Жеңіс күніне орай (8 мамыр)

Материалдар санатында: 27
Материалдар көрсетілді: 1-10
Беттер: 1 2 3 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Жеңіс күніне орай (8 мамыр)"
0
Жеңістен соң қаншама арман мен үміт ұрыс даласында жер бауырлап қалды. Әр жеңістен соң ананың көзінен аққан гауһар тамшы омырауда қақ болып қатты. Жеңіс осылай келгендігі, қырманға суырылған әр дән аталардың жауға қарсы кезенген қаруына оқ болып енгені, бәрі де қымбат. Кейінгі ұрпаққа қолмен нұсқап, «әне, Отан үшін от кешкен аталар, соған ұқсап бақ!» деп айта алатын кезеңдеміз. Сол үшін де бақыттымыз!
Санаттан алынған материалдар "Жеңіс күніне орай (8 мамыр)"
0
Жастық шақтың жалындаған шағын толарсақтан саз кеше жүріп, Отан деген ұлы сезім үшін кеуделерін оққа төсеп, Жеңіс күнін жақындатуға жұмсаған Ұлы Отан соғысының жауынгерлері үшін мамырдың 9-ы өліп-тірілген күнмен бірдей. Қаншама боздақ бұған жете алмай, қыршынынан қиылды. Жеткендерінің алды бүгін тоқсаннан асқан, соңы сексеннің сеңгіріне шыққан ақ жаулықты әжелер мен аталар.
Жас ұрпақ сіздердің алдарыңызда борышты. Олар сіздер қасық қандарыңыз қалғанша күресіп, жаудан аман-есен қалған бейбітшілік құнының баға жеткізгісіз қымбат екендігін біліп, оның өмір бойы аялап өтеді.
Санаттан алынған материалдар "Жеңіс күніне орай (8 мамыр)"
0
Ел басына күн туған кешегі соғыс кезінде ер-азаматтар қолдарына қару алып, ел қорғауға аттанған. Талай қанды қырғынды бастарынан кешіріп, жеңісті жақындатқан майдангер батыр аталарымыз.
«Елдің көркі ерімен, Отан көркі жерімен» дегендей, ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батыр аталарымыз аз емес. Олар ең алдымен ұлты үшін, халық үшін жанын құрбан еткен жандар.  Жыл өткен сайын қатары азайып бара жатқан майдангер аталарымыздың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есімдері ұмытылмай, келер ұрпақтың есінде жатталып қалуы керек.
Санаттан алынған материалдар "Жеңіс күніне орай (8 мамыр)"
0
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні деп тойласақ та, оның салмағының ауыр болғанын  бүгінгі ұрпақ ешқашан да ұмытпауы тиіс. Омырауларында жарқыраған орден-медальдарын тағып анадайдан көзге оттай басылатын ардагер ағаларымыз бұл күнді асыға күтеді. Бұл күн – Жеңіс күні болуымен қатар соғыстан оралмаған үзеңгілес қатарларын еске алып, жанарларынан тамған жас тамшылары өткен күннен белгі беріп тұрғандай. Жүздеріңді мұң шалмасын, көңілдеріңе кірбің түспесін, қатарларың азаймасын, ардагер ағалар!
Санаттан алынған материалдар "Жеңіс күніне орай (8 мамыр)"
0
Жеңіс күні бәріміз үшін айрықша қымбат, қасиетті мереке. Бұл тек, сол соғыста жеңіске жеткенімізді атап өтетін күн ғана емес. Ол – сол соғыста Жеңісті жақындату үшін жан аямай шайқасып, қан майданнан оралмай, еліміздің берік қорғанындай болып қалған арыстарымызды еске алатын күн.
Санаттан алынған материалдар "Жеңіс күніне орай (8 мамыр)"
0
Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал Сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер.
Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде.
Сіздердің ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін , құрметті ардагерлер, Сіздердің алдарыңызда бас иеміз.
Санаттан алынған материалдар "Жеңіс күніне орай (8 мамыр)"
0
Сұрапыл соғыстың қиямет-қайым ауыртпалықтары оқ пен оттың ортасында жүрген  майдангерлердің ғана емес, алыс тылдағы барша халықтың қабырғасына батқан сол жылдар санадан әлі ұмытылған жоқ. Елде қалған қарттар мен әйелдер де, тіпті буыны қатып, бұғанасы бекімеген жас балалар да көп бейнет көрді. Еңіреген етегі жасқа толған елді, әсіресе ойын балаларының нағыз бұла өсетін шағында бәрінен жұрдай болып, жұмысқа жегілді.
Ел тілегі ақталды, ақ түйенің қарыны жарылған күнде жетті.
Санаттан алынған материалдар "Жеңіс күніне орай (8 мамыр)"
0
- Жер әлемді сілкінткен соғыс өртінің жеңіспен тұншықтырылғанына да міне, 66 жыл болды. Елімізге орасан зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының от шарпуы тимеген шаңырақ жоқ шығар. Бұл соғыстағы жеңіс қазақ халқы үшін төрт жүз мыңға жуық құрбандыққа түсті. Ол соғыста қазақстандық майдангерлер жанкешті қаһармандықтарымен басқа европалық ұлттардың алдында өздерінің ешкімнен кем емес, қандай істе де, кіммен болса да терезесі тең екенін дәлелдеп шықты.
Санаттан алынған материалдар "Жеңіс күніне орай (8 мамыр)"
0
Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады. Биыл міне, сол Жеңіс күні елімізде алпыс алтыншы рет атап өтілгелі отыр.
Санаттан алынған материалдар "Жеңіс күніне орай (8 мамыр)"
0
Жер-дүниені дір сілкінткен соғыс өртінің сөнгеніне биыл 66 жыл толып отыр. Елімізге зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының зардабы тимеген шаңырақ жоқ десе де болады.
Бұл соғыстағы жеңісте қазақ халқы талай боздақтарынан айырылды. Әкелеріміз бен ағаларымыз қан майданда толарсақтан саз кешіп, жанкешті қаһармандылығымен басқа ұлттар алдында өздерінің ерлігін көрсете білді.
Соғыстың алғашқы сәттерінен-ақ, қазақстандық жауынгерлер Бөгенбай мен Қабанбайдың, Наурызбай мен Райымбектің, Махамбет пен Исатайдың ұрпақтарына лайық ұрыс салды. Ажалда қасқайып қарсы тұрған қаһармандарды басқалар еріксіз мойындауға мәжбүр болды. Бауыржан мен Төлеген, Нүркен мен Талғат, Рақымжан мен Қасым, шығыстың қос жұлдыздары Әлия мен Мәншүк сынды ерлер халқының батыр екендігін дәлелдеді.
Соғыс зардабы туралы сөз етсек, өрімдей он сегіз бен қылшылдаған қырықтың арасындағы азаматтардың Отан үшін арпалысқаны түскені еске түскенде, жаныңды қоярға жер таба алмайсың. Үйлі-баранды болып, бала сүйетін шақтарында арманда кеткен боздақтар көп болғандығы өкінішті-ақ.
Жыл өткен сайын соғыс ардагерлерінің саны азайғанмен олардың жасаған ерлігі бүгінгі ұрпақ санасында мәңгі қалмақ.
1-10 11-20 21-27
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.