Материалдар санатында: 35 Материалдар көрсетілді: 11-20 |
Беттер: « 1 2 3 4 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Ғұмыр берсең Аллаһ бақытты қып бер, Дәулет берсең қайырлы қып бер. Әйел берсең жұмсақ сөзді, қызықты қып бер, Ұл берсең ұнамды қып бер, Қыз берсең қылықты қып бер, Келін берсең келісті қып бер, Ат берсең жүйрік қып бер, Бала болса ырысты қып бер, Тіршілікте ризық бер, Өлгенде бізге жұмақты нәсіп бер. Осы айтқанның бәрін Аллаһ қабыл ет! Айтушыдан сөз қалған жоқ. Беруді Аллаһ Өзі шешеді. Әумин Аллаһу әкбар!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
Кигенің кір болмасын, Маңдайың тер болмасын, Аллаһ ойыңда тұрсын, Бұл оқылған аяттар Ай болсын, Сегіз пейіш ортасында Көңілің жай болсын! Іргенекті аралап дау жетпесін, Еліңді аралап жау жетпесін. Сізге бәле ойлағанның Бәлесі өз басынан кетпесін...
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
Он сегіз мың ғаламды Жаратушы бір Аллаһ. Әуелі Аллаһым бір Аллаһ. Тілегімді қабыл ет. Ісімді Аллаһ қолдасын Періште болсын жолдасың. Батамыз біздің пәк болсын. Жанұяңа бақ қонсын. Дастарханың асқа толсын. Мың бір атты пәледен Аллаһ сақта. Жүз бір атты қатерден сақта. Тілдінің тілінен сақта Көздінің көзінен сақта. Кезенгеннің кезінен сақта Жер бетіндегі пәле-жаланың Бәрінен Аллаһ сақта. Бақ қонсын, береке келсін, Өшпес дәулет орнасын. Үйдегіні үйде сақта Аллаһ Түздегіні түзде сақта Аллаһ Айдан аман ет. Жылдан есен ет. Жаратушы жан Ием Әрқашанда сізді сақ қылып Кедергі мен кеселден Бір Аллаһ сізді пәк қылып Ниетіңді адал, пейіліңді ақ етсін. Мен бердім бата Қабыл етсін бір Аллаһ! Әумин! Аллаһу Әкбар!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
Адам жаласынан, Бұлт аласынан, Көрінер-көрінбес Мың да бір пәлесінен Құдайым Өзі сақтасын! Мұсылманға дін үйреткен, Алымдардың саламаттығына! Халық қамын жеген, Қарқарадай хандардың Саламаттығына! Ел қамын жеген, Едігедей билердің Саламаттығына! Өз еңбегін өзі жеген, «Құдая шүкір, тәубе», деген Қара бұқара халықтың саламаттығына! Ілгері бастырамын деген, Еңіреген ерлердің саламаттығына! Қой орнына ат берген, Атымтайдай жомарттың саламаттығына! Молдаларға қол берген, Көрпе салып төр берген, Уызы арылмаған байлардың Саламаттығына! Халқы, халайығы қостаған, Орнықты саба ұстаған, Бәйбішелер саламаттығына!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
А, Құдайым оңдасын, Оңдағанның белгісі, Қайырлы етіп басыңа. Бақ-береке орнасын. Дұшпаның үстем болмасын, Маңың үбірлі-шүбірлі болсын. Келген ырыс кетпесін, Жамандық келіп жетпесін. Сапар жүрсең, жолың болсын, Қалтаң толған пұлың болсын. Жарылқасын Қорғаушың, Бейбіт халқымызға заман болсын, Табиғат таусылмайтын ризық беріп, Тартылған дастарханға тағам болсын. Қауіптен ел-жұртымыз аман болып, Көп қылып үйіңізге бала берсін, Оларға таудай талап, сана берсін, Ер жетіп, балаларың батыр болып, Өмірлері қызықты бола берсін. Үйіңе жақсы адамдар келе берсін, Тауфиқты, инабатты келін берсін, Ақ көңіл, ата-анаға жақын болып, Қызығын елі-жұрты көре берсін. «Әумин» - деп үй иесі қол жайғанда, Жақсылап қариялар бата берсін. Әуелі Құдай жарылқасын, Пайғамбардың берекетін берсін, Ұлықманның жасын берсін. Сүлейменнің тағын берсін. Ескендір Зұлқайнардың бақытын берсін. Атымтай Жомарттың даңқын берсін, Дәуіт пайғамбардың даңқын берсін, Ұл берсе, оразды берсін, Қыз берсе, қылықты берсін. Шашы ұзын болсын, Жүзі қызыл болсын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
Иә, Құдайым оңдасын, Оң жолына бастасын. Бір жарылқап тастасын. Жамандыққа жазбасын, Жақсылыққа бастасын! Құдай құлымын дегейсің, Мұхамед үмметімін дегейсің. Шадияр досым дегейсің, Шайтанның сәрінен сақта, Патшаның кәрінен сақта. Намаздың қазасынан сақта, Пайғамбардың туында қыл, Ауызды кәусәр суында қыл. Иман байлығын бер, Деннің саулығын бер. Бір Аллаһ Жаратушы жарылқасын. Ықыласты батамды қабыл алсын!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
Күнің шуақты болсын, Көлің суатты болсын. Қонысың өрісті болсын, Еккенің жемісті болсын, Еңбегің өнімді болсын. Әйелің жібектей болсын, Ары түлектей болсын, Өнерің өрлей берсін, Өмірің төрлей берсін. Шайың қызыл болсын, Ғұмырың ұзын болсын, Несібең таса берсін, Достарың өсе берсін, Дұшпаның аяққа баса берсін. Ата-бабаңның аруағы қолдасын, Ешқандай жамандық болмасын, Үйіңе береке берсін, Ішкен-жегеніңіз балдай батып, Судай сіңе берсін. Әмин, Аллаһу Әкбар!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
Меккеде бір ағаш бар басын иген, Жайқалып жапырағы жерге тиген. Осы үйде бір ағам бар Құдай сүйген, Қайыры ол кісінің жұртқа тиген. Ақ қораз, қызыл қораз қырман шашар, Осы үйде бір жеңгем бар бар теңге шашар. Жеңеше-ау, шашпай-ақ қой, қолыма бер, Қу балалар қасымдағы ала ұшар. Айтамыз жарамазан ауылыңа, Таудай қып тайлақ мінген қауымыңа. Жігіттер, намаз оқы, ораза тұт, Пейіштің қолың жетер қауынына.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
Айтамыз жарамазан еліңізге, байлапсың елу бота желіңізге. Байласаң бәсіре ғып соның бірін, Барамыз мақтай-мақтай елімізге. Айтамыз жарамазан үйіңізге, Қондырған үй айнала шиіңізге. Қой берсең, қозы берсең көпсінбейміз, Келіпсіз биылғы жыл күйіңізге.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
Айтамыз, байлар, саған жарамазан, Айыпқа бұйырмаңыз, естіген жан. Айтқан соң жарамазан үміт етем, Қанеки, мырзалығың енді маған? Айтқанмен жарамазан тойған бар ма? Әдеті бұрынғының қойған бар ма? Әдетін бұрынғының қойып кетіп, Барғанда ақыретке оңған бар ма? Айтамыз жамаразан жар басына, Қыздардың іліп қойған дорбасына. Жақсылар, ораза тұт, оқы намаз, Пйіштің қолың жетер алмасына.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай