Материалдар тарауында: 77
Материалдар көрсетілді: 51-60
Беттер: « 1 2 ... 4 5 6 7 8 »

Санаттан алынған материалдар "Өлеңмен"
0
Менен туған жырлардың ең сұлуы,
Мен өсірген жемістің ең шырыны;
Шабытымның жаралған шұрайынан,
Тал бойынан табылмас кемшілігі;
Ет жүрегім осынау дүниеге
Еркелетіп жіберген елшілігі -
Қызым менің барады ұзатылып.
 
Ұзатылып барады Назым қызым,
Тіршіліктің ерітіп қалың мұзын.
Бүршік жарған көктемде, гүлін ашып,
Басқа бақта өткізбек жазын, күзін.
Ұзатылып барады Назым қызым.
 
Жаратылған жат жұртқа жазмыштан,
Ұясынан жаутаңдап қазым ұшқан.
Қимастық пен қуаныш тайталасып,
Күтті көңіл тылсым бір саз ұғысқан.
 
Ардағыңды алысқа қимағасын,
Ет кескендей етіңнен киналасың.
Жүрегіңнің тамырын жұлғандай-ау,
Ішке сыйып, сыртыңа сыймағасын.
 
Жыр оқыңдар, жігіттер, ән айтыңдар,
Достарымның қатарын қарайтыңдар.
Бұл өмірде онсыз да жетіп жатыр,
Ақындарды ақымақ санайтындар.
Санаттан алынған материалдар "Өлеңмен"
0
Кеше ғана жүргендейсің балапандай бүлдіршін,
Білім алып, бой жетіп, ой түзедің.
Қанатың қатып, ұшып кеттің ұяңнан,
Қимастықтан ауырды менің жүрегім.

«Қыз - өрісің», «жат жұрттық» деген сөз бар,
Теңіңді таптың жүректен шыққан тілек бар.
Ақылды бол, еркелікті қоярсың,
Бір отаудың келіні сен боларсың.

Енеңді - анам, атаңды - әкем деп ойла,
Барған жерің - өз жұртыңдай сен сыйла.
Сонда ғана жағарсың сен еліңе,
Кір келтірме өзіңнің туған жеріңе

Құдай қосқан қосағыңмен қоса ағар,
Кешірімді, кішіпейіл болыңдар.
Аналық жүректен шыққан ақ тілегім,
«Қабыл болсын» деп Алладан тіледім.

Бір Алла тіл-көзден өзі сақтасын,
Жолдарың ақ, түзу болып басталсын.
Екі жасқа арналған осы ақ тілек,
Періштенің құлағына шалынсын.
Санаттан алынған материалдар "Өлеңмен"
0
Тілеуің тілеп тұрды аппақ,
Қимайды іштей ата – ана.
Қыз едің өскен бұлғақтап.
Аттайсың бөгде босаға.
 
Әлпештеп басқан бауырға,
Кем көрмей ұлдан шалқытып.
Ата – ана қалып ауылда,
Асықтың тұр деп жар күтіп.
 
Анаңның жолын жалғадың,
Жат жұртқа кетіп барасың.
Сүюдің татып бал дәмін,
Жарыңмен тапқын жарасым.
 
Бақыт бол барған жеріңе,
Жүзіне кірбің жуымай.
Береке қонсын төріңе,
Демесін жаман қылығы-ай.
 
Қылығың түзде – ержеттің,
Ие бол ақыл – тізгінге.
Гүлі бол  барған әулеттің,
Тастай бат, судай сіңген де.
 
Тіршілік деген майдан бұл,
Өмірдің әлі сыны алда.
Жарыңмен бірге жайнағын
Ұқсағын асқақ шынарға!
Санаттан алынған материалдар "Өлеңмен"
0
Жас отау бүрін жарды жаңа гүлдеп,
Пенденің жетсем деген талабы көп.
Қадамың құтты болсын, құда-жекжат,
Отырмын мен де,
Сен де балалы боп.
 
