Материалдар санатында: 37 Материалдар көрсетілді: 21-30 |
Беттер: « 1 2 3 4 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Ағам қырыққа толғанда Таң күліп, Жұлдыз жанып пейіліңе, Халықтың кірдің, сірә, сеніміне. Бұл күні салауатты жігіт көрем, Басылған жастық шақтың желігі де. Жеңгеміз Жүр көшіңді өрге сүйреп, Келеді тірлігіңнің керуені боп. Жаныңда құлындарың шапқылап жүр, Ойлағын бір құдайдың бергені деп.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Пейілің кең ешқашанда жұтамас, Қонақ келсе төріңді ұсын, құшақ аш. Бауырларың – жал құйрығың, қанатың, Қанаты жоқ қыран көкке ұша алмас.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Биігіне шығып талай асқардың, Өз салаңды адалдықпен басқардың. Ұл-қызыңды сұңқар құстай түлетіп, Жолын аштың соңыңа ерген жастардың. Келе жатқан асқар тауды сағалап, Секілдісің төрт тұяғы тағалы ат. Ұрпақтарың ұлық тұтыт өзіңді, Отбасыңа сая болсын Сағадат
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Әрбір ісіне адалдықты ту етіп, жеке басының ақыл-парасатымен кейінгілерге үлгі бола білген сүйікті әпкемізді мерейлі жасымен құттықтай отырып, отбасының берекелі, бала-шағасының аман болуына, денсаулығы мықты қалпында ұзақ жасауына тілектеспіз. Әпке, елге сыйлы, туыстарыңызға бауырмал, әрдайым көпшіл қалпыңыздан айнымаңыз! Жан әпке, қашаннан-ақ жаны жақсым, Шыққандай жанарыңнан жадырап күн. Ең алғаш сен туып, қуантыпсың Жандарын біздің үлкен шаңырақтың. Естияр боп тірлікте баянды кем, Еркелетіп бәрімізді аялап ең. Жарың кетті бақиға, сен қамықпа, Бұл күнде таласуда немерелер құшаққа кең. Балаларың – мәңгілік қуанышың. Ұстаздық бақытың бар – жұбанышың. Бір сені саф алтыннан кем көрмейміз. Нағыз алтын жарқырап тұрады шын!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Шақырып асқақ арман, дулы дүрмек, Жүресіз жүректерден жылу іздеп. Алатау – арқа сүйер ағамызсыз, Жалғайтын жолыңызды ініңіз көп. Ізетті қалпынан еш өзгермеген, Инабатты, көлденең сөзге ермеген. Жақсылық жасадым деп дандайсымас, Бәрінде парасатпен безбендеген. Мәрт жүрек әспеттеген сырласын әр, Қозғалмас тау қозғалса тұлғасы бар. Өзіңдей көріп жұрттың барлығын да, Жасауға бір жақсылық күнде асығар. Дауырығып бостан босқа ісінбеген, Өзгеге көлеңкесін түсірмеген. Адамсыз шен-шекпенге қызықпаған, Әр сөзің дәлелденген ісіңменен. Бүкіл жұрт мәрттігіңді қылған аңыз, Алтынмен жазылыпты жылнамаңыз. Құрметтеп, хан көтеріп төбемізге, Ағажан, өзіңізден үлгі аламыз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Ал, Аға, құтты болсын 50 жасың, Әр уақытта домалап өрге тасың. Ұшырған бәрімізді осы ұядан, Әрдайым аман болсын алтын басың. Шаңыраққа ие, біздерге аға болар, Ағасы бардың дейді жағасы бар. Өткізіп өміріңді қызықпенен. Келешек қосағыңмен қоса ағар. Айтарымыз ақ шашты анамызға Мерей той куәгері балаңыз да. Осындай қызықтарға куә болып Жүре бер әрдайым ортамызда.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Ардақ тұтар абзал ағамыз ер-азаматтың кемел жасы елуге толуы - біз үшін үлкен қуаныш. Ағайынға, жақын-жұрағатқа, қызметтес әріптестеріне ғана емес, өзін білетін барша жанға сыйлы, беделді ағамызды және онымен өмірдің қызық-қуаныштарын бірге бөліскен асыл жеңгемізді адал көңіл, ақ ниетіммен құттықтаймын. Тағдыр ұзағынан сүйіндірсін, шаңырақтарыңыздан лайым шаттық, құт-береке үзбесін, мерейлеріңізді дәйім үстем етсін, балаларыңыздың қуанышына кеңелтсін.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Өмірінде күйбең тірлігін ойламай ағайынның бірлігін ойлайтын, Мал-мүлік, дүние жинамай достың сырын тыңдайтын. Дастарханы жиылмайтын, Көк шәйнегі суымайтын, Шаңырағынан немерелердің Сыңғыры, шуы тыйылмайтын, Апамыздың туған күні құтты болсын!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Біздер үшін Сіз отырған төр қызық, Соңыңыздан бәрімізді ергізіп. Жүзден асып, жасай бер деп тілейміз, Немерелер, шөберелер өргізіп.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Қазақтың кең даласы жүректі, Барша жанға аппақ, таза тілекті. Бір атаның би ағасы бұл ағам, Жер бетіне қаншама әсем гүл екті. Қайырымды қолын созған сан досқа, Бұл адамға жыр жазбадым мен босқа. Бұл ағама арналатын сөз басқа, Бұл ағама айтылатын ән басқа! Сізге біткен ой құнарлы, тіл нұрлы, Өнегесін жас ұрпаққа білдірді. Жібергендер қолтығынан Сіз демеп, Алатауға ту қадап та үлгерді. Әлдекімдер жоғалтса ұят, қиса арын, Жолға салдың, түзеп мінін, қиқарын. Тасқан жанның тас қамалын талқандап, Мұңды жанның маңдайынан сипадың.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Ата-анасына [54] |
Туыстар [37] |
Ғашығыма [32] |
Әріптестеріне [31] |
Достарына [19] |
Әжелерге немесе аталарға [17] |
Күйеу балаға немесе келінге [8] |
Ағасы немесе қарындасына [6] |
Немерелерге [4] |
Бажа-абысындарға [4] |
Көршілер [3] |
Әмбебап құттықтаулар [0] |
Жұбайына [0] |
Ұлы немесе қызына [0] |