Материалдар санатында: 147 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 3 ... 14 15 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Бүгінгі тойыңыз ырыстың бұлағы болсын. Отбасыңыз үбірлі, шаруаңыз дүбірлі болсын. Алдыңызда ақ мол болып, басыңызға бақ келіп қонсын. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 5.0
Санаты: Үйлену тойына орай
«Келіні жақсы үйдің керегесі – алтын» немесе «Келін келді дегенше, керегені алтын қылып ұстар адам келді» деп жатады, сол келініміздің ақ жүзінен тек күміс күлкіні көруге жазсын. Ырыс-дәулет шаңырағыңыздан кетпесін, несібелеріңіз әрдайым мол болсын.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Үйлену тойына орай
Жастарға айтарым, сүрінгенде асқар таудай сүйеніш болып, құлағанда қолдап, демеп жүрер әке-шеше әрдайым тіректерің. паналарың болатынын есте сақтаңдар. |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 1.0
Санаты: Үйлену тойына орай
"Махаббат" байлық пен бақыттың қолдағанын ұнатады дейді, ендеше бай болыңдар, бақытты болыңдар! Аспандарың ашық болсын, дастархандарыңнан қонақ үзілмесін! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Үйлену тойына орай
Екі жастың көтерген шаңырағы биік,босағалары берік болсын! Махаббаттары баянды да тәтті болсын ! Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын ! Тату да тәтті өмір сүріңдер! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Үйлену тойына орай
Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын! Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын! Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 3.0
Санаты: Үйлену тойына орай
Бір ұлы дана «Біз өмірге шыр етіп келгенде емес, жүрегіміздегі махаббат сезімі оянған сәтте ғана өмірге келеді екенбіз. Өйткені махаббат адамға ұшатын қанат береді және де оны мейірімді етеді, сонымен қатар ол бүкіл әлемді өзінің жылуымен құшағына ала алады» деген екен. Қымбатты жас отаудың иелері, міне, бүгін екеуіңнің шаңырақ көтергендеріңнің куәсі болып отырмыз. Сендерге тілеріміз: махаббаттарың Қозы мен Баянның, Ләйлі мен Мәжнүннің махаббатынан кем болмасын! Бір-біріңе деген ыстық сезімдерің суымасын, жұптарың жазылмасын! Бастарыңа бақ құсы қонсын!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Үйлену тойына орай
Замандарыңыз тыныш, бейбіт болсын! Өсіп - өніп, біріңіз асқар тау әке, екіншіңіз аяулы ана болыңыздар! Тамырларыңыз тереңдеп, бұтақтарыңыз жайылсын, жемістеріңіз көбейсін! Әумин |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Үйлену тойына орай
Бір философ; «Үйлену дегеніміз – екі адамның бір-біріне қарап отыруы емес, екеуінің бір бағытқа қарауы» депті. Демек, бұл – екі адамның мақсат- мүддесі мен өмірлік ұстанымдарының, көзқарастарының бірігуі десек жаңылыспайтын шығармыз. Болашаққа бірге қанат қағып, бақытқа жету жолында бір-бірін қолдауды мақсат тұтып, бас қосқан бүгінгі жас жұбайлардың бір-біріне деген сенімі мықты болсын! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Үйлену тойына орай
Той үстінде жас жұбайлардың біріне арналып айтылады: Құрметті_______! Тойдың болғанынан боладысы қызық демекші, өзім тойға дайындалып, шашты күзеп, бойды түзеп, шалбардың қырын сымдай, көйлекті тегіс жымдай жатсам, атын атамай-ақ қояйын, біреу келіп, «мына хатты тойда оқып берші», - деп қиылып тұрып алды. Уәде берген соң, оқымасқа амал жоқ: Қымбатты _______! Жанымнан жақын көрген жүрегімнің жартысы өзің едің! Енді міне сен де мені қиып, басқа жанмен отау құрып жатырсың. Қалайша ғана ұмыттың, естен кетпес талай айлы түндерді екеуміз бірге өткізіп едік қой. Сонда сен мені, мен сені қимай, арман құшағына терең бойлап, талай арайлы таңдарды қарсы алған едік. Жұбымыз жазылмаған кездерімізді еске алсам, қаяулы көңілім қарс айырылады. ....., өзің айтшы, қалай мені басқаға айырбастап кеттің? Өзіңмен қоштасу атты тойыңа келе алмасам да, хатымды жолдап отырмын. Тым құрығанда анда-санда еске алып отырарсың. Тағы не жазайын, мен сенің жүрегіңде мәңгі орын теуіп қалмасымды біле тұрсам да, бірге өткізген жалынды жастығымыз, уылжыған бал түндеріміз бен шуақты күндеріміз сенің есіңде мәңгіге жаңғырып қалатындығына кәміл сенуші өзіңнің сүйікті /біраз үнсіздік/ бойдақ кездерің!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Үйлену тойына орай