Материалдар санатында: 81 Материалдар көрсетілді: 31-40 |
Беттер: « 1 2 3 4 5 6 ... 8 9 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Көктемдегі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен әр шаңырақты шаттыққа бөлейтін аналар мен қыз-келіншектердің қуанышына ортақпыз. «Ер елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей отбасындағы береке-бірлікке, өмірдегі әсемдік пен нәзіктікке жолбасшы бола жүріп, айналасына инабаттылықтың нұрын сепкен аналарымыз бен қыз-келіншектерімізді шын жүректен құттықтаймыз. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)
Құрметті арулар! Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз. Бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да бір мәрте құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз. Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)
Көк желекті көктеммен бірге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі - 8 наурыз Мейрамын бәріміз асыға күтеміз. Ер азаматтар бұл күні гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындастарының,сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады. Құрметті қыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)
Қазақ қызы туралы "Ана тілі" газетінен Көктемді қанатына қондырып құс қайтты. Шуақты ілестіре келген құстар әсем, әуезді үн айтты. Жер дүниені жылылыққа орап, жүректерге іңкәр сезім сыйлап, көктем келді. Жер-Ана бусанып, тоңы жібіп, жаны кіріп, тіршілік қайта жалғасады. Ал Жер-Анамен қатар Аналар да шаттыққа бөленеді. Өйткені көктемнің алғашқы күндерінде дүние дидары әйел баласының көңіліне ауады. Кірпігіне кірбің ұялатпауға, жайдары жүзге енуіне, жүрегіне қуаныш сыйлауға ұмтылады. Себебі бұл – 8 наурыз. Қазақтың қызы! Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп, жараңды емдеп, шабыттандырып, қолыңды сермеп, сезім гүлдеп, жүректегі отты үрлеп жібереді. Қазақтың мұңы, зары, арманы, үміті, ардағы, аманаты, тарихы, өмірі – бәрі-бәрі қазақ қызының кірпігінде тұрғандай көрінеді. Ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып қайрат танытуда қазақ қызының (әйелдерінің) атқарар рөлі, алар орны тым ерекше. Өйткені тал-бесікті тербеткен аналар ұлттың ұлын тәрбиелейді. Қазақтың қызы! Ер етігімен қан кешкен, ат ауыздықпен су ішкен жаугершілік заманда қарашаңырақтың отын өшірмей ерінің артын бағып қалды. Дүние отқа оранып, оқ ауада зулаған тұста тылда еңбек етіп, белі қайысып, саусақтары майысып, соғыс даласына азық жіберді. Нәзік саусақтары канал қазды. Егін екті. Қой бақты. Зауыттарда темір балқытты. Жауға қарата атылатын әрбір оқты даярлады. Қажымады. Еңсесі түспеді. Қайта қайратқа мінді. Қайсарлана түсті. Шарыққа түскен қанжардай жарқырай берді. Қазақтың қызы! Желтоқсан жұртының есесін қайтарамын деп, қазаққа дербестік әперемін деп, Алаштың арда ұлдары биліктен шеттетілмесін деп, гүрзі етектің, шомбалдай шоқпардың астына түсті. Жаны жараланды. Ары тапталды. Таяққа жығылды. Қан-жосасы шықты. Итке таланды. Абақтыға жабылды. Темір тордан сығалап сәулеге қарады. Бірақ мұқалмады. Азаматтармен бірге бір шепте тұрды. Қандыкөз империяның жендеттерінен қаймықпады. Өздерін құрбандыққа шалды. Қазақтың қызы! «Балапан басына, тұрымтай тұсына» кеткен тұста отбасын асырауға кірісті. Ел – ерге, ер жерге қараған заманда қазақтың қыздары қарекет қамын жасады. Ала дорба асынды. Темір төсек жастанды. Қытай барды. Түркия асты. Сауда жасады. Үйінде ұлардай шулаған бала-шағасының қамы үшін, ер-азаматының ары үшін жанын аямады. Аптап ыстықта, қытымыр аязда, жаңбырлы күнде, қарлы боранды түнде бірді екіге жалғап, қазақ дейтін қарға тамырлы елдің ертеңгі ұландарын тарықтырмауға тырысты. Қамықтырмауға барын салды. Сағыздай созылған өтпелі кезеңде үзіліп кетпесек, ол – арба сүйреген, ала дорба арқалаған аналардың арқасы. Қазақ қызы! Алып атырапты алып жатқан азғантай елдің басына қара бұлт үйірілгенде, қараңғылық жамыла бастағанда атқа қонады. Қазақ қызы атқа қонғанда олардың жеңіссіз оралмайтын тұсы кемде-кем. Кешегі Домалақ ана, Айша-бибі, Құртқа, Баян, Ұлжан, Зерделердің бүгінгі ұрпағының ақылына көркі, пайымына парасаты сай. Бірі кем дей алмайсың. Өйткені олар – қазақтың қызы!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)
Құрметті әріптестер! Сіздерді ару көктемнің алғашқы мерекесі 8 – наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке, ауызбірлік пен тыныштық тілеймін.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)
Қымбатты ханымдар! 8-Наурыз мерекесі құтты болсын! Баршаңызға асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесі сарқылмауын, денсаулықтың мұқалмауын тілеймін!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)
Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әйел-Ана - өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Еліміздің сән-салтанаты мен Елордамыздың мерейінің үстем болуында да қашанда нәзік жандардың еселі еңбегі мен қажырлы қайратының қарымды үлесі жатыр. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)
8 Наурыз 2013 жыл көктемі, Қыстың кетті аязының өктемі. Мерекеңіз құтты болсын ханымдар, Күндей болып жарқыраңдар көктегі! Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің, Ақындардың өлең арнар жырысың. Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға, Ғасырларға жалғасады бұл ісің. Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған Шапақтарың бар әлемге таралған, Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың, Орындалсын жүректегі бар арман! Құтты болсын аналардың мейрамы! Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары! Мерекесі бұл көктемнің алғашқы, Бақыт берсін әр көктемнің айлары! 8 Наурыз қуанышқа бөлесін! Әкелсінші жаздың жылы елесін! Барлық халық аман болып елімде 8 Наурызға жете беріңіздер келесі!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)
Әйел деген - бiр әлем! Келiс мейлi,келiспе. Әр отаудын Кунi ол, Орбитасы ерекше!!! Әр ошақтың жылуы, Бақыты мен бағыты. Әр жiгiттiн жартысы Таңдап алган сұлуы!!! Әйел деген - бiр әлем! Ай да, Күн де бiр озi, Түнi де оның жап-жарық Жарықтың жалғыз көзі!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)
Анасыздар, әр үйге панасыздар, Бала десе от болып жанасыздар. Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып, Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар. Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар - Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар. Маздататын, жүректе от лаулататын, Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар. Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар. Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар. Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар. Анасыздар, кең байтақ даласыздар. Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар. Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ, Үлбіреген жауқазын баласыздар. Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған, Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған, Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар, Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз. Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз. Айнала ұшып сіздерді көбелек боп, Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)