Үмітпен ұл да өсірдік,
Қыз да өсірдік,
Дейтіндей құдалықтың міндетін ұқ.
Келінді өз қызымнан кем көрмеспін,
Жайласын жас отаудың іргесін құт.
 
Құданы мың жылдық деп айтпас бекер,
Қуаныш ортақ сізге,
Көңіл көтер!
Құдалар бір-бірімен тату болса,
Екі жас мұратына сонда жетер.
 
Болғанмен ұл менікі,
Қыз сенікі,
Екеуін тең көреді білген кісі.
Жатырмыз төсті төске түйістіріп,
Сыйластық –
Құдалықтың бір белгісі.
Санаттан алынған материалдар "Өлеңмен"
0
Бала-ортақ,
Жатсын, құда құрметтеп,
Құдалық-сын,
Ол да өзінше бір мектеп.
Қарсы аламын төбеге тік көтеріп,
Құда-жекжат жатса егерде іздеп кеп.
 
Екі бала бәрімізді сыйлы етсін,
Күйеу демен,
өз ұлым деп жүрмекпін.
Қызыңдай көр,
Құдаға айтар қолма қол,
Ал, құдағи білмей жатса үйреткін.
 
Құлаққағыс,
Айттым-құда назын жай,
Күй кернесін Құрманғазы сазындай.
Екі бала ортақ бізге, сондықтан,
Мың жылдыққа
Жүрсін құшақ жазылмай!
Санаттан алынған материалдар "Өлеңмен"
0
Қыз ұзату тойына
Алтынымыз мақтанар,
Тілеуші едік басыңа
Болсыншы деп бақ қонар.
Сол сәт бүгін келіп тұр
Ақ тілекті ақталар.
Көлге біткен құрағым,
Өрге біткен шырағым.
Анаң сенің шаттанар,
Табылды деп сыңарың.
Әкең сенің мақтанар
Маздады деп шырағым.
Санаттан алынған материалдар "Отау көтерген мерей тойларға"
0
Абзал ата-анамыз! Өмір өзені бүгінде Сіздерді тамырын тереңге жайған алып бәйтерекке ұқсатты. Ұл-қыздарыңыздан сүйген  немере-шөберелерің осының жарқын айғағы.
Ұрпағы өсіп-өнген, халқының қадірменді қариялары атанған Сіздерді қол ұстасып өткізген 55 жылдық тойларыңызбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, көп қуаныш, ұзақ ғұмыр тілейміз! ……… әулеті Сіздердің әлі талай тойларыңыздың куәсі болсын!
Санаттан алынған материалдар "Отау көтерген мерей тойларға"
0
Жандары жайдары, барынша мейірбан, достары көп, тілекшілері мол, ағалық пен даналықты бойына сіңіре білген, «ел» десе егіліп, «халық» десе төгіліп, «Отан» десе өз еркімен жегілетін, қазыналық ақсақал жасына жетіп отырған осы екі асыл жанды мерейтойларымен шын жүректен құттықтап, шаңырақтарына шаттық, баянды бақыт, өздеріне зор денсаулық тілей отырып, өмірдің барлық қуанышын бірге қызықтап, Алланың берген жасын қос аққудай бірге жасап, кісілік келбеттерінен танбай, несібе-дәулеттерінің арта беруіне ақ тілегімізді білдіреміз!
Санаттан алынған материалдар "Отау көтерген мерей тойларға"
0
Күміс тойға аман-есен жету үшін ер төзімді темір, зайып мінезі алтын болу шарт екен. Бұл екеуінің бойына да осы екі мінез ұялаған. Дәл осындай қарқынмен, тамаша қасиеттеріңді сарқып алмай, алтын тойларыңа жетулеріңе тілектеспіз!
Санаттан алынған материалдар "Отау көтерген мерей тойларға"
0
Алтын тойға жеткен бар, жетпеген де бар! Алла өзі іріктеп, бұл күнге алтын жүректі, алтын мінезді адамдарды ғана жеткізеді екен! Төрдегі алтын адамдарымыз аман болсын! Алтын той алға жетелей берсін! Бәрімізде алтын тойға жетейік!
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.