Материалдар санатында: 28 Материалдар көрсетілді: 11-20 |
Беттер: « 1 2 3 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Қарағым, мен бүгін үйлену тойыңа барамын, Мен бүгін өзіңнен адасып қаламын, қарағым. Шараптың уы іріп қаныма Отырам бейтаныс біреудің жанына. Көкешім, налыма, Мен сені ұзатам бағыңа. Тұман боп жанары, әкең де шешең де қалады, Достарың күңіреніп, Еңліктің әніне салады, Әкең де қалады, шешең де қалады. Баласын баласы әкетіп барады. Көкешім, мұңайып нетесің, Сен бүгін ұшасың, кетесің, көкешім. Әкеңнен, әкеңе жетесің, Мұңайма, көкешім.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Оң аяқпен аттандың, Гүл бітсін қонған қияңа Келіп жүр сүйген жарыңмен Өзің ұшқан ұяңа!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Ұзатылып барады Балжанымыз, Қарындас, сіңлі, құрбы, қарағымыз. Балжанымыз бақыттың бақшасы боп, Жүруге жарай алса дән ризамыз. Сан түрлі қасиет бар бір өзінде – Көркінде, ақылында, мінезінде. Ортада нұрын шашып жүргенінде Қадірін жақсы адамның білеміз бе?! Ұжымның қадірменді қорғаны еді, Қимастан ұзатады арман елі. Әріптеске бақыт тілеп қалдық міне, Әлпештеп аяласын барған жері.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Өмірдің өрлеп шықсын белесіне, Мұхитқа жетсін жүзіп кемесі де, Бір үйдің әлпештеген еркесі екен, Ата менен сыйлы болсын енесіне. Үлкенді қадірлеуден жалықпасын Жарқылда жарыңның да тауып бабын. Қадірлеп айналайын бір-біріңді, Қырандай қия шыңға шарықтағын. Тағдыр қосып табылыпты қосағың Әлі ақталар жабдығыңмен жасауың. Шаттықталар шаңыраққа айналсын Керегесін кеңге жайып отауың. Құтты болсын ақ қадамың Келін болу жолы ғой қыз баланың Барған жерде жақсы келін атанып Қуанышын сыйласын әрбір қадамың.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Бекзаттарым-ай, Жекжаттарым-ай, Жекжат болып аулыма кеп жатқаның-ай! «Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді» жеген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден - өтті, сіздерге – жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді» дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік – Сіздерде, құдалар!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын, жүрегі қалай ғана сыздамасын. Құдалар, алақанға салып бердік, жұлып алып жүректің бір парасын. Көңіл де, көз де тояр да, күйеу бала, болмассың үш жұртыңа сүйеу ғана. Жарыңның бақыты бол, жұлдызы бол, осындай қыз бұл дүниеде біреу ғана. Шаттана жүріп шаңырағын көтерген, ұйымдаса жүріп уығын қадаған, келісе жүріп, керегесін керген жас отауларың құтты болсын!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Еліңе елеулі бол, Халқыңа қалаулы бол. Ата-енеңе жағымды бол, Қайынаға, қайындарға қайырымды бол. Ауылыңа айбарлы бол, Күйеуіңе жайдарлы бол.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
ұзату тойында той иесіне айтылатын тілек Адамның бір қызығы бала деген, Баласыз көңіл шіркін толар ма екен. Дүбірлі той жасамай баласына, Қазақтың жағасы жайлауына қонар ма екен. Құтты болсын шалқар тойың, Тарқамасын үйіңнен қызық-ойын. Бақытына кенеліп екі жастың, Тола берсін ырысқа қоныш-қойның. Ақ тілегің ақтарылған бүгін дәйім, Қабыл болсын ниеттер ылғидайын. Түгенделген ұлыңның үш жұртының, Ынтымағы жарассын барған сайын. Кенелген көкірегіме тілегімді, Білесің ақ көңіліммен тілерімді. Ұрпағың ұрпағыңа ұлассын деп, Ұсындым ақ тілеулі жүрегімді!!!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Қонақтан кетпей төрлерің, Ісіңнің таппай ел кемін. Тамсан мақтап көп адам Баса алмай жүрсін шөлдерің. Қалаулы бол халыққа, Еңбектен еш жалықпа. Қосылған сүйіп жарыңмен Аққудай мәңгі қалықта.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Көкірегі сырға толы күй-дастан, Алатаудай арманы бар жүздеген, Өзі өскен ортасына сыймастан Түзден бақыт іздейді екен қыз деген. Тағдыры оның суық қарап, сыздана, Шешімі ауыр сын артқанмен санаға. Көктемдегі қарлығаш қой қыз бала, Айналатын шуақ шашқан Анаға!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Өлеңмен
Қыз ұзату [28] |
Отау көтерген мерей тойларға [21] |
Шілдехана [9] |
Тұсау кесер тойы [5] |
Сүндет той [6] |
Тілашар тойы [3] |
Той иесінің сөзі [2] |
Тойға шақыру [3] |