Нәрестелі болған қуанышыңыз құтты болсын! Дүниеге шыр етіп келген алтын асықтай ұлыңыз келешекте қырандай алғыр, сұңқардай өр, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет жігіт болып өсіп, әулетіңіздің жарқын жалғасы, шаңырағыңыздың лайықты иесі болар ерге, елінің арқа сүйер еңсесі биік азаматына айналуын тілейміз. Жас сәбидің ата-анасы ретінде жұбайыңыз екеуіңізге деннің саулығы мен жанның жылылығын, таудан биік әкелік жүректің қамқорлығы мен теңізден терең аналық жүректің мейірімін тілейміз. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, құшақтарыңыз қуанышқа толсын!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Шілдехана
Дүниеде тұңғыш перзенттің келуі әрбір отбасы үшін үлкен қуаныш. Өмірге жаңа келген сәби – кеше ғана үйлену тойын өткізген жас-жұбайларды «әке-шеше», ал олардың ата-анасын «ата-әже» атандырып, осы бір шаңыраққа ерекше бір мейірімділіктің нұрын сыйлайды. Олай болса өмірге келген жас сәбидің әке-шешесіне, атасы мен әжесіне мықты денсаулық тілеп, тұңғыштарыңыздың бауы берік болсын дейміз. Ал жас сәбиге тілеріміз: ата-анасының үмітін ақтайтын маңдай жарқыраған ұл болып ер жетсін! Өмірлі болсын!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Шілдехана
Қазақта «балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген сөз бар. Дүниеге сәбидің келуі - өмірдің бір ғанибет – ғажабы деуге болады. Достым, сені әке болуыңмен, ал жарыңды ана болуымен құттықтаймыз. Сендердің шаңырақтарыңды қуанышқа бөлеген дүниеге келген сәбидің бауы берік болсын, өмір жасы ұзақ болсын. тезірек ер жетіп, сендердің қолқанаттарыңа айналсын. Артынан іні-қарындастарын ерте берсін! Ендеше осы кішкентай өмірдің жалғасы және оны дүниеге келтірген ата-анасы үшін! Ұлы ғұламалар «әрбір адам дүниеге келгенде аспанда жаңа бір жұлдыз жанады» деп айтқан екен. Міне, дәл қазір түнгі аспанға нұрын шашып тұратын жұлдыздардың саны біреуге көбейді. Жарық дүние есігін жаңа ашқан мынау періштеміз де сол жұлдыздай жарқырап ортамызға қуаныш алып келді. Өмірге келген сәбиімізге Алла тағалам мықты денсаулық, бақыт, ұзақ өмір берсін. Аман-есен ер жетіп, елінің айтулы азаматы болсын!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Шілдехана
Қадірлі қонақтар! Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелері! Осы ақ дастархан басына адал ниетпен жиналып отырған қонақжай халқым, бүгінгі тойдың қандай той екені баршаңызға мәлім. Сондықтан мынау заманның,бейбіт елдің ақ көгершіні болып өмірге іңгәлап келген жас нәрестенің шілдехана тойы құтты болсын!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Шілдехана
Бала – адамның бауыр еті. Бірін бірі жақсы көретін екі адамның жаны мен тәнінен жаралған бала ерекше ыстық. Отбасы мүшелерінің тату-тәтті өмір сүріп, бір-біріне мейіріммен қарауына негіз жасайтын алғы шарттардың бірі – олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі болса, екінші шарт – перзент. Сондықтан атамыз қазақ «балалы үй – базар» деп орынды айтқан. Адамның бір қызығы – баланы мейірлене иіскеу үлкен бақыт болса, сол бақытқа міне, бүгін сендер де жетіп отырсыңдар. Сол себепті мен сендерге тойларың тойға ұлассын, өмірдегі көретін қызықтарың көбейе берсін демекпін. Менің осы айтқаным той – тілегім үшін дастархандағы дәмнен алып отырыңдар!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Шілдехана
