Парасат (49-61)

Материалдар санатында: 40
Материалдар көрсетілді: 31-40
Беттер: « 1 2 3 4

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Өтесің, алдамшы өмір, оны білем...
Тосқанмын келетінін күздің күрең.
Көңіл шіркін, орнында баяғыдай,
Ақ кірсе де самайға, мығым жүрем.
 
Ауырлық бар, денем де жылдам емес,
 Ақылшылар көбейді айтар кеңес.
Табиғат өзінікін алады екен,
Жүгіріп шыға алмайсың, тұрса дөңес.
 
Патша көңіл, сен неге алаңдайсың,
Жүрегім қуан әр кез, қайғы азайсын.
Жайдары көктем, жазым өтсе-дағы,
Алаңдап, биіктерге қарайлайсың.
 
Төрт мезгіл болады екен бұл өмірің,
Сонда да өзгермейді жас көңілің.
Еңбек етіп жүресің дүние жиып,
Төрт құбылаң толса да бар өңірің.
 
Алпысты тал түсім деп аялайсың,
Жан-жаққа бұрынғыдай қарамайсың.
Тілеймін амандығын қосағымның
Мәпелеп ерткелеткен баладайысң
 
Аптығып немерелер шығады алдан,
Жетейік биіктерге ойға алған.
Қос ақққудай 40 жыл бір келеміз,
Асқар шыңға бастасын алдағы арман.
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Не жетсін бақ жұлдызы жағылғанға,
Бастауы берекенің табылғанға.
Биікте болсын әркез жұлдызың деп,
Тілейміз біздің бауыр ..... жанға!
 
Ауылға құт-береке орнағансын,
Ақтерек ардақтайды бел баласын.
Туыңды туған жерге тігіп едің,
Қыдыр-бақ қалай сені қолдамасын.
 
Қалдырып артта қалай қиындығың,
Ауылдың кәрі жасын сүйіндірдің.
Бірлікті, тірлікті де сақтаған ел
Шаттықтың шалқытады күйін бүгін.
 
Қоңыртөбе жағынан жел ескенде,
Есдәулет ақын рухы кеңескенде.
Елін жебеп жүргендей елестейді
Қараш батыр сонау бір белестерде.
 
Арналсын ...жанға ақ-адал күн,
Ер жасы елуіңде бағаландың.
Көркейіп Ақтерегің күннен-күнге,
Рухы қолдай берсін бабалардың.
 
Тұрғанда тағдыр-талай қыл ұшында,
Ауылдың қалдың сақтап тынысын да.
Жұртыңды жұмылдырып бір тілекке,
Таптың сен жұмысын да, ырысын да.
 
...жан, сүйіндірді нар талабың,
Халқыңның ақ алғысын арқаладың.
Жаныңның жақсылығы шуақ шашып,
Бөленсін бақыт-нұрға шартарабың.
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Ізгілікті нұрын шашар манайға,
Адамсыз ғой үлгі болар талайға.
Жақсылықты өзінізден көп көрген,
Ұмытпайды туған-туыс қалайда!

Үлгі болған үлкенге де жасқа да,
Сыйлар сізді туған-туыс, басқа да.
Бақытты боп бұл өмірде мәңгілік,
Қуатыңыз таусылмасын 100 жаста да!

Алпыс - тал түс. Алда әлі талай асулар мен белес-беделдер бар. Сізге жарқын да мағыналы өмір, көтерінкі де кіршіксіз көңіл, денеңіздің саулығың, отбасының амандығың, қызыққа толы ғұмыр кешіп, көпшіліктің ыстық ықыласы мен құрметіне, ризашылығына бөлене беріңіз. Абыройыңыз асқақтай берсің дей отырып, төмендегі өлең жолдарың арнаймыз.
Құтты болсын Балатай жеңге тойыңыз,
Орындалсын мұрат – арман ойыңыз.
Әулетіңнің құрметіне бөлеңіп,
Әрқашанда биік төрде болыңыз!

