Материалдар санатында: 29 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 3 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Ұстаздар күні - бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар. "Ұстаз" сөзінің өзі "Отан", "Ар", "Адамгершілік" сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр. Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар! Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! "Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті" десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Мұғалімдер күні
Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Мұғалімдер күні
Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Мұғалімдер күні
Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Мұғалімдер күні
Ұстаз деген ұғым бар, мына дүниеде. Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді білдіретін. Санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялататын. Өмірді ұғынуыңа себеп болатын, тірлікке кіруіңе көмек болатын. Әр кезде аялайтын, дәрісті аямайтын. Бықсытпайтын, жандыратын. Тұлғалық табиғатын мәңгілік қалдыратын. Ұғымы ұшар биікпен пара-пар ұстаздың бірінен біздер де тәлім алдық. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Мұғалімдер күні
Шәкірттеріне аса мейірімді, сөзіне берік, шыншыл мінезді, жүрегі батыр, өнегесі асыл, жаны жомарт, пейілі дарқан, ерен еңбекшіл, байламы берік, ойы өткір ұстаздар! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Мұғалімдер күні
Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліп үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. Аса көрнекті қазақ геологы, ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және тұңғыш президенті, академигі Қаныш Сәтбаевтың айтуынша "...1 қыркүйекте не салтанатты шеру, не салюттер болмайды. Бірақ бұл күн ешқандай мерекемен тең келмейтін, білімнің асқар шыңына жетелейтін, қайталанбайтын күн. Бұдан асқан ұлы мереке жоқ”- деп толғаған. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі. Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз. Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Мұғалімдер күні
"Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Мұғалімдер күні
Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер, саламатты денсаулық және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуларыңызды тілеймін. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Мұғалімдер күні
Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз ?р оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген ш?кірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… И?, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге с?ттілік тілейміз. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Мұғалімдер күні
Мұғалімдер күні [29] |
Медицина қызметкерлеріне [11] |
Отан қорғаушылар күні [11] |
Ұстаз күні, мектеп бітіру [10] |
Баспасөз қызметкерлеріне [2] |
Қаржыгерлерге [1] |