| Материалдар тарауында: 710 Материалдар көрсетілді: 11-20 |
Беттер: « 1 2 3 4 ... 70 71 » |
| Жастарға айтарым, сүрінгенде асқар таудай сүйеніш болып, құлағанда қолдап, демеп жүрер әке-шеше әрдайым тіректерің. паналарың болатынын есте сақтаңдар. |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 1.0-
Санаты: Үйлену тойына орай
| "Махаббат" байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар! Аспандарың ашық болсын, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін! |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Үйлену тойына орай
| Екі жастың көтерген шаңырағы биік,босағалары берік болсын! Махаббаттары баянды да тәтті болсын ! Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын ! Тату да тәтті өмір сүріңдер! |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Үйлену тойына орай
|
Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын!
Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын!
Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 3.0-
Санаты: Үйлену тойына орай
|
Бір ұлы дана «Біз өмірге шыр етіп келгенде емес, жүрегіміздегі махаббат сезімі оянған сәтте ғана өмірге келеді екенбіз. Өйткені махаббат адамға ұшатын қанат береді және де оны мейірімді етеді, сонымен қатар ол бүкіл әлемді өзінің жылуымен құшағына ала алады» деген екен.
Қымбатты жас отаудың иелері, міне, бүгін екеуіңнің шаңырақ көтергендеріңнің куәсі болып отырмыз. Сендерге тілеріміз: махаббаттарың Қозы мен Баянның, Ләйлі мен Мәжнүннің махаббатынан кем болмасын! Бір-біріңе деген ыстық сезімдерің суымасын, жұптарың жазылмасын! Бастарыңа бақ құсы қонсын!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Үйлену тойына орай
| Замандарыңыз тыныш, бейбіт болсын! Өсіп - өніп, біріңіз асқар тау әке, екіншіңіз аяулы ана болыңыздар! Тамырларыңыз тереңдеп, бұтақтарыңыз жайылсын, жемістеріңіз көбейсін! Әумин |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Үйлену тойына орай
| Бір философ; «Үйлену дегеніміз – екі адамның бір-біріне қарап отыруы емес, екеуінің бір бағытқа қарауы» депті. Демек, бұл – екі адамның мақсат- мүддесі мен өмірлік ұстанымдарының, көзқарастарының бірігуі десек жаңылыспайтын шығармыз. Болашаққа бірге қанат қағып, бақытқа жету жолында бір-бірін қолдауды мақсат тұтып, бас қосқан бүгінгі жас жұбайлардың бір-біріне деген сенімі мықты болсын! |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Үйлену тойына орай
|
Той үстінде жас жұбайлардың біріне арналып айтылады:
Құрметті_______! Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, өзім тойға дайындалып, шашты күзеп, бойды түзеп, шалбардың қырын сымдай, көйлекті тегіс жымдай жатсам, атын атамай-ақ қояйын, біреу келіп, «мына хатты тойда оқып берші», - деп қиылып тұрып алды. Уәде берген соң, оқымасқа амал жоқ:
Қымбатты _______! Жанымнан жақын көрген жүрегімнің жартысы өзің едің! Енді міне сен де мені қиып, басқа жанмен отау құрып жатырсың. Қалайша ғана ұмыттың, естен кетпес талай айлы түндерді екеуміз бірге өткізіп едік қой. Сонда сен мені, мен сені қимай, арман құшағына терең бойлап, талай арайлы таңдарды қарсы алған едік. Жұбымыз жазылмаған кездерімізді еске алсам, қаяулы көңілім қарс айырылады. ....., өзің айтшы, қалай мені басқаға айырбастап кеттің? Өзіңмен қоштасу атты тойыңа келе алмасам да, хатымды жолдап отырмын. Тым құрығанда анда-санда еске алып отырарсың. Тағы не жазайын, мен сенің жүрегіңде мәңгі орын теуіп қалмасымды біле тұрсам да, бірге өткізген жалынды жастығымыз, уылжыған бал түндеріміз бен шуақты күндеріміз сенің есіңде мәңгіге жаңғырып қалатындығына кәміл сенуші өзіңнің сүйікті /біраз үнсіздік/ бойдақ кездерің!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Үйлену тойына орай
|
Құрметті _______ мен _______!
Сіздерді бүгінгі салтанатты заңды некелеріңізбен, отау құрып, шаңырақ көтерулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздерге тілерім жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттанған қадамдарыңыз құтты болсын!
Отбасының қуанышын, алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен бірге өткізіп, келешектерің тек сәттілікпен жалғаса берсін.
Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін, бір-біріңе қадір тұт, жұрт үлгі алсын, үңілсін дегендей екі жүрек сенімдерің ақ, бір-біріңе деген сезімдерің пәк болсын.
Жақсы әйел – жігітке біткен бақ, жақсы жар, жайлы қоныс – алтын тақ дейді. Шаңырақтарыңыз биік босағаларың берік болсын
_______ Жаңылға адал жар бол, Жаңыл осы шаңыраққа қонған бақ құсы бол. Ата-ана, туған-туыс пен бауырларыңызға сыйлы және үлгілі отбасы болыңыздар. Әрдайым шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақытқа және сәбидің үніне толсын.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Үйлену тойына орай
|
Егіз аққу сияқтанған достарым,
Бастапсыздар жұбайлы өмір – дастанын.
Мықты болсын тіккен ордаң – отауың,
Құтты болсын алғаш түндік ашқаның.
Бір ісіңнен асып түсіп бір ісің,
Шарықтасын құт береке – ырысың.
Мәңгі болсын,
Мәнді болсын Ұлысың!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Үйлену тойына орай











