Материалдар санатында: 11 Материалдар көрсетілді: 11-11 |
Беттер: « 1 2 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғаның естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер малым, мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар, - дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады: - Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болды – маған екі көздерің керек, - дейді қолбасы, - екі көзіңді ойып аламын! - Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Сөйтіп, әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: - Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті. Мен де сізге осындай жанын аямайтын, жолдасын жауға тастамайтын қазақтың жауынгерлерінің достығын тілеймін.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Отан қорғаушылар күні
Мұғалімдер күні [29] |
Медицина қызметкерлеріне [11] |
Отан қорғаушылар күні [11] |
Ұстаз күні, мектеп бітіру [10] |
Баспасөз қызметкерлеріне [2] |
Қаржыгерлерге [1] |