Кемелдік (37-49)

Материалдар санатында: 11
Материалдар көрсетілді: 1-10
Беттер: 1 2 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Әріптестеріне"
0
Сізді 45-жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз көп жылдан бері ..................... саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азаматсыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік  қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде кең байтақ еліміздің бас қаласы – Астананың ірі кәсіпорындарының бірін шебер басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады.  Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас  несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Ат жалын тартып қамал бұзатын 40 жасқа келген
туған күніңіз құтты болсын!
Сіз талап пен  жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден озып дараландыңыз.
Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз.
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын,
отбасыңыз берекелі, әр күніңіз мерекелі болсын!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Қырық жасқа толғаның –
Қырдан асып қалғаның.
Арманыңды жалға мың,
Бақ сыйласын алды күн.
 
Өмір мәнін шын ұқ та,
Қиялға өрле қырықта.
Өсиетін бабалар
Ешқашанда ұмытпа.
 
Қызығы көп қырықтың,
Өмір алға басты анық.
Гүлі жайнап үміттің,
Жүр әрдайым жас болып.
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Беу, досым, құтты болсын қырығыңыз,
40-тың бақшасында қыдырыңыз.
Берері аз болмасын бес күн жалған,
Алқызыл гүлдей болсын ғұмырыңыз.
Елу мен алпыста да нар болғайсың,
Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың.
Тоқсанның төбесіне шыққан шақта
Немере-шөберелі шал болғайсың.
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Келіншек қырыққа толғанда
Кезің жоқ-ау кісі көңілін қайтарған,
Мінезіңе дос пейілі марқайған.
Қызыл гүлсің ел сүйсініп қызығар,
Бәйтерексің жапырағы жайқалған.
 
Үміт отын балаларға жағасың,
Құлындарын әлпештеген анасың.
Жарың үшін бәйек болдың күні-түн,
Жүрек пенен жүрек тауып жарасым.
 
Әрі сырлас, әрі досың құрдасың,
Арман құсың аялдамай қырға ассын.
Немере сүй, шөбере сүй, гүл жайнап,
Шаңырағыңның ұйытқысы бол, қымбаттым.
 
Жарың жүрсін ажарыңа сұқтанып,
Шаттығыңа бола берсін жұрт қарық.
Жұмыр деген бар бақытын тілеймін,
Достық туын аласартпай ұста нық!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Бір досым: «Осы мен адамдарды түсінбеймін: әр жылы туған күнін тойлайды, сонда олар бір жылға қартайғанына қуанады ма?» деп еді.
Бүгінгі туған күн иесіне қарап отырып, сол досымның жаңсақ пікір айтқанына тағы да көзім жетіп отыр.
Әр жылы туған күнін тойлауға жеткен адам – бақытты. Адам әр жаңа жылға жеткеніне қалай қуанса, туған күнінде де солай қуануы керек.
Әр жастың өзіне тән бақыты, қуанышы, игілігі, ерекше сыйы болады. Сондай игіліктерге аман – есен жеткеніне неге қуанбасқа!
Қарапайым ғана мысал: біз бала күнімізде туған күнімізді достарымызбен, сыныптастарымызбен бірге тойлап өткізсек, есейе келе қуанышқа ортақтасатын қадірлі жандарымыздың қатары молая түсті.
Міне, бүгінгі туған күн кешінде қонақтардың арасында жаңа таныстар, жаңа туыстар пайда болғанының куәсі болып отырмыз. Бұл дегеніміз – туған күн иесінің өмірінде былтырғы туған күнінен бері қарай біршама жаңалықтар болғанын, араласатын ортасы кеңейгенін, тілеулес жандардың қатары артқанын байқаймыз. Мұндайдың өзі бір ғанибет емес пе!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Емен ағашы – жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қалың қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң, бойын қайта тіктеп, жапырағын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.
Бүгінгі туған күн иесі де осы қайың ағашы тәріздес - өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.
Досым, алдағы өмірде де абыройың артып еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытты ғұмыр кеше бер!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Бүгін сенің туған күнің – төл мерекең, қуанышың. Біз сені осы мерекеңмен құттықтап, қуанышыңды бөлісуге келіп отырмыз.
Егер қып-қызыл шоққа май тамызсаң, лапылдап жанады, ал су тамызсаң – бықсып сөнеді.
Бауырым, сенің бағың сол бір тамшы маймен-ақ жансын, сол бағыңнан шыққан жалын сенің өміріңді жарық етсін! Бақытты бол!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Алла тағала дүниені жаратып, әрбір тіршілік иесінің өмір жасын белгілегенде адамға 25-ақ жыл өмір. Ал жылқыға, итке, т.б. аңдарға 50 жылдан беріпті. Адам өзіне берілген жасты қанағат тұтпай, жануарларға барып жарты жастарын сұрап алыпты.
Міне, содан бері адам ұқсап 25 өмір сүрсек, 25 жыл жылқыға, 25 жыл итке, ал кейінгі 25 жылымыз маймылға ұқсап жұртқа күлкі болып ғұмыр кешеді екенбіз.
Бүгінгі туған күн иесіне адамға ұқсап 25-ақ жыл емес, 100 жыл өмір сүр, ғұмырың бақытты да баянды болсын деп тілеймін!
1-10 11-11
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.