Әріптестеріне

Материалдар санатында: 31
Материалдар көрсетілді: 11-20
Беттер: « 1 2 3 4 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Әріптестеріне"
0
Кемелді келешекке қарышты қадам басқан
Отанымыздың бас қаласы – Астананың жоғары талаптары
әр азаматқа ауқымды да аса жауапты міндеттер жүктейді.
Осы ретте халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де
қашанда өзекті саласы – /саланың атауы/
дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы
аянбай еңбек етіп келген Сіздің тұлғаңыз
алдыңғы қатардан орын алады.
Сіз байыптылығыңыз бен іскерлігіңіз,
кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары біліктілігіңіз
әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі мамансыз.
Осы қуанышты күнде шын көңілден шыққан ізгі-ниет,
ақ тілектерімді қабыл алғайсыз.
Бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр,
еңбегіңізге таусылмас табыстар,
отбасыңызға ортаймас бақ-ырыс тілеймін!
Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
Санаттан алынған материалдар "Әріптестеріне"
0
Сіздің бүгінгі қуанышты сәтіңіз - туған күніңіз  құтты болсын!
Көлік қызметкерлері қашанда халыққа барынша сапалы,
жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді мақсат ететіні анық.
Бұл салада Сіз өз білімділігіңізбен, тәжірибелілігіңізбен,
адал еңбегіңізбен ерекшеленіп келесіз.
Сізге таза көңілімнен шыққан ізгі ниетімді білдіре отырып, бақытты да баянды ғұмыр, жемісті де жеңісті күндер, қажымас қажыр-қайрат,
талмас талап-жігер тілеймін.
Әрқашанда деніңіз сау, көңіліңіз жайдары,
отбасыңыз берекелі болсын!
Санаттан алынған материалдар "Әріптестеріне"
0
Біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып,
білім беру ісіне сүбелі үлесіңізді аянбай қосып келесіз.
Сізге ақ ниетпен қартаймас жайдары көңіл,
мәнді де мағыналы өмір, жемісті еңбек пен сарқылмас қуат тілеймін. Көңіліңіз шаттық пен қуанышқа, жанұяңыз бақ пен берекеге толсын.
Санаттан алынған материалдар "Әріптестеріне"
0
__________ жасқа толған мерейлі тойыңызбен
шын жүректен құттықтай отырып,
жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз!
Сіз денсаулық саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп,  тындырымды істер атқарып келесіз. Әріптестеріңізге осы бір маңызды саланың қыр-сырын үйретуден жалыққан емессіз. Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын деген ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, дәулет-ырыстың Сыр суындай сарқылмасын, табыс-тартулардың тау суындай таусылмасын тілейміз.
Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
Санаттан алынған материалдар "Әріптестеріне"
0
Сізге осы қуанышты сәтте өмірде бақытты,  ұжымда беделді,
дос-жолдастарыңызға қадірлі де сыйлы болуды тілейміз!
Әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, алға қойған
үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз.
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық-қуанышыңыз мол болсын!
Санаттан алынған материалдар "Әріптестеріне"
0
Бүгінде Сіз көлік саласының тәжірибесі мол,
біліктілігі жоғары,  беделі зор мамандарының бірісіз.
Сапалы қызметіңіз бен ұтымды істеріңіз,
аса қарапайым мінезіңіз бен байыптылығыңыз, 
азаматтық бітім-болмысыңыз да үлгі тұтарлық. 
Сізге жүрер жолыңыздың ұзақ, асар асуларыңыздың биік,
көрер қызықтарыңыздың мол болуын тілейміз!
Санаттан алынған материалдар "Әріптестеріне"
0
Сізді туған күніңізбен  шын жүректен құттықтай отырып,
әріптестеріңіздің ізгі көңілінен шыққан ақ тілектерін жолдаймыз!
Ұжымыңыз Сізді білікті де білгір, тәжірибелі де озық, сыйлы да беделді маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Осы қуанышты сәтте Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз. Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Отбасыңыздан береке-бірлік, басыңыздан бақ-дәулет таймай, аңсаған армандарыңыздың асуына жете беруіңізге тілектеспіз!
Санаттан алынған материалдар "Әріптестеріне"
0
Туған күніңізге орай әріптестеріңіздің ақ көңілінен шыққан құттықтаулары мен жылы лебіз-тілектерін қабыл алыңыз.
Жас та болсаңыз, өзіңіздің еңбек етіп жүрген салаңызда білікті де білгір маман ретінде танылып үлгердіңіз.
Санаттан алынған материалдар "Әріптестеріне"
0
Осы айтулы сәтте Сізге  келешекте мамандығыңыздың үздік шебері атанып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз. Өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос-жолдастарыңа қадірле де сыйлы боп  тек биіктерден көріне бер!
Санаттан алынған материалдар "Әріптестеріне"
0
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз!
Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,
Арта берсін абырой-беделіңіз!
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.