Материалдар санатында: 85 Материалдар көрсетілді: 11-20 |
Беттер: « 1 2 3 4 ... 8 9 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Әніміз де, сәніміз де жарасқан, тілегіміз де, жүрегіміз де бір болған асыл дос! Өзіңді жаңа жылмен құттықтауға асықпын! Бар қиындықтар мен өкпе-наздар ескі жылмен есіркеп кетсін! Жаңа жылда жаңа белестерді бағындырып, жаңа табыстарға жете бер! Жаңа жыл құтты болсын! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
Айналамды өздеріңдей керемет жандар қоршаған мен ең бақытты жанмын! Жаңа жылдың жылтыраған ойыншықтарындай жүздері жайнаған достарым мәңгі жанымда болсын! Достар, мереке құтты болсын! Дастарханымыз мол болсын! Көңіліміз даладағы аппақ қардай таза болсын! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
Анашым! Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан – ана, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, осы күнге жеткізгенің үшін алдыңда мәңгі қарыздармыз. Әр жаңа жыл кеші тек өзіңмен ғана көңілді. Анашым, жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз. Жаңа жыл бар тілектеріңізді орындасын! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
Әкем, анам! Аяулы асылдарым! Сүйенсем, тірегім, құласам, сүйеуім сендерсіңдер. Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Дастарханымыз әрдайым осындай мол, шаңырағымыз берекелі болсын! Сіздердің жанымызда болғандарыңыз біз үшін үлкен бақыт! Ұзағынан болғай! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
Әкешім! Өмірдің соқпағына қарамастан бізді өрге тартып келе жатқан, суыққа бір тоңдырмай мәпелеген, бар ыстық махаббатын бізге төккен Сіз, бірінші құттықтауға лайықсыз. Жаңа жыл тек жақсылықтарымен қуантсын! Деніңіз сау, жарқын жүзіңізді мұң шалмай, балаларыңыздың қуанышына марқайып отыра беріңіз! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
Құрметті Әкем мен Анашым! Келіп жеткен 2012 жыл сіздерді қуантудан жалықпасын. Мәуелі бәйтеректей көз алдымызда жайқалып жүре беріңіздер. Ана, сіздің аялы алақаныңызға, Әке, сіздің жүрегіңіздің шексіз мейіріміне тең келер ештеңе жоқ. Сіздердің амандықтарыңызды тілеп, осы жаңа жылды бірге қарсы алу сәтіне жеткізген Аллаһқа разылық білдіремін! Талай жылды бірге қарсы алу бақыты бұйырсын деймін! Жаңа жыл құтты жыл болсын! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
Тамырын тереңге жайған бәйтеректей бәрімізге сая бола білген ата-анамызды жаңа жылмен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық, бақытты ғұмыр тілейміз. Өмірдің шапағаты мен шуағына кенеліп, арамызда аман-сау жүре беріңіздер! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
Ардақ тұтқан жайсаң жанның бірі едің, Біреуге сыр, ал біреуге жыр едің, Шынарына өрле биік бақыттың, Осы менің саған айтар тілегім!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
Құшағында тәтті үміттің Өтсін алтын күндерің, Жаңа жылда жақсылықтың, Шамшырағын үрлегін! Аппақ қар үлпілдей жауып тұр. Баспалдаққа түссе, еріп кетеді. Кенеттен қарға айналып, алыста жүрген сенің қолыңа түсіп, еріп кетер ме едім! Сағынышым менің, жаңа жылыңмен!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
Өзің де бір ардақты жан екенсің, Армандарың алып шыңға көтерсін! Дақ түспесін жүрегіңе ақ қардай, Жаңа жылың жаңа бақыт әкелсін!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)