Жасай бер, жас келседе қартаймаңыз,
Өмірдің кемдігіне мұнаймаңыз.
Күлімдеп алдымызда жүре берші,
Жұмажан ағамыздың шаңырағың нұрландырып!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған айтулы азамат. «Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра» дейді дана халқымыз.
...еке, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен  құттықтаймыз!
Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі - өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда.
Асеке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші «жастық шаққа» да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай қалпыңыздан таймай, өмірдің қызығына кенеліп жүре беріңіз! Той тойға ұлассын!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды тойлап отырсың. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр-жолыңда кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашанда жеңіске жете білдің. Мұндай жетістігіңнің де терең себебі бар деп ойлаймыз.
Мынау бізге көршілес жатқан орыс ұлтында
Қарапайым өмір сүрген жан жүз  жасайды деген сөзі бар. Осынау қарапайым ойдың астарында  мейірімді, жүрегі таза, қиналған сәтте қол үшін
беруге дайын тұратын, құдайынан қорқатын қанағатшыл да иманды адам туралы қаншама түсінік жатыр десеңізші!
Аса құрметті ........ . Сен де сондай мадаққа лайық қарапайым өмір сүретін жанның бірісің! Бүгін Саған осындай дастарханның 100 жасқа толғаныңда да кеңінен жайылсын деген тілек арнағым келеді!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Сізді 60 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз өз мерейтойыңызға лайықты да қошеметтеуге тұрар жетістіктермен келіп отырсыз.
Өз еңбек жолыңызда талай белеске шығып, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз. Таңдаған жолыңызды абыроймен жалғастырып келе жатқан тамаша балаларды тәрбиелеп, өсірдіңіз.
Сіздің өрелі істеріңізді айтқанда ауыз толады, өйткені Сіздің өміріңіз нағыз майталман маманның, ұлағатты әкенің, еліміздің абзал азаматының өнегесі.  Отанымыздың өркендеуі және халқымыздың игілігі жолында әлі де талай тәнті істерді атқарарыңызға кәміл сенімдімін.
Бүгінгі мерейтойыңызда Сізге және туыстарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, еңбекте тың табыстар мен өмірдің асқақ абыройын тілеймін!
Шаңырағыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!
Бақытыңыз баянды, сау-саламат жүргейсіз!
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Құрметті ағай!
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға деп білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық парасат Сізді зор құрметке бөледі. Сіздің жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды. Өмірлік еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, қатар жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ бала-шағаңыз үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз. 
Қадірлі аға! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілден мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
60 жасқа толған әріптесімізге тілек:
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды, жастарға ұлағатты ұстаз, өнегесіз.
Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат,
отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Сізді 60 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы таңда адам өмір жолының асқар биігі – алпыстың шыңына шығып отырған сізді, көпшілік мемлекетіміздің қайраткері, ғұмырын Қазақстан болашағына арнаған зиялы азамат ретінде таниды.
Өмір жолында еңбексүйгіштік, қоғамдық белсенділікпен ерекшеленіп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие ірі тұлға ретінде қазақ халқының игілігіне бөленіп, қызметтің ең қызықты да қиын салаларын атқарып отырған абырой-беделіңізді атап өтпей кетуге болмас.
Бұл жылдар сіздің қоғамдық және жемісті еңбегіңіздің нағыз кемеліне келген кезең болды. Туған елге деген сүйіспеншілік арқылы парасатты да рухы биік ізбасарларыңызды тәрбиелеу жолында дарынды ұйымдастырушы қырынан көрініп келесіз.
Қоғам игілігіне бағыттап отырған ерен еңбектеріңіздің еліміздің нығаюына өзіндік үлесі бар. Осынау игілікті істе қанатыңыз талмасын, қажыр-қаыратыңыз қашанда арта бергей!
Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болғай.
Санаттан алынған материалдар "Туған күнге орай"
0
Жаны жайсаң, көңілі дархан азаматымызды 60 жасқа келген күнімен құттықтаймыз. 
60 жас – адамның кемеліне келіп, алдыңғы толқын ағаларының ізін басып, кейінгі толқын інілері құрмет көрсетіп, ілтипат танытатын, ұл-қыз өсіріп құда-жекжатты болып, немере сүйіп, өрісі кеңейіп, өркені өскен беделді кезеңі. Осындай мерейлі жасқа келген .... ағамызға  тірлікте тұғырыңыздан таймай, әлі де талай асуларды табандылықпен алып, келер қиындықтарды қажырлықпен жеңіп, алға қойған мұраттарыңызға сүрінбей жете беріңіз демекпіз. Асыл жарыңыздың, ұл-қыздарыңыздың қызығын молынан көріңіз, алып мәуелі бәйтеректей жапырақ жайып, өркендей беруіңізге тілектеспіз!
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.