| Материалдар санатында: 513 Материалдар көрсетілді: 281-290 |
Беттер: « 1 2 ... 27 28 29 30 31 ... 51 52 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Құда елуге толғанда
Сыйласып, сіз-біз десіп, сыр алысар,
Бақыт қой құдаң болса құрақ ұшар.
Құйғытып елу деген бір ақ боз ат,
Астынан алты қырдың қылаңытар.
Өмірдің бастайтұғын көшін керуен,
Көзіңнен ізгіліктің отын көрем.
Бір сенің шаңыңа да ілесе алмас,
Талайлар менменсіген төсін көрген.
Сүрінбей келе жатсың талай сыннан,
Жарқылдап, ажарыңа арай тұнған.
Құданың сыйластығы мың жылдық деп,
Дана сөз қалай ғана дәл айтылған.
Армандар жетелейді тым алысқа,
Жүре бер ел-жұртыңа құрақ ұш та.
Шаңыраққа шалқыған шаттық келіп,
Басымыз қосылсын тек қуанышқа.
Құдажан,
Азаматтың тарланы едің,
Ақмаңдай арулардың арманы едің.
О, құда, туған күнің құтты болсын,
Тойлайық құшағында туған елдің.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туыстар
|
Ашып өмір есігін нұрланды күн,
Шашу шаштық сол үшін жырдан бүгін.
Өзіңе де, өзгеге шуақ сыйлар,
Құтты болсын, ..., туғанкүнің!
Бақытты отбасының кеш ғұмырын,
Өмір өзі жазады отты жырын.
... дәм-тұзың құп жарасып,
Ақ сүтіңді ақтасын құлындарың.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туыстар
|
Бүгін біздің отбасында той-думан,
Бәрімізден жаны жайсаң - сой туған.
Аға сенің құттықтауға бас қосты,
Құрбы-құрдас, қариялар ой қуған.
Отыр әне, төр басында әкеміз,
Қасында оның гүл жайнайды тәтеміз.
Әке-шеше бізді аялап өсірген,
Кешіретін болса-дағы қатеміз.
Аға-іні, қарындастар, аналар,
Жезде, жеңге, қайынене, аталар.
Тілек айтып, келіп отыр тойыңа,
Қабыл болсын берілетін баталар!
Келіп отыр: ағайын-жұрт, достарың,
Ауылдағы сыйлас, сырлас жас кәрің.
Бақыт, байлық, ұзақ ғұмыр тілеуде,
Сұлу сөздің түсінеміз астарын.
Болсаң-дағы көп ұл-қыздар біреуі,
Аға сенің қарашаңырақ тіреуі.
Ел ішінде жүргеннен соң мүмкін ғой,
Бірі мақтап, бірі даттап - іреуі.
Тіршіліктің қызығына жайраңдап,
Күле берші, жүре берші сайрандап.
Үлкен-кіші, туыс-туған сүйсініп,
Жібек жіптей мінезіңе қайран қап.
Таси берсін дариядай дәулетің,
Бақыт қонып, жарқырасын сәулетің.
Балаларың қызығын көр, ата бол,
Өсіп-өніп, өркен жайып әулетің.
Қайырым мен мейірімнен жаралған,
Кісілік пен ізгіліктен нәр алған.
Жан шуағың жылытады жүректі,
Күн нұрындай жер-әлемге таралған.
Ақкөңілсің, періштесің баладай,
Пейілің де мына дархан даладай.
Сол мінезің болсын бізге жұғысты,
Кедей де өзін сезінші бір шала бай.
Ауылдасын ағайынға балаған,
Елге сыйлы, жарға адал, балажан.
Ата-ана, бала-шаға қамқоры,
Бәрімізге қадірлісің жан ағам.
Қандай жақсы сендей бауыр болғаны,
Жаны жомарт, дастарқанда мол дәмі.
Менің үшін зор қуаныш, ұлы той,
Жан ағаның қырық жасқа толғаны.
Сағалаған Көксу өзен сауырын,
Той тойлауда елің-жұртың, ауылың.
Жалбарынып Жаратқаннан тілеймін,
Саған бақыт, ұзақ ғұмыр, бауырым!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туыстар
|
Аға, сізді ойласам, шаттанамын,
Тербеледі толқындай бақ талабым.
Жүрегімде өзің деп оянады
Тастай қатып ұйықтап жатқан әнім.
Шүкір деймін өзіңдей жан барына,
Жақсылықты тілеймін жалбарына.
Сіздей аға бар болса – біздей іні
Алаңдамай қарайды алдарына.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туыстар
|
Жан аға, өміріңнің өріндесің,
Қарындас көңіліңнің төріндесің.
Сылдырап Аққайнардан аққан бұлақ
Тағдырдың сындарында жеңілмесін.
