Материалдар тарауында: 64
Материалдар көрсетілді: 1-10
Беттер: 1 2 3 ... 6 7 »

Санаттан алынған материалдар "Баспасөз қызметкерлеріне"
0
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, бүкіл саналы ғұмырын баспасөз саласына арнап келе жатқан әріптеісімізді бүгін мерейлі 55 жасқа толуымен құттықтай отырып, шығармашылық еңбегіне шабыт, отбасына амандық, зор денсаулық тілейміз. Әрдайым қаламыңыз жүрдек, ойыңыз сергек болып жүре бергейсіз.
Игі ілтипатпен, бір топ әріптесіңіз.
Санаттан алынған материалдар "Өлеңмен"
0
Тилшилериниз дарынды болсын,
жаналыктарыныз жагымды болсын, 
каламдарыныз карымды болсын, 
Жолдарыныз ак болсын! 
Бастарына бак консын!
Санаттан алынған материалдар "Қаржыгерлерге"
0
Бүгін. 15 қарашада, экономиканың қаржы секторының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі – Қаржыгерлер күнін тойлау үстінде. Осы күнді таңдау кездейсоқ емес және бұл күн өзіміздің ұлттық валютамыз - теңгенің 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға енуімен байланысты.
Адамзат кез-келген жұмыстың, әр мамандықтың абыройлы екендігін және де адамның өз жұмысына қаншалықты жауапкершілікпен қарап, қаншалықты ынта-жігермен жұмыс істейтініне байланысты болатынын әрқашан мойындап отырған. Барлық кәсіп өздігінше ерекше және маңызды. Әр кәсіптің өзінің жұмыс айрықшылығы, өзінің қайталанбас тарихы, өз құндылығы және өз батырлары бар. Әрине, дерлік әр кәсіптің өзінің ерекше аталып өтетін мерекелі күні- өзінің кәсіби мерекесі де бар!
Біздің кәсіби мерекеміз - Қаржыгерлер күні және ұлттық валюта күні ең ыстық құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстан экономик асының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспіз .
Дендеріңіздің сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімізді білдіреміз!
Санаттан алынған материалдар "Медицина қызметкерлеріне"
0
Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Сіздерді  кәсіптік мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. 
Адам өміріне арашашы абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімді білдіремін.
Санаттан алынған материалдар "Медицина қызметкерлеріне"
0
Өз істеріне тиянақты, жылы сөз, ізгі лебіздерімен адам жанын жадыратады. Әрі жасаған ем-домдары да көңілге қонымды.Әрбір маман емделуші адамдардың жағдайын жасап, олардың тез жазылуына ықпал етеді. Осындай абзал мамандардан ем алып, сырқатымыздан айығамыз. Барлық жаны таза, абзал ақ халатты мамандар мен медбикелерді шын көңілден төл мерекелерімен құттықтаймын.
Санаттан алынған материалдар "Медицина қызметкерлеріне"
0
Ойланып қарасаң, күллі байлықтың жиынтығы не ақша, не болмаса таудай үйілген алтын емес, деннің саулығы ғана. Сол себептен, басымыз ауырып, балтырымыз сыздай қалса ем іздеп, бәріміз алдына баратын дәрігерлер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Олардың әр еңбегін бағалап отыру, оларға деген құрметімізді көрсетеді. Ақ халатты абзал жандардың еңбектерi қандай марапатқа болса да лайық. Ақ халатты абзал жандар да аянбай тер төгіп, әр адамның өмірі үшін қолдан келгенін аянар емес.
Санаттан алынған материалдар "Медицина қызметкерлеріне"
0
Ақ халатты абзал жандар ретінде әр науқастың жанына желеу болып, ауруға қарсы тұрып, саулығын қалыптастырып қана қоймай, адам бойына өмірлік күш-қуат беріп,«Гиппократ антын» өзінің өмірлік кредосы ретінде қабылдап, қоғамның басты байлығы саналатын адам өмірінің сақшысы бола білген ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегі, атқарған істері, әрқашанда халықтың көңілінен шығады.
Санаттан алынған материалдар "Медицина қызметкерлеріне"
0
Мансаптың да, қызметтiң де, атақтың да, байлықтың да дәрiгер үшiн құны көктиын. Дәрiгерге ең қажетi - адамның денсаулығы, оның тағдыры. Науқас адам жанына дәру iздеп, дәрiгерге барары хақ. Үмiтке үмiт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып жататын да осы ақ халатты абзал жандар. Осындай бiлiм мен мейiрiмдiлiктi ұштастыра бiлген ақ халатты абзал жандарды төл мерекесімен құттықтап, дендеріне саулық, отбасыларына бірлік, береке тілейміз.
Санаттан алынған материалдар "Медицина қызметкерлеріне"
0
Операция үстелі - өмір мен өлімнің арпалысқан мекені. Осы жерде дәрігерлер адам өміріне тіршілік нәрін беремін деп жанталасып жатады. Солардың шипалы қолдарының арқасында өмірден күдерін үзген науқас адамдар аман-есен жарық дүниеге қайта оралады. Осындай бақытты жандардың атынан барлық медицина қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіріп, еңбектеріне сәттілік тілейміз.
Санаттан алынған материалдар "Медицина қызметкерлеріне"
0
Ақ халатты абзал жандар болмаса, жер бетінде тіршілік болар ма? Бас ауырып, балтырымыз сыздаса дәрігерлердің көмегімен ғана жанымызға жай табатынымыз шындық.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.