Орыс тіліне аудармасы қоса берілген тілектер - Басқалары - Қазақ тіліндегі құттықтау сөздер мен тілектер








Орыс тіліне аудармасы қоса берілген тілектер

Материалдар санатында: 272
Материалдар көрсетілді: 21-30
Беттер: « 1 2 3 4 5 ... 27 28 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Ал баршаларыңыза тілейтімін:
Әр отбасына, , шынайы көңілмен бақыт-береке тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

 
Всем присутствующим, каждой семье, от всей души, желаю счастья и добра. Спокойствия и процветания нашему народу!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Бар тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын!


Пусть исполнятся все ваши мечты и желания!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Шын жүректен бақыт пен табыс тілейміз!


От чистого сердца желаем счастья и успехов!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Сізге және туыстарыңызға денсаулық пен қуаныш, амандық пен бақыт тілеймыз.


Желаем здоровья, радости, благополучия, счастья Вам и вашим близким!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Әр күніңіз қуанышты болсын!


Пусть каждый Ваш день будет радостным!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Дендеріңіз сау, бай-қуатты, бақытты болаңыздар!


Будьте здоровы, богаты и счастливы!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Сіздің үйдің дастарқаны әрқашан дәмге толы болсын!


Пусть Ваш дастархан будет всегда изобилен!
Санаттан алынған материалдар "Үйлену тойына орай"
0
Құрметті ______________! 
Сендердің заңды некелерің құтты болсын. Сендерге Алатаудың шыңындағы ақ қардай таза пәк көңіл, сол шыңдардан сарқырай аққан кәусар бұлақтай мөлдір махаббат тілеймін. Сендерге алтын күздің ырысын, денсаулықтың қыстай мықтысын, көктемдей көл-көсір өмір, жаздай жадыраған өмір тілеймін. Қыздарың моншақты, ұлдарың оншақты болсын. Шаңырақтарыңның керегесі кең, терезесі тең, босағасы берік, еңсесі "Келісім сарайындай" биік болсын!


Дорогие ____________________!
Поздравляем вас законным браком!
Желаем вам чистой любви как снег вершин Алатау, кристально чистой любви как ручьи Алатау. Желаем достатка. Крепкого здоровья как мороза зимнего, весенней жизни и тепла летнего зноя. Чтобы были дочери бусинки, и десяток мальчиков. Желаем всего наилучшего, что есть на земле!
Санаттан алынған материалдар "Үйлену тойына орай"
0
Сіздерді бүгінгі некеге отыру салтанатымен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі – отбасын құрып, өз алдарыңызға отау тіктіңіздер. Яғни, бүтіндей бір мемлекеттің тәуелсіздігін жарияладыңыздар. Сіздер құрған жас мемлекеттің Отанымыз Қазақстан секілді бай-қуатты, іші тату, сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, бар мүшесі бақытты болуына тілектеспін.
Үйлену – тек неке қию емес, маңызды әлеуметтік оқиға, үйлену – екі жастың бір-біріне тағдырларын сеніп тапсыруы. Жас отау иесі Жарқын осы сәттен бастап, өзі сүйіп қосылған Дина жұбайының болашағына тікелей жауап беретін болады. Отбасын құру – өте үлкен жауапкершілікті жүктейтін іс. Жұмыста өзін жауапкершілігі мол қызметкер ретінде көрсеткен Жарқын, жанұяда да осындай қасиетімен дараланатынына сенімім кәміл.
Алла Сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір ете көрсін! Жұптарыңыз жазылмасын. Ата-ана, туыс-туған, дос-жарандарға сыйлы, үлгілі жанұя атаныңдар. Махаббат айдынындағы сапарларың сәтті, бақыттарың баянды болсын!


В народе говорят: «Родина начинается с семейного очага!» Сегодня вы, маленькая модель нашего государства, соорудили очаг и пошли в самостоятельную жизнь или же объявили, что создали ещё одно независимое мини-государство. Пусть вам будет так же уютно и тепло в вашем мини-государстве, как живётся многочисленным народам в нашей многонациональной республике.
Женитьба – это не только штамп в документе, не просто расписаться. Женитьба – это событие государственного масштаба. Женитьба – это когда два человека вверяют свои судьбы, себя самого другому всецело и навсегда. Молодожён____________ с этого момента в полном согласии и любви берёт на себя обязательства за будущее своей невесты _____________. Создать семью – это взять на себя высочайшую обязанность. Если ________ показал себя на работе очень ответственным, то и в совместной жизни на него можно будет положиться.
Дай Бог, чтобы ваша любовь и вера друг в друга были долгими, оставайтесь вместе, а сердца бились в унисон. Пусть ваша семья станет образцом для ваших родителей, близких и друзей. Желаем вам, чтобы ваш путь по стране любви был долгим и счастливым, а о вашем счастье слагались легенды.
Санаттан алынған материалдар "Үйлену тойына орай"
0
Тілектеріміз періштенің құлағына шалынып, қабыл болсын.


Пусть услышат наши пожелания ангелы и примут их с благосклонностью.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.