Материалдар санатында: 37 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 3 4 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Өзінен кіші бауырларына мейірін төгіп, мерейін өсіруге барын салған, бізді әлпештеп, аялы алақанына салып өсірген қадірлі, әз әпкемізді туған күнімен құттықтаймыз! Бір елдің ізетті келіні, ата-енесін, құдай қосқан жарының алтын басын қадірлеген әпкеміз – бүгінде бес баланың анасы. Бойынан Домалақ ананың әулиелігі, Айғанымның кемеңгерлігі, Зеренің парасаты, Бопайдың батырлығы, Айша Бибінің адалдығы, аттары алты алашқа танымал қазақтың аруларының асыл қасиеттері табылатын әпкемізге ұл-қыздарыңыздың рахатын жездемізбен бірге көріп, ұзақ та бақытты ғұмыр кешуді тілейміз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Құрметті құда, құдағи! Қадірменді тойшы қауым, ағайын! Қадірлі, Сізді адам өмірінің айтулы белесі 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы құтты болсынымызды айту үшін құдағиларыңыз екеуміз Астанадан арнайы келіп отырмыз. Сіздермен құда-жекжат болғалы жиырма жылдан асты. Осы уақыт ішінде үнемі сыйластықта, жақсы көңілмен бірге келе жатырмыз. Сіздер өз замандарыңызда елге, халыққа қызмет еткен, ұрпақ өсірген аға буынсыздар. Енді соның жемісін, бейнеттің зейнетін көрген деген осы. Бала-шаға өсіру, солардың қызығын көру – арманға жету, бақыт деген осы болар. Сіздердің өмірлеріңіз бізге үлкен өнеге. Сіздерге шын жүректен құрметімізді білдіреміз. Ұзақ жасаңыздар, бірге бола беріңіздер. Шөбере, шөпшек, немене, туажат көріңіздер. Бұл әркімнің-ақ қызығар тойы. Елдің батасын алған жан Алланың рахметіне жолығар деген ұлағатты сөз бар. Көппен көргеннің арманы жоқ. Үлкені бар үйдің құты бар. Қазақ құдасын құдайдай сыйлап, қастерлеген. Біздің қадірменді құда-жекжатымыз ретінде Өзіңізді ортамыздың құты, ағайынның ырысы, бала-шағаның берекесі деп білеміз. Үлкені бар елдің қазынасы бар деп бекер айтылмаған. Сізге әрқашанда зор денсаулық, ұзақ жас, өмірдің, ұрпақтың қызығын көре беруді тілейміз. Көргендеріңіз той болсын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Адам - өз өмірінің сәулетшісі. Даралар да, қаралар да, даналар да қонақ болып өтетін мына дүниеде әркім өз өмір соқпағын өзі сомдайды. Оның мәнді де, сәнді, мағыналы да, мазмұнды болуы сол өмір иесінің қарымы мен қасиетіне байланысты. Құдіретті табиғат адами қасиеттерін мол дарытқан Қадырәлі құдамыздың ғұмырнамасының айшықты ғибраты соның айқын белгісі. Алысқа да, ағайынға да жібек мінез, ықыласты мейіріммен танылған Қазима құдағи құдай қосқан қосағының ел арасында құрметінің асып, қиын да қызықты еңбек жолының жемісті болуы үшін жүрек жылуын арнап келеді. Қадірлі құдамыздың мерейлі мүшел жасы құтты болып, бақ-дәулеті арта берсін! Құтты болсын 60 деген жасыңыз, Қуаныштың кемерінен тасыңыз. Әрқашанда мықты болып денсаулық, Қажымастан жүзден әрмен асыңыз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Үш жұрттың ұлығы деп, ұлысы деп, Сөзінің бұрынғының дұрысы көп. Мен сені жақсы көрем, нағашыжан, Ардақты анашымның туысы деп. Аяулы інісі деп ақ мамамның, Сырымды саған ғана ақтарамын. Кейде бір келіп қайтсаң, жолың түсіп, Марқайып, мақтанамын, шаттанамын. Бейнеңнен бір ұқсастық тапсам таныс, Байқатпай қарай берем қалып тәріз. Анамның қымбат жүзі түседі еске, Көңілімнің түкпірінде жатқан алыс. Жол қарап, келер деумен күз бе, қыс па, Жүгірем ит үргенде түнде тысқа. Анамды сағынғанда сені ойлап, Өткізем алаңдаумен күнді қысқа. Жарқ етіп, жақсы аға, ақ маңдайың, Тірей бер біздің үйге ат маңдайын. Қараймын көкжиекке күнде тұрып, Артыңда анам келе жатқандайын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Ашып өмір есігін нұрланды күн, Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін. Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар, Құтты болсын, ..., туғанкүнің! Бақытты отбасының кеш ғұмырын, Өмір өзі жазады отты жырын. ... дәм-тұзың құп жарасып, Ақ сүтіңді ақтасын құлындарың.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Бөлінбейді бөлелер, тату - тәтті саналар, Бөлінсеңдер бөрі жер, дұшпандарың табалар. Мен нағашы білсеңдер, сендер маған жиенсің, Жақсы болсаң жиендер, нағашыны сүйерсің, Суығына қалтырап, ыстығына күйерсің, Мағынасын түсінсең, бәрің ойлап білерсің. Еңбек етсең ерінбей бақытты болып жүрерсің, Менің айтқан ақылым, туған – туыс жақыным, Түсінбесең сөзіме, жетпегені ақылым. Бала – шаға, жастарым өсе берсін бақтарың, Береке, бірлік етіңдер, көбейе берсін достарың.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Сол екеуден жеті-сегіз біз бармыз Бәрі жиен, бәрі сізге бөтен бе?! Бәрі жиен, бәрі сіздің қаныңыз, Бәрі сіздің шашқан тұқым-тарыңыз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Өсіп-өнер жұртыма, Өріс болған жиенім. Айқасқанда жауымен, Жеңісті алған жиенім. Елдігін де білемін, Кеңдігін де білемін, Тайма осы қалпыңнан Өзіңе айтар тілегім.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Алыс ауыл арасын Жақын қылған нағашым, Ақ көңілді баласын Ақын қылған нағашым, Нағашымның жаңасын Іздесең қайдан табасың?
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Қымбат болар туған жердің ағашы да, Әркімнің жету керек бағасына. Анамның ақ сүті үшін өмір бойы, Бәріміз борыштымыз нағашыға!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туыстар
Ата-анасына [54] |
Туыстар [37] |
Ғашығыма [32] |
Әріптестеріне [31] |
Достарына [19] |
Әжелерге немесе аталарға [17] |
Күйеу балаға немесе келінге [8] |
Ағасы немесе қарындасына [6] |
Немерелерге [4] |
Бажа-абысындарға [4] |
Көршілер [3] |
Әмбебап құттықтаулар [0] |
Жұбайына [0] |
Ұлы немесе қызына [0] |