Көк аспандағы жұлдыздарға жаңа бір жұлдыз, жердегі адамзат қатарына тағы бір адам қосылды. Өмірге шекесі торсықтай сәби келді! Бейбіт елдің ақ көгершіні болып дүние есігін ашқан сәбиіміздің бауы берік болсын! Маңдайы жарқыраған ұл болып ер жетіп, ата-анасының ғана емес, бүкіл елінің мақтаныш етер Азаматына айналсын! Қуаныш құтты болсын, ұзағынан сүйіндірсін! Әрбір басқан қадамы оңғарылып, Қыдыр ата қолдап жүрсін.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Шілдехана
Баланың көңілі жай болсын, Мың жылқылы бай болсын. Айдағаны қой болсын, Шайнағаны май болсын! Азын-аулақ дәулеті Күнде өзіне той болсын. Жұртта қалған жұрыны Домалап келіп қой болсын! Жұртта қалған тулағы Тулап келіп тай болсын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Құтты болсын бесігің Артық болып несібің. Дастарханың жайылып, Ашық болып есігің, Өре берсін балалар. Дұшпандарың болмасын, Күншілдікпен табалар. Алпамыстай тағы да, Ұл артынан ұл тапқын. Жарқыраған Шолпандай, Қыз артынан қыз тапқын. Құтты болсын бүгінгі, Шілдехана тойларың. Тілектерін қабыл боп, Орындалсын ойларың.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Құрметті құда......., құдағи....! Таудан аққан тас бұлақтың суы қандай мөлдір, Қандай таза! Сәт сайын жаңарып жатқан ағын суда мін бар ма? Біз үшін сіздердің жандарыңыз да дәл осындай – сәт сайын жаңарып жататын кірсіз әлем! Баламыздың көңілі құлапты,қызымыздың жаны ұнатты – екі асыл қосылды! Бақ ауысады, ырыс жұғысады деген, жұрнағымыздың жапырағы жайылып, тамыры тереңдегендей! Сіздерге ұқсаған елдің қамын ойлайтын аптал азаматтар болсын, құдалар! Екі үкіміз теңін тапты деп менің жүрегім қуаныштан жарылғалы тұр. Тең-теңімен деген емес пе! Осы қуаныш тілегімді «Бәрін сәтімен орайластырған Жаратушы баянды бақыт берсін» деп аяқтағым келеді.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 1.0
Санаты: Құда түсуге орай
Байлық, дәулет,бақыт туралы әңгіме қандай көп. Сондай бірінде «Бай – байға құяды, сай – сайға құяды, шұқанаққа түк жоқ» депті бір ел ішінде жүрген елеусіз Дана. Екінші бір Дана «Бай мен бай құда болса арасында дәнекер болып жорға жүреді, кедей мен кедей құда болса арасында дәнекер болып дорба жүреді, бай мен кедей құда болса бір-біріне қарай зорға жүреді» депті. «Барлық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді». Ұл-қызымыз «тереземіз тең» деп қосылса – не тұрыс бар, ендеше төскейде малымыз қосылсын, сырласып жанымыз қосылсын! Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын! Егіз арна қосылды – аяғы теңіз болғай! Бауда ойнаған екі құлынымыз бір ноқтаға бас сұқты – аяғы сегіз болғай! Біздің ұлымыз – Сіздікі, Сіздің гүліңіз – біздікі! Барша гүлдің сыйлайтын ләззаты – бір, сұлулық.Ұл-қыз –перзент, ортақ немере сүйіп қуанышымызды бір етелік! Көзіміздің ағы менен қарасы қос қошақанымыздың бақыты үшін келіңіз, төс түйістіріп құшақтасайық, құдалар!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Құда түсуге орай
... құттықтаулар [710] |
Кәсіби мерекелерге [64] |
Дәстүрлі тойларға [77] |
... арналған құттықтаулар [215] |
Жас бойынша [136] |
Басқалары [984] |