Материалдар тарауында: 763 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 3 ... 76 77 » |
Ыстық қой ата-ана алақаны Аялап көп атсыншы дала таңы. Ортақ боп, қуанышқа келіңіздер, Жайылды мерейтойдың дастарханы
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Өлеңмен
Оу, ағайын! Келді менің Алпысым, Өмірімнің бел белесі – талтүсім. Кең дастархан жаяйын деп отырмын, Шақырамын ағайынның барлығын. Аз ба, көп пе, бұл ғұмырдың жазғаны, Жүрегімде талай арман маздады. Жәй өтті дей алмаймын, ағайын, Өмірімнің Көктемі мен Жаздары. Сол үшін де Бас қосайық, келіңдер, Шарықтасын, шалқысын шат көңілдер. О, Жаратқан, Ел-жұртыммен сыйласып Жүретұғын маған ұзақ Мағыналы өмір бер!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Қос жүрек бірге соғып тыныстады, Баршаға бақыт әнін жар қыламыз. Достарды, жора-жолдас туыстарды Махаббат думанына шақырамыз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Өлеңмен
Бажа, балдыз, күйеулер, туыстарым Бақытты бол келешекте осы бәрің. Дәм татсын деп бәріңді шақырып ем, Жуайын деп жұбайымның жазылғанын. Жанашырым жалғыз ұл, сүйген жарым, Кім ойлаған бұлай боп ауырарын. Жаның қалмай бәрің де жүгірдіңдер, Осы отырған туыстар барлықтарың. Ал айтарым тыңдасаң саған, жарым, Ең керегі адамға зор денсаулық. Жалғызыңның қызығын көрем десең Алаңдамай еш нәрсеге жаныңды күт.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Басып жатыр бір қадам, екі қадам, Щоқты қара көзінен шашыраған. Қуанышпен кеудеден жасыра алмай, Төр іздейді тіршілік-сахнадан. Балдырғанды бал үміт алға сүйреп, Тәй-тәй басты, қадамың алғаш рет. Қаз-қаз тұрып, Қарыштап жүріп кетсін, Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп. Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам, Құр қалмасын өмірдің сайранынан. Шапқыласын туған жер төсінде еркін, Жігіт болсын желі ескен айдарынан.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Кесілді балам тұсауың, Жалтақтамай аяқ бас! Биік болып ұшарсың, Асқарлармен қанаттас.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Тұсауың кесілді, құлама, Тізеңді жаралап жылама. Құлындай құлдырап жүгірші, Кәніки өзіңді сына да Секірсең құздардан сүрінбе Шыңдарға шыққанда бүгілме. Болаттай қабырғаң қатайып, От ұшқын ойнасың түгіңде. Ұзақ боп Иншалла өмірің, Тасысын шаттықтан көңілің. Жарқырап күн санап өсе бер, Жарқылдап семсердей сенімің.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Тұсауың кесілді, құлама, Тізеңді жаралап жылама. Құлындай құлдырап жүгірші, Кәніки өзіңді сына да Секірсең құздардан сүрінбе Шыңдарға шыққанда бүгілме. Болаттай қабырғаң қатайып, От ұшқын ойнасың түгіңде. Ұзақ боп Иншалла өмірің, Тасысын шаттықтан көңілің. Жарқырап күн санап өсе бер, Жарқылдап семсердей сенімің.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Таудай болсын арқалаған талабың, сезін өмір құпиясын, ғажабын! Айнұрдайын періштеге тілек сол - Құтты болсын, мектеп аттар қадамың!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Адам болар баланың, Қайтармайық талабын. Мектепті алғаш аттаған, Құтты болсын қадамың. Сәбиліктен марқайып, Өскендігі санаңның. Әріптерден сөз құрап, Жорғаласын қадамың. Үміттерін ақтай біл, Әкең менен анаңның. Жүрегіңе сақтай біл, Жақсы сөзін дананың. Сондай бала болсын деп, Тілек айтар қазағым. Балалы үйлер көбейіп, Бола берсін базарың. Осындайға жеткізсін, Әрбір үйдің адамын. Жастар өсіп қалқан боп, Болса деймін қамалың. Қой үстінде бозторғай, Жұмыртқалар заманың. Сол замандай болса екен, Егеменді қазағым. Бастарыңа бермесін, Қыйыншылық азабын. Жастарыма қонса екен, Даналығы бабамның. Әмин, Аллаһу Әкбар!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 4.0
Санаты: Өлеңмен
Өлеңмен [513] |
Қысқаша [137] |
СМС құттықтаулар [62] |
Орыс тіліне аудармасы қоса берілген тілектер [272] |