Үйлену тойына орай

Материалдар санатында: 147
Материалдар көрсетілді: 11-20
Беттер: « 1 2 3 4 ... 14 15 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Үйлену тойына орай"
0
Құрметті  _______ мен _______!
Сіздерді бүгінгі салтанатты заңды некелеріңізбен, отау құрып, шаңырақ көтерулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздерге тілерім жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттанған қадамдарыңыз құтты болсын!
Отбасының қуанышын, алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен бірге өткізіп, келешектерің тек сәттілікпен жалғаса берсін.
Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін, бір-біріңе қадір тұт, жұрт үлгі алсын, үңілсін дегендей екі жүрек сенімдерің ақ, бір-біріңе деген сезімдерің пәк болсын.
Жақсы әйел – жігітке біткен бақ, жақсы жар, жайлы қоныс – алтын тақ дейді. Шаңырақтарыңыз биік босағаларың берік болсын
_______ Жаңылға адал жар бол, Жаңыл осы шаңыраққа қонған бақ құсы бол. Ата-ана, туған-туыс пен бауырларыңызға сыйлы және үлгілі отбасы болыңыздар. Әрдайым шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақытқа және сәбидің үніне толсын.
Санаттан алынған материалдар "Үйлену тойына орай"
0
Егіз аққу сияқтанған достарым,
Бастапсыздар жұбайлы өмір – дастанын.
Мықты болсын тіккен ордаң – отауың,
Құтты болсын алғаш түндік ашқаның.
 
Бір ісіңнен  асып түсіп бір ісің,
Шарықтасын құт береке – ырысың.
Мәңгі  болсын,
Мәнді болсын Ұлысың!
Санаттан алынған материалдар "Үйлену тойына орай"
0
Өмірлері бақытты, әнді болсын,
Өңірлері осындай сәнді болсын!
Достық пен жастық шақ жалын атып,
Ақ махаббат баянды, мәнді болсын!
Халқыңа қалаулы бол,
Еліңе елеулі бол.
Бір баламыз екеу болсын,
Жас жұбайлар одағы бекем болсын.
Санаттан алынған материалдар "Үйлену тойына орай"
0
Екі бұлақ бір арнаға тоғысты,
Екі жүрек ұғынысты, табысты.
 
Тілейікші аппақ арман – ағысты,
Тұлпарға тән озып шығар шабысты.
 
Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп,
Кел, достарым, жақсы тілек етелік!
 
Үйленгендер – алтын сарай салғандар,
Балалығы естелікке қалғандар!
 
Қалады енді балалық шақ ертек боп,
Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп!
 
Екі жұбай – қатар тұрған періште,
Бірге ұшсын бақ – болашақ - өрісте!
Санаттан алынған материалдар "Үйлену тойына орай"
0
Той жасап жатыр сыйлас, дос адамым,
Жақсы сөз, лебіздерді қош аламын.
Тілейміз биіктігін шаңырақтың,
Тілейміз беріктігін босағаның.
 
Шырқаса шабыттанып ақын бүгін,
«Тойбастар» деп айтайық атын мұның.
Мәңгілік екі жастың бақыты мен,
Тілейік құдалардың татулығын.
Санаттан алынған материалдар "Үