Материалдар санатында: 27 Материалдар көрсетілді: 11-20 |
Беттер: « 1 2 3 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Сіздердің біздің Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін шайқастардағы теңдессіз ерліктеріңіз бен табандылықтарыңыз ғасырлар бойы жасай береді. Өйткені Сіздер кейінгі ұрпақтың жарқын болашағын қорғап қалу арқылы өздеріңіздің азаматтық және патриоттық парыздарыңызды абыроймен орындап шықтыңыздар.Сіздердің қайыспас қайсарлықтарыңыз бен Отанға шынайы берілгендіктеріңіз қазақстандықтардың жас ұрпақтары үшін өнегесі мол тамаша үлгі. Бүгінгідей айтулы мереке күні өздеріңізге зор денсаулық, жарасты көңіл-күй, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке-бірлік тілейміз!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жеңіс күніне орай (8 мамыр)
Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады. Бірақ қаншалықты алыстағанмен ол көңілден кетіп, жүректерден өшпек емес. Өйткені ол соғыс қаншама ұрпақты қайғы-қасіретке душар етіп, өмірін өксітіп кетті. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілеуін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгінде арамызда жүр. Сондықтан да жыл сайын мамыр айының 9 жұлдызында сол сұрапыл соғыстағы Жеңіс күні айрықша атап өтіледі. Және ол жалпыға бірдей халықтық мереке болғанымен, бұл күні әсіресе, кешегі соғыста Жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқа түскен соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жеңіс күніне орай (8 мамыр)
Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Осыдан 66 жыл бұрын бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған ерекше күн еді бұл. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жеңіс күніне орай (8 мамыр)
Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Әуеде ұшқыш, жерде танкист, теңізде – теңізші, окопта әскер, блиндажда байланысшы және тылда еңбеккер – бәрі де Ұлы Жеңіс үшін қараниет арам пиғылды фашист оғына өз кеудесін тосты. «Отан» атты ыстық ұғым, тәтті сөз қарсы келген дұшпанға қаймықпай қарауға жігер берді. Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі нақ солардың арқасында!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жеңіс күніне орай (8 мамыр)
Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталғанына 66 жыл өтіпті. Зарықтырып жеткен Жеңіс күнінің қадірі бәріміз үшін тым қымбат. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Ауылда қалған кемпір-шал, бала-шаға зуылдаған оқ пен лапылдаған от-жалынның арасында жүрген бауырына, әкесіне, ағасына сеп болсын деп, бар күш қайратын жұмсады. Тылдағы әрбір күн соғысқа тең еді. Ардагер көрген зұлматты сен көрген жоқсың замандас, сол үшін оны құрметте! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жеңіс күніне орай (8 мамыр)
Туған елдің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған боздақтарымызды мәңгі есте сақтаймыз! Отан үшін отқа түсіп, қан майданнан аман оралған қандастарымыздың алдында бас иеміз! Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт, ұзақ ғұмыр тілеміз!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жеңіс күніне орай (8 мамыр)
Сен құрметте оны, Түсіндің бе, қарағым, Ол ақшаға сатқан жоқ, Тізеден кесіп аяғын, Кеше елге қатер төнгенде, Ол жауға қарсы шапты, Жалмамақ болған біздерді Өр кеудесімен жапты....
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жеңіс күніне орай (8 мамыр)
Жүз жасаған жүректен Уа, қарағым балалар! Ер бол демей, не дейін. Ереуілді майданда Үстем болсын мерейің. Жауды қырып, айдауға, Талмай көмек берейін. Дүбір қосып айғайға, Қызыл тілді жебейін. Сендерге өлең айтқанға, Еш шаршадым демейін. Қан майдан боп жатқанда, Қарлығар ма көмейім! Жүз жасаған жүректен Жырларымды төгейін. Көктеменің күніндей Жауды жеңіп, күлімдеп. Күлгеніңді көрейін. «Қаһарманым! Күнім!» деп Беттеріңнен өбейін.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жеңіс күніне орай (8 мамыр)
Қан майданның жүректе жарасы бар, Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. Арамызда жүретін алшаң басып, Ардагерлер азайып барасыңдар. Қастерлейді халқымыз қаһарманын, Жүр есінде сан жарық, сапарларың. Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер, Қалды-ау сиреп бұл күнде қатарларың. Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар, Жүздеріңде жанған от жарқылы бар. «Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің, Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар. Жасқанбаған жауынан жарақты ер, Ерлігіңді аңыз ғып таратты ел. Қаһармандық дегенді кейінгі ұрпақ, Жүздеріңе сендердің қарап білер. Дарқан мінез, дария ой, дара шыңдар, Жарқын жүзді, жүрегі ақ, жаны асылдар. Арамызда жүретін алшаң басып, Майдангерлер азайып барасыңдар.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жеңіс күніне орай (8 мамыр)
Жапанда жүрген сандуғаш, Бәйшешектей біздің жас. Ата-ана еске түскенде, Шарап ішпей болдым мас. Ойланбай жүру жарамас, Секілденіп ауыр тас. Қандай күйде жүр екен, Ата-ана мен қарындас. Бетімен кеуіл жайылмас, Ағайлармен хабарлас. Байжұман, Есхан, Оспанға, Хат салмай тұру жарамас. Қысқа сөз болар татымды, Білесің менің атымды. Көзімдей көріп оқыңдар, Осынау жазған хатымды. Сағындым сізді анасы, Мен көзіңнің қарасы. Ананы қалай ұмытар, Саналы адам баласы. Жазсам ойым таусылмас, Әр нәрсеге болдым мас. Күләмза еске түскенде, Тыйылмай кетер көзден жас. Сағындың ба бауырым, Майдандағы ағаңды. Келесі жылы барармын, Келтірсе Алла шамамды.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Жеңіс күніне орай (8 мамыр)