| Материалдар тарауында: 215 Материалдар көрсетілді: 211-215 |
Беттер: « 1 2 ... 20 21 22 |
|
Бүкіл өмірін балаларына арнап, өмірлік серігіне адал жар, ардақты ана бола білген, бүгінде қызын - қияға, ұлын - ұяға қондырып, немерелерінің сүйікті Әжесі болып отырған асыл Анамыз, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! "Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да қаызынан құтыла алмайсың» деген сөз бар. Ардақты ана, сiзге қажымас қайрат, зор денсаулық тiлей отырып, айналаңызға шуағыңызды шашып ұзақ өмір сүріңіз демекпiз!
Вся жизнь была посвящена детям, своему очагу. Мать, которая взрастила дочерей и сыновей, сегодня находится на пьедестале почета!
Поздравляем вас, дорогая наша Мама
Даже если мать на спине отнесешь к Мекке не расплатишься долгами гласит народная мудрость. Это какой пик высоты нужен для матери от детей!
Дорогая наша мама, желаем вам долголетия.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
|
Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз! Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәнгі қарыздар. "Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды" дейді. Алла сізге күш-қуат берсін! Ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!
Бабулечка! Вы святыня нашей семьи, советница каждому из нас, именно вы создаете единство нашей семьи (шанырака)! Вы все делали для своих детей, воспитывали их, давали им свою любовь и доброту, без устали трудились, никому не давали в обиду. И сегодня каждый из них поднял свой шанырак, и ваша маленькая семья превратилась в большой лес. Именно поэтому ваши дети безмерно вам благодарны! Говорят, что «Человек, у которого есть мама, никогда не стареет». Дай Вам Бог сил и терпения. Среди своих сыновей и дочерей, внуков, внучек, правнуков и правнучек пусть всегда у вас на лице сияет солнечный свет, будьте всегда среди них в их радостные мгновения.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
|
Алтын әжем менің!
Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам - жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңнаы айналдым!
Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз!
Милая моя бабушка, всегда желает мне добра, терпит мое баловство, переживает, если я болею, и всегда по мне скучает. Моя бабушка добродушная, с открытым и добрым сердцем, с богатым внутренним миром и благородными помыслами. Твоему светлому образу очень идет твой белый платок, и ты всегда очень внимательна к своим любимым внукам и внучкам.
Бабушка моя, ты всегда отдавала мне все самое вкусное, одевала меня во все новое и хорошее, всегда меня баловала, рассказывала мне интересные сказки и не уставала учить меня уму-разуму. Радуясь своим потомствам, будь всегда среди нас. Живите долго, не болейте!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
|
Өз бақытын, қуанышын өзі өмірге әкелген перзенттерінің қылығынан, қызығынан іздейтін аяулы Анам менің! Саған әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. Алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, айналаңызға нұрыңызды шашып, Аналық бақытқа кенеліп жүре беріңіз!
Милая моя мама, ищущая своё счастье и радость в проделках и забавах своих деток. Даже если я пожелаю тебе все лучшие пожелания на свете, это будет мало. Самое главное пусть бог пошлёт Вам доброго здравия! С лица никогда не уходит доброта, всегда излучайте свет, и пусть ваше материнское счастье никогда не иссякает!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
|
Анаға арналған әндер, жырлар, ізгі тілектер, жылы лебіздер қаншама! Халық арасында "Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді" деген қанатты сөз бар. Ендеше Анаға арналған жырымыз, әніміз, тілегіміз ешқашан таусылмауға тиісті, таусылмайды да.
Сколько нежных слов, искренних пожеланий, песен и стихов посвящены матерям! В народе есть крылатые слова: «Мать одной рукой качает колыбель, другой весь мир». Поэтому никогда не кончатся наши пожелания, песни и стихи в честь наших матерей, они и не должны заканчиваться!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
| Ата-анасына [54] |
| Туыстар [37] |
| Ғашығыма [32] |
| Әріптестеріне [31] |
| Достарына [19] |
| Әжелерге немесе аталарға [17] |
| Күйеу балаға немесе келінге [8] |
| Ағасы немесе қарындасына [6] |
| Немерелерге [4] |
| Бажа-абысындарға [4] |
| Көршілер [3] |
| Әмбебап құттықтаулар [0] |
| Жұбайына [0] |
| Ұлы немесе қызына [0] |











