Материалдар тарауында: 77 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 3 ... 7 8 » |
Ыстық қой ата-ана алақаны Аялап көп атсыншы дала таңы. Ортақ боп, қуанышқа келіңіздер, Жайылды мерейтойдың дастарханы
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Өлеңмен
Оу, ағайын! Келді менің Алпысым, Өмірімнің бел белесі – талтүсім. Кең дастархан жаяйын деп отырмын, Шақырамын ағайынның барлығын. Аз ба, көп пе, бұл ғұмырдың жазғаны, Жүрегімде талай арман маздады. Жәй өтті дей алмаймын, ағайын, Өмірімнің Көктемі мен Жаздары. Сол үшін де Бас қосайық, келіңдер, Шарықтасын, шалқысын шат көңілдер. О, Жаратқан, Ел-жұртыммен сыйласып Жүретұғын маған ұзақ Мағыналы өмір бер!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Қос жүрек бірге соғып тыныстады, Баршаға бақыт әнін жар қыламыз. Достарды, жора-жолдас туыстарды Махаббат думанына шақырамыз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Өлеңмен
Құрметті ханымдар мен мырзалар, мына жиналған туған-туысқан, дос-жаран! Сіздерге айтарым, тойымызға келгендеріңізге көп рахмет. Тойда жақсы, көңілді отырдыңыздар. Соның арқасында тойымыз жақсы өтті деп ойлаймыз. Осы қуанышымызбен ортақтасып, ыстық лебіздеріңізді білдіріп, қаншама тамаша тілектер айттыңыздар. Бәрі де қабыл болсын және өздеріңізге жұғысты болсын, Сіздерге де игі тілектер тілейміз. Алда әлі той көп. Басымыз үнемі тойда қосылып жүрсін. Рахмет. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Той иесінің сөзі
Бажа, балдыз, күйеулер, туыстарым Бақытты бол келешекте осы бәрің. Дәм татсын деп бәріңді шақырып ем, Жуайын деп жұбайымның жазылғанын. Жанашырым жалғыз ұл, сүйген жарым, Кім ойлаған бұлай боп ауырарын. Жаның қалмай бәрің де жүгірдіңдер, Осы отырған туыстар барлықтарың. Ал айтарым тыңдасаң саған, жарым, Ең керегі адамға зор денсаулық. Жалғызыңның қызығын көрем десең Алаңдамай еш нәрсеге жаныңды күт.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Тәй-тәй басқан кішкентайымыздың тұсауы кесіліп, болашағына жол ашылғандай күй кешудеміз. Құтты болсын! Өмір жолы ақ, түзу болсын! Ешқашан сүрінбесін, дұшпан көзіне ілінбесін! Өмірі нұрға, көңілі жырға бөленіп жүрсін! Кішкентай адамның басқан қадамы құтты болсын! арайлап атқан әр таңы қуанышқа толы болсын! көзінен жас ақпасын, жамандықтың дәмін татпасын! Қадамын сүрінбей басып, тек қана алға ұмтылсын, басына бақ орнасын, Қыдыр қолдасын!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Тұсау кесер тойы
Басып жатыр бір қадам, екі қадам, Щоқты қара көзінен шашыраған. Қуанышпен кеудеден жасыра алмай, Төр іздейді тіршілік-сахнадан. Балдырғанды бал үміт алға сүйреп, Тәй-тәй басты, қадамың алғаш рет. Қаз-қаз тұрып, Қарыштап жүріп кетсін, Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп. Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам, Құр қалмасын өмірдің сайранынан. Шапқыласын туған жер төсінде еркін, Жігіт болсын желі ескен айдарынан.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Кесілді балам тұсауың, Жалтақтамай аяқ бас! Биік болып ұшарсың, Асқарлармен қанаттас.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Тұсауың кесілді, құлама, Тізеңді жаралап жылама. Құлындай құлдырап жүгірші, Кәніки өзіңді сына да Секірсең құздардан сүрінбе Шыңдарға шыққанда бүгілме. Болаттай қабырғаң қатайып, От ұшқын ойнасың түгіңде. Ұзақ боп Иншалла өмірің, Тасысын шаттықтан көңілің. Жарқырап күн санап өсе бер, Жарқылдап семсердей сенімің.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Тұсауың кесілді, құлама, Тізеңді жаралап жылама. Құлындай құлдырап жүгірші, Кәніки өзіңді сына да Секірсең құздардан сүрінбе Шыңдарға шыққанда бүгілме. Болаттай қабырғаң қатайып, От ұшқын ойнасың түгіңде. Ұзақ боп Иншалла өмірің, Тасысын шаттықтан көңілің. Жарқырап күн санап өсе бер, Жарқылдап семсердей сенімің.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Қыз ұзату [28] |
Отау көтерген мерей тойларға [21] |
Шілдехана [9] |
Тұсау кесер тойы [5] |
Сүндет той [6] |
Тілашар тойы [3] |
Той иесінің сөзі [2] |
Тойға шақыру [3] |