Материалдар санатында: 32 Материалдар көрсетілді: 11-20 |
Беттер: « 1 2 3 4 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Бастарыңыздан бақ, дастархандарыңыздан береке кетпесін!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Шаңырағыңыздан шаттық, босағаңыздан қызық-қуаныш кетпесін!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Деніңіз сау болсын, аспаныңыз ашық болсын. Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерден таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңызға жете берулеріңізге тілектеспіз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Жүзіңізден шаттық пен күлкі үйіріліп, көл бетіне өрнек салған аққудай бақыт бесігінде қуанышты серік етіп, тербеле бер деп тілеймін!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Өзеннің ағысындай, тұлпардың шабысындай, толқынның жарысындай өтіп жатқан әр жылыңыз жақсылыққа толсын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Саған айтар тілек Таусылма еш жүдеп Қиналсаң — төз Жарыссаң — оз Ойнасаң — ұт Күрессең — жық Ешкімді басынба Басыңнан асырма Табысқа тасыма Намысқа жасыма Ешкімді күндеме Ешкімді тілдеме Сөзіңнен танба Қатарыңнан қалма Біреуді даттама Ешқашан кек сақтама Біреуді сыртынан айдама Өсекті тыңдама Шынығып шыңдал Жақсыдан үлгі ал!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Мейлі ғой сенбесеңіз, сенсеңіз де, Еркіңіз көнбесеңіз, көнсеңіз де, Арулар қартаймайды ешқашанда, Бәрібір қыздың жасы – он сегізде. Ақ тілек айтып қалсын кенен көмей, Арулар болған емес өлеңге өгей. Қыздардың жасын қазақ сұрамайды, Тұрады ол он сегізден «төмендемей». Айналайын махаббаттың базарына, Білесің жастық дәурен озарына. Арудың нағыз жасы он сегіз жас, Ешқашан көтерілмес жоғарыға.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Он сегіз мың ғаламды табындырған он сегіз, Үлкендерге жас күнін сағындырған он сегіз, Бәрін - бәрін сезімге бағындырған он сегіз, Сенің үнің құралған арын жырдан, он сегіз. Жапырақ мінез, жел қөңіл, алып ұшпа он сегіз, Дүниені ізгі деп, танығыш та он сегіз. Біреуге жаз, біреуге сағыныш та он сегіз, Жанарлардан үздіксіз жалын ұшқан он сегіз. Жауынымен, дауылмен қуаттаған он сегіз, Бастау алған мөп-мөлдір бұлақтардан он сегіз. Адамзаттың ары боп тұрақталған он сегіз, Асарына сенетін әлі-ақ қырдан он сегіз. Биік-биік армандары қанат қылған он сегіз, Асау мінезді өмірге жараттырған он сегіз. Жұмылмаған жанармен таң аттырған он сегіз, Сағынамыз өзіңді біз бүгінде, он сегіз! Ерке мінез, наз қылық, сұлу мүсін көрсе қыз, Талай ерлік жасаған жігіт біткен, сенсеңіз. Маусымың мен мінезің қуанасын келсе егіз, Тіршіліктің көктемі – он сегіз!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Жиырма бес деген – жалынды дәурен шырыны, Жиырма бес деген – дүниенің дүрмек қызығы. Бойдақтығың да қала алмас бойың тасалап, Құрық боп түсер арудың бұлғақ бұрымы. Жиырма бес деген – жөңкілген толқын, тәтті арман, Өзіңді іздеу өркенді бұлақтардан. Аңсатар кейде балалық кезең, бал сәтің, Қолдарын бұлғап, қиырда қимай қап қойған. Жиырма бес деген-жігітіңнің арқауы, Алдағы күнді, асу мен шыңды аңсауы. Сағынышың ол, қызға құштар, жырға әуес, Буырқаныспен арайлап атар әр таңы. Жиырма бес – қыран шығатын самғап шыңдарға, Мойымас тіпті тосыннан келген сындарға. Тербете білгін жердегі бақыт желкенін, Жүректің отын ұсынып келер жылдарға.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Жолдарыңа гүл бітсін Қарындас, Құтты болсын туған күнің, Өзіңе сый сыйлаймын жырдан бүгін. Шыңдағы Еңлік гүлі бір өзіңсің, Жігіттің қолы жетпей тұрған бүгін. Төгілсін бақыт нұры жан жағынан, Махаббат оты маздап таңдарынан. Талайды тамсандырған ару едің, Танбағын Сұңқар құстай самғауынан. Шаттықтың көздеріңнен нұрын көрем, Қалпыңнан өзгермегін күлімдеген. Жарқылдап, Жайнай бергін ортамызда, Гүл бітсін жолдарыңа жүрілмеген!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Туған күнге тілектер [0] |
Балдәурен (13-ке дейін) [15] |
Жас дәурен (13-25) [32] |
Жігіттік (25-37) [8] |
Кемелдік (37-49) [11] |
Парасат (49-61) [40] |
Аталық (61-73) [13] |
Қарттық (73-тен кейін) [17] |