Материалдар санатында: 17 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Алтын әжем менің! Тілеуімді тілеген, еркелігімді көтерген, мен ауырсам – жаны ауырған, көрмей қалса сағынған асыл әжетайым! Көңілі кең, жүрегі мейірімді, кеудесі қазына, сөзі қасиетті ақ әжем менің! Нұрлы жүзіңе жарасқан ақ жаулығыңнан, немересін барлығынан артық жақсы көрген ыстық ықыласыңнан айналдым! Бар тәттіні аузыма тосып, бар жақсыны үстіме кигізіп, еркелетіп өсірген, қызық ертегісі мен ақыл-өсиетін құлағыма құюдан жалықпаған дана әжем менің. Әрқашан ортамызда осылай ұрпақтарыңның қызығына кенеліп жүре бер! Жасыңыз ұзақ болсын, ауырмаңыз!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
Әжетай! Әулетіміздің киесі, барлығымыздың ақылшымыз, шаңырағымыздың берекесін кіргізіп отырған асыл жан өзіңізсіз! Беліңіз қайысқанша еңбек етіп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, мейіріміңізді төге жүріп күтіп-баптап өсірген ұл-қыздарыңыз өркен жайып, бүгінде бір-бір шаңырақты құрап, өсіп-өнді – қара орманға айналды. Сол үшін ұрпақтарыңыз сізге мәңгі қарыздар. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» - дейді. Алла сізге күш-қуат берсін! Ұл-қыздарыңыз бен немере-шөберелеріңіздің ортасында әрдайым жүзіңізден шуақ шашырап, қызығына тоймай жүре беріңіз!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
Ақ айдынға салып бақыт кемесін, Жарқын жүзбен қуанышпен келесің, Құтты болсын жетпіс бесің, әжетай, Өзіңізді бір құдайым демесін. Бәйтерексіз жапырығы жайқалған, Барша жұртқа жақсылығың байқалған. Есен болсын ұрпағыңыз көрінген. Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен, Бақ орнасын әрдайым басыңызға. Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға, Отбасына қуаныш сыйлап талай, Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
Әжетай, мейірің көп таңдандырған, Біз үшін қиындықтан шаршамаған. Жылуын жүрегіңнің аямадың, Өзіңе борышы көп балалардың. Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін, Ер жеттік біз кешегі бұзықтарың. Әжелеп жан-жағыңда жүре берсін, Бал тәтті немерелер-қызықтарың.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Тіршіліктің қызығына бөленіп, Аман-есен ортамызда жүріңіз! Мерекең ұзағынан бола берсін, Үй-ішің немере, шөбереге тола берсін!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
Аман болсын басыңыз, Ағармасын шашыңыз. Шөбере сүйіп әлі де, Жүзге жетсін жасыңыз. 60 та өмір белесі, Қартайдым мен демеші. Туған күнде жыл сайын, Қуанышқа бөлеші!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
Алпыста алты жасар баладай бол, Жетпісте хан жығасы – жағадай бол. Сексен мен тоқсанда да сыр алдырмай, Жүз жаста көпті көрген данадай бол.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
Ана деген киелі есім, Алла берген бар мәнін, Күн шуағы төгілгендей мынау күні Алланың. Бар бақытты өмір саған Ана берген әрдайым, Барша Адамзат Аналарға басыңды ию- Аллаға! Имя мама дано самим Богом. Этот светлый, теплый день подарен Богом. Этот счастливый миг жизни подарен маме Все, кто склоняет голову перед мамой – это к Богу. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
Журегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім - өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан - Ана(мама), өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сут беріп, аялап өсіріп, осы кунге жеткізгеніңіз үшін сіздің алдыңызда мәңгі қарыздармыз. Мейрім мен махаббатан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла-бойымызды жылыткан ыстық алақаныңыздан? "айналайын" деп маңдайымыздан емірене сүйіп, еркелеткен мейірімді уніңізден артық біз ушін ешнәрсе де жоқ, ана(мама)!... Маматайым(анатайым), езуіңіздегі кулкі, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуаныш пен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда куліп - ойнап, шатыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, Мама(Ана)! От всего сердца поздравляю самую дорогую, самую желанную – маму. Ты нас вскормила своим молоком, лелеяла нас и вырастила за это очень благодарны мы – дети твои и мы всегда в неотплатном долгу. Твоя любовь мама, твое доброе открытое сердце до сих пор нас согревает, так живите долго-долго. Мамочка когда смеешься ты мы радуемся, даже если слеза из глаз твоих потечет – пусть будет это только от радости. Живите на радость нам. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Тіршіліктің қызығына бөленіп, Аман-есен ортамызда жүріңіз! Мерекен ұзағына бола берсің, Үй-ішің немере, шөбереге тола берсің! Әжетай, мейірің көп таңдандырған, Біз үшін қиындықтан шаршамаған. Жылуын жүрегіңнің аямыдың, Өзіңе борышы көп балалардың. Бабушка, будь красивой Радуйтесь от души Трудом находя радость Живи долго среди нас Праздник твой пусть долго длится, А дом полнится детьми детей твоих Бабушка, ты очень добра Ради нас не боялась ты трудностей. Не жалела тепло своего сердца Дети пред тобой в неотплатном долгу. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
Ата-анасына [54] |
Туыстар [37] |
Ғашығыма [32] |
Әріптестеріне [31] |
Достарына [19] |
Әжелерге немесе аталарға [17] |
Күйеу балаға немесе келінге [8] |
Ағасы немесе қарындасына [6] |
Немерелерге [4] |
Бажа-абысындарға [4] |
Көршілер [3] |
Әмбебап құттықтаулар [0] |
Жұбайына [0] |
Ұлы немесе қызына [0] |