Ата-анасына

Материалдар санатында: 54
Материалдар көрсетілді: 31-40
Беттер: « 1 2 3 4 5 6 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Жаңа жылмен (31 желтоқсан)"
0
Әкем, анам! Аяулы асылдарым! Сүйенсем, тірегім, құласам, сүйеуім сендерсіңдер. Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Дастарханымыз әрдайым осындай мол, шаңырағымыз берекелі болсын! Сіздердің жанымызда болғандарыңыз біз үшін үлкен бақыт! Ұзағынан болғай!
Санаттан алынған материалдар "Жаңа жылмен (31 желтоқсан)"
0
Анашым! Жүрегімді жарып шыққан бар ізгі тілектерім өмірдегі ең қымбатты да ардақты жан – ана, өзіңе арналады. Бізді өмірге әкеліп, ақ сүт беріп, аялап өсіріп, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, осы күнге жеткізгенің үшін алдыңда мәңгі қарыздармыз. Әр жаңа жыл кеші тек өзіңмен ғана көңілді. Анашым, жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз. Жаңа жыл бар тілектеріңізді орындасын!
Санаттан алынған материалдар "Ата-анасына"
0
Кім сендерді  балалар 
сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа
күйетұғын.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз
жүретұғын.     
Кім сендерді, балалар
тербететін,
Еркелетіп, ойнатып,
сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар,
жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын
көлдететін.
Кім сендерді сағынар
шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай,
көпке кетсең.
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз
сайын,
Хат жазып тұр, төбесі
көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді
келгеніңше,
Құлындарын көзімен
көргенінше?
Сендер қайтып келгенде
адам болып,
Еш арманым болмас
дер өле-өлгенше.
Санаттан алынған материалдар "Ата-анасына"
0
Өмірдің артқан жүгіне,
Мойымапсың да сынбапсың.
Үңілем жүрек түбіне,
Шешуін іздеп жұмбақтың.
 
Жетсемші дедің тілекке,
Сая боп бізге қанатың.
Дау бар ма
Ана жүрекке,
Бала үшін
Бәйек болатын.
 
Бар жоқты білмей шалқыдық,
Бұла боп өстік еркелеп.
От пенен өртке шарпылып,
Ағарды шашың ертерек.
 
Қыздарың ұшты қияға.
Ұлың да қонды ұяға.
Екі ауыз сөзге сия ма,
Ерлігің ерен ұлы ана.
 
Шаттыққа толар шартарап,
Анашым барда жаны ізгі.
Барсаңда Мекке арқалап,
Өтелмес ана парызы.
 
Өн бойың-үлгі, өнеге,
Парасат табам,
Бақ табам.
Немере деген немене,
Сарқытың бар ма сақтаған?
 
Ардақты ана есімі,
Әлі алда өмір несібі.
Тойласын жүзді туажат,
Тербетіп бақыт бесігі.
Санаттан алынған материалдар "Ата-анасына"
0
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
Санаттан алынған материалдар "Ата-анасына"
0
Аяулы Ана! Шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! Әрқашан Алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз! Сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт тілейміз! Арамызда бүгінгі күндей жарқырап, күліп-ойнап жүре беріңіз!
 
Өмірдің әр қырынан іздеп арай,
Бақыт құсы самғасын Сізге қарай.
Алпыстың асуынан еркін асып,
Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай!
Санаттан алынған материалдар "Ата-анасына"
0
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Санаттан алынған материалдар "Ата-анасына"
0
Не бар екен анадан қымбат маған,
Тал бесікке бөлеген, құндақтаған.
Көз алдымнан ұзасаң сымбатты анам,
Сағынғаннан бір сені күн батпаған.
 
Жүрегіңнің жылуын шашқанда ана,
Оранады шуаққа аспан-дала.
Қасиетін ананың түсінеді,
Адамшылық жолымен басқан ғана.
 
Ойлап кетсем отырып анашымды,
Бұтақ жайған бәйтерек пана сынды.
Жинаған соң бойыма бар асылды,
Өтіп жатыр өмірім жарасымды.
 
Қалсам мен бүгін де егде тартып,
Еркелікті мойныңа келем артып.
Бас ауырып, балтырым сыздай қалса,
Жан таппадым жанашыр сенен артық.
 
Бүкіл тірлік аспанда күнім ғашық,
Ана жайлы ақтардым сырымды ашып.
Мерекесін аналар арқау етіп,
Кетті бүгін кеудемнен жырым тасып.
 
Жалау болып ананың ақылы ізгі,
Құлшындырып еңбекке жатыр бізді.
Өнерлі өрен өсірген елге лайық,
Әлия мен Мәншүктей батыр қызды.
Құлпырғанда кең далам шуағымен,
Қуанышпен көңілді жуа білген.
Құттықтаймын аналар мерекеңмен,
Нұрландырған өмірді қуатыңмен.
Санаттан алынған материалдар "Ата-анасына"
0
Қадырбек Құныпияұлы
Ұрпақтарын таралған
батасымен жебеп тек,
Етегіне оралған
немересін өбектеп.
 
Жетегіне ап қайда да
қиқар ұлды ойнатып,
Жүруші еді аулада,
сар самауырын қайнатып.
 
Ақ жаулығы басында
иығында сұр жемпір,
Қазан-ошақ қасында
жүруші еді бір кемпір...
 
Анам менің жоқ қазір
аспанжа жүр, жерде емес.
Жоқта жүрек, жоқта жыр
Мұның бәрі енді елес.
Санаттан алынған материалдар "Ата-анасына"
0
Асыл анам, нұр шашқандай келбетің,
Сенсіз басып жүре алам ба жер бетін?
Бір қолыңмен балаң жатқан бесікті,
Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің.
 
Ана, жаным, жүре берші қасымда,
Сен өтпеген, бәлкім, осы асу ма?
Әркез маған бата беріп жол нұсқап,
Айтатынсың: «Құлыным-ау, жасыма!».
 
Сұм тағдырды кешіп өттің басымнан,
Сондықтан да ширақ болдың жасыңнан.
Кешір ана, қателессем кеше көр,
Бірақ алыс кете көрме қасымнан.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.