Келеміз қиялардан күн кешіп те,
Бауырлық бал сезіммен үндесіп те.
Тербеткен анамыздан айналайын,
Үш ұл алты қызды бір бесікте.
Жақсы аға күнде шуақ жағар жанға,
Мерейім өсіп тұрар ағам барда.
Жасыңнан жақсылыққа құштар едің,
Келесің жарық сыйлап адамдарға.
Ағаға ақ тілегім ақтарылсын,
Әкеге тұрпатыңмен тартқан ұлсың.
Қарасай баба рухы қолдап әркез,
Ордаңа қыдыр қонып, бақ дарысын.
Шашамын жан нұрымды жарқылдатып,
Тілеймін саған әркез жарқын бақыт.
Ағаға арнап бауыр махаббатын,
Жүремін жүрегімді мен тулатып.
Әрдайым Алатаудай аңсап жүрем,
Атыңды асқақтатып ән сап жүрем.
Жаныңа титтей кіршік түспесін деп,
Жан аға, періштеңдей қоршап жүрем.
Анарың – аялдаған асыл жарың,
Ұлдарың – ұлан асу, жасыл бағың.
Қайда деп қарындасым іздегенде,
Мен де әркез, асыл аға, қасыңдамын!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туыстар
|
Ағам қырыққа толғанда
Таң күліп,
Жұлдыз жанып пейіліңе,
Халықтың кірдің, сірә, сеніміне.
Бұл күні салауатты жігіт көрем,
Басылған жастық шақтың желігі де.
Жеңгеміз Жүр көшіңді өрге сүйреп,
Келеді тірлігіңнің керуені боп.
Жаныңда құлындарың шапқылап жүр,
Ойлағын бір құдайдың бергені деп.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туыстар
|
Пейілің кең ешқашанда жұтамас,
Қонақ келсе төріңді ұсын, құшақ аш.
Бауырларың – жал құйрығың, қанатың,
Қанаты жоқ қыран көкке ұша алмас.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туыстар
|
Биігіне шығып талай асқардың,
Өз салаңды адалдықпен басқардың.
Ұл-қызыңды сұңқар құстай түлетіп,
Жолын аштың соңыңа ерген жастардың.
Келе жатқан асқар тауды сағалап,
Секілдісің төрт тұяғы тағалы ат.
Ұрпақтарың ұлық тұтыт өзіңді,
Отбасыңа сая болсын Сағадат
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туыстар
|
Әрбір ісіне адалдықты ту етіп, жеке басының ақыл-парасатымен кейінгілерге үлгі бола білген сүйікті
әпкемізді мерейлі жасымен құттықтай отырып, отбасының берекелі, бала-шағасының аман болуына, денсаулығы мықты қалпында ұзақ жасауына тілектеспіз. Әпке, елге сыйлы, туыстарыңызға бауырмал, әрдайым көпшіл қалпыңыздан айнымаңыз!
Жан әпке, қашаннан-ақ жаны жақсым,
Шыққандай жанарыңнан жадырап күн.
Ең алғаш сен туып, қуантыпсың
Жандарын біздің үлкен шаңырақтың.
Естияр боп тірлікте баянды кем,
Еркелетіп бәрімізді аялап ең.
Жарың кетті бақиға, сен қамықпа,
Бұл күнде таласуда немерелер құшаққа кең.
Балаларың – мәңгілік қуанышың.
Ұстаздық бақытың бар – жұбанышың.
Бір сені саф алтыннан кем көрмейміз.
Нағыз алтын жарқырап тұрады шын!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туыстар
|
Шақырып асқақ арман, дулы дүрмек,
Жүресіз жүректерден жылу іздеп.
Алатау – арқа сүйер ағамызсыз,
Жалғайтын жолыңызды ініңіз көп.
Ізетті қалпынан еш өзгермеген,
Инабатты, көлденең сөзге ермеген.
Жақсылық жасадым деп дандайсымас,
Бәрінде парасатпен безбендеген.
Мәрт жүрек әспеттеген сырласын әр,
Қозғалмас тау қозғалса тұлғасы бар.
Өзіңдей көріп жұрттың барлығын да,
Жасауға бір жақсылық күнде асығар.
Дауырығып бостан босқа ісінбеген,
Өзгеге көлеңкесін түсірмеген.
Адамсыз шен-шекпенге қызықпаған,
Әр сөзің дәлелденген ісіңменен.
Бүкіл жұрт мәрттігіңді қылған аңыз,
Алтынмен жазылыпты жылнамаңыз.
Құрметтеп, хан көтеріп төбемізге,
Ағажан, өзіңізден үлгі аламыз.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туыстар
| Өлеңмен [513] |
| Қысқаша [137] |
| СМС құттықтаулар [62] |
| Орыс тіліне аудармасы қоса берілген тілектер [272] |











