Материалдар санатында: 40 Материалдар көрсетілді: 11-20 |
Беттер: « 1 2 3 4 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Бүгінгі күн - бөлектеу күн, маңызды, Маңыздысы - бүгін туған жан ізгі! Алпыс мәрте Күнді айналған жұмыр Жер, Сізге бақыт тілеп тұрған тәрізді. Ренжітпей үлкенді де, кішіні – Жүрегімен түсінетін кісіні. Мынау өмір жұмақ болып кетер ед, Сіздей болса бар адамның пішіні. Қарапайым қалпын сақтап биіктік, Ұл – қызы мен отағасын иітіп. Ана болып, пана болып отырсыз, Бір әулетті ұйытқыдай ұйытып. Сізге қарап бой түзейді қыздар да, Сіз күлгенде ерімейтін мұз бар ма! Иман бар деп, иба бар деп иланам, Ортамызда күлімдеген сіз барда. Бүгінгі күн – бөлектеу күн, маңызды, Маңыздысы – бүгін туған жан ізгі! Төбеңізге Құдай келіп,шашу қып, Аппақ нұрын шашып тұрған тәрізді.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Ел үшін еңбек еттің, аянбадың, Сол жолдың бар бақытын баяндадың. Жарқырап, ұл-қыздарың – жұлдыздарың, Алпысқа аппақ Айдай аялдадың. Аңқылдап қуана бер, ақтарылып, Басыңа жарқырасын бақ та күліп. Әке болдың асқар тау – тұғырыңда, Ата бол, алпыс жаста атқа мініп. Немерең топтан озып, бәйге алғанда, Шөберең аспандағы айды алғанда. Тағы да дүркіретіп той жасармыз, Өзіңіз абыз шалға айналғанда.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Желіп шық 70 жастың желкесіне, Шаттықтан шалқи берсін шаңырағың.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
60 жас мерейтойың құтты болсын, Дос-жаранмен әрқашан орта толсын. 70, 80, 90 мен 100-ге жетіп, Басыңызға Қызырдың бағы қонсын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Жамалға /қайын апама/ тарту 50 деген жарты ғасыр бұл өмірде, 50 деген алтын той некеліге. Елу жылда - ел жаңа деген сөз бар Сол елуге өзің де келдің міне. Қыздарың қиясына қонып жатыр Келін алып жылы суға қолың батыр Дүниеге келе берсін Таңғалиевтар Алданыш қып солармен таңыңды атыр. Құтты болсын мерей той, 50 жасың Әр уақытта домалап өрге тасың, Қосағыңмен қоса ағарып, шөбере сүй, Ешқашанда көңіліңді кір шалмасын. Тілерім ашық аспан, жұлдызды түн, Жылдан жылға жақсарып денсаулығың Немерелеріңнің қызығын қызықтай бер, Атанып куәгері алтын тойдың.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Қызмет етіп, жан аға, елге күнде, Еңбегіңмен биікке өрледің бе. Зор денсаулық, мол бақыт тілейміз біз Ердің жасы - елуге келгеніңде. Зымырандай зуылдап барады күн, Көңіліңнің қалауын табады інің. Елу жаста болыңыз ел ағасы, Бойға жиған бабалар даналығын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Елуге келіп елге білінгенің, Ақсақалдық атқа осы ілінгенің. Қалың елің қаумалап келіп отыр, Тойларың тойға ұлассын, інім менің!...
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Елу – деген жүздің нағыз жартысы, Елу деген – даналық қой, ол анық! Оған жетсе елжірейді әр кісі. Құттықтайды бар ағайын қол алып. Ұрпағыңыз жүрсін дейміз аяқ жаққа оралып, Қуаныштың қамқасына жүріңізші оранып!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Елу жас - ердің жасы Артта қалды бес асу мен бес белең, Өрге тартып барады өмір-көш деген. Елу деген – ердің жасы қызулы, Жастық шақтың соңғы оттары өшпеген. Дуылдатып дулы ортаның дүрмегін, Бір ғанибет жарқ-жұрқ етіп жүргенің. Елу деген – ердің жасы ең кемел, Арысым деп арқаланар нұрлы елің. Жұлдыз жанып, пейіліңе таң күліп, Күз де жетті сыбаға алып, сән құрып. Қалпыңыздан айнымаңыз – шат көңіл, Басыңыздан бақ кетпесін мәңгілік. Елу деген – ердің жасы еңселі, Елу деген – парасаттың өлшемі. Жарқылдасаң самғап ұшқан сұңқардай, Азамат деп мақтан тұтар ел сені. Тірлік – теңіз, ес елудің ескегін, Әнге толсын, күйге толсын кештерің, Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас, Қол соғады барша әріптестерің. Елу деген толы той мен думанға, Тау секілді көрінеді тұлғаң да. Құшақ-құшақ гүлін алып келіпті, Ақ көңілмен бауыр, туыс-туған да. Елу деген - ес тоқтату, есею, Елу деген – елдің жүгін көтеру. Туған күнмен құттықтаймыз өзіңді, Қанжығаңа ілінсін деп қос елу.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Асыл Әке, ардағы ұл-қызының, Бәрін болжап жүретін алдағының. Қамқорымыз Сіз келіп 60 жасқа, Қуантып отырсыз ғой бізді бүгін. Анамыз Айшаменен қанаттасып, Жүріңіз әр күн сайын алға басып. Сіздерді мақтан етіп біз тұралық, Мөлдір бұлақ суындай асып-тасып. Жан Әке, құтты болсын 60 жасың, Біз үшін ардақты ғой алтын басың. Немереден көріңіз шөберені, Жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Туған күнге тілектер [0] |
Балдәурен (13-ке дейін) [15] |
Жас дәурен (13-25) [32] |
Жігіттік (25-37) [8] |
Кемелдік (37-49) [11] |
Парасат (49-61) [40] |
Аталық (61-73) [13] |
Қарттық (73-тен кейін) [17] |