Құтты болсын бұл сүндет! Баланың сүндет тойы құтты болсын, тезірек ер жетіп, имандылықты бойына сіңіріп өскен елінің айтулы азаматы болсын!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Мұсылман болдың қарағым, Кәне бері қарағын. Шырағын жағар ұлысың, Ата менен ананың. Таудай болсын талабың, Алтын менен күмістен, Жасалсын балық жарағың. Көрімдігін мінеки, Бар ма тағы қаларың? Қой сұрасаң қой берем, Тай сұрасаң тай берем, Зат сұрасаң зат берем, Ат сұрасаң ат берем. Батырлығың байқалса, Сауыт берем ақберен. Мұратына жете бер, Күннен-күнге өсе бер. Ұзақ болып өмірің, Өміріңнің түйінін, ӨЗ қолыңмен шеше бер.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Кішкентайыңыздың бал қылығын қызықтап, аналық мейіріміңізге бөлей беріңіз. Шаңырағыңыздан шаттық-қуаныш, жүзіңізден күміс күлкі арылмасын! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Шілдехана
... құттықтаулар [710] |
Кәсіби мерекелерге [64] |
Дәстүрлі тойларға [77] |
... арналған құттықтаулар [215] |
Жас бойынша [136] |
Басқалары [984] |