Материалдар санатында: 32 Материалдар көрсетілді: 11-20 |
Беттер: « 1 2 3 4 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
«Ғашық етер қос жанды сезім дейді, жүрегім алып-ұшып сені іздейді»; «Махаббатың жебесі жүрегіме қадалды, өмірімнің бар мәні сол сезімнен нәр алды»; «Жүрегімде жазулы тұр есімің, енді өзің айт, сүйген сәулем, шешімін»; «Ғашықпын мен, шын ғашықпын өзіңе, сенші сәулем, жүрекжарды сөзіме».
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ғашығыма
Жүрмейді тек жүрекке әмір бөтен, Шын сезім-қол жетпейтін тәңірге тең. Өксікпе өте шығар сүрген өмір, Егер де махаббатты жәбірлесең.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ғашығыма
Тосылам айтуға тіл жетпей, Тұр сезім ақылға билетпей. Тұңғиық ойларға батырдың, Ұлылар қалдырған суреттей. Сұлулық алдында бас ұрдым, Келмейді сырымды жасырғым. Мендегі оятар шабытты, Муза ғой әр талы шашыңның. Сезімге мендегі тіл бітті, Түлеттің, гүл еттің тірлікті. Көздерім - елшісі жүректің, Жасыра алмайтын шындықты.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ғашығыма
Тек өзіңсің сырларым да ақылшым, Өзге арудан жүрегіме жақынсың. Бір сен үшін аттанамын бел буып, Мейлі қандай қиын сапар шақырсын. Саған төгем жүрегімнің жылуын, Сенсіз маған өмір, шаттық-тұл ұғым. Мен қай жаққа аттанбайын бәрі бір Күтіп тұрар сенің табалдырығың.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ғашығыма
Бұйығы тартқан қалпым бар, Болған соң саған шын ғашық. Сен барда – жаным жарқылдар, Жоқ болсаң – қалар мұң басып. Сұрама оның себебің, Сыры бар жұмбақ, астарлы. Жарқырап тұрар әдемі, Жұлдызы сенсің аспанның. Ойларға батқан кезімде, Үздігем қара көзіңе. Бөлейтін іңкәр сезімге, Бақыттың кілті өзінде!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ғашығыма
Жастықтың шамы – махаббат, Бақыттың дәмі – махаббат. Сүюдің ұрса киесі, Жанарлар өтер боталап. Махаббат – мәңгі таусылмас, Мүскінге мойын ол бұрмас. Жүрекпен адал сүйгендер Сезімнің гүлін солдырмас. Махаббат – асыл гауһар тас, Махаббат жыры таусылмас. Жалын боп жанған ғашықтар Бір-бірін жолда қалдырмас. Жүректің нәрі – махаббат, Сыйластық мәні – махаббат. Тірлікке тірек болатын, Өмірдің мәні – махаббат!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ғашығыма
Мен сенсіз өмірімді елестете алмаймын мүлде, мүлде. Екеуімізде таң мен түс, түнде бірге. Жүрек сырын шертуден басқа адаммен, Өңім түгіл, ойлауға жасқанам мен. Мен мынау дүниенің келең кезі, асуларын, Асулардан қиналсаң қасыңдамын. Жүрегінен жаралайды ғашық жаным, Махаббаттың әуелі жасыл бағын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ғашығыма
Мен сені сағынғанда, Қарамай жауындарға, дауылдарға. Қарсы қарап жүземін ағындарға, Кеудемде қимылдаған жаным барда. Мен сені сағынғанда, Бір минутта қақым жоқ дамылдарға. Сағыныштың сағымын жамылғанда, Қарамай қара нөсер қағынғанға, Саған ұшам, қалмайды сабыр жанда, Мен сені сағынғанда, сағынғанда.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ғашығыма
Ғашықпын, шын ғашықпын сол адамға, Мен болмасам болмайын, сол аман ба? О, тәңірім неткен жан қайрылмайтын, Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба? Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам, Бір алтын оның әр тал шашы маған. Сағынайын, таусыла сағынайын, Сағынышқа жаралған ғашық адам.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ғашығыма
Шығармай тысқа тартып ұстадым, Сезімнің ыстық шарпылыстарын, Көрдім де сені, мойындап қалдым, Бүкіл әлемдік тартылыс заңын. Көр соқыр болдым, көрдім де сені, Қаперге кірмей елдің де өсегі. Өзімнен өзім күлемін кейде, Сілкінген жердей жүрегім бейне. Мына жұрт, мүлдем жайбарақат қой, Сүймей-ақ өмір сүремін дей ме? Себепсіз сағат санап қаламын, Қалайша сенсіз тағат табамын. Өзіңді ойлап, өзіме бойлап, Таусылмас томдай парақталамын. Қиялда бірге қонып ұшамыз, Сабылысамыз, сағынысамыз. Бары рас болса тартылыс заңы, Түбінде біздер жолығысамыз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ғашығыма
Ата-анасына [54] |
Туыстар [37] |
Ғашығыма [32] |
Әріптестеріне [31] |
Достарына [19] |
Әжелерге немесе аталарға [17] |
Күйеу балаға немесе келінге [8] |
Ағасы немесе қарындасына [6] |
Немерелерге [4] |
Бажа-абысындарға [4] |
Көршілер [3] |
Әмбебап құттықтаулар [0] |
Жұбайына [0] |
Ұлы немесе қызына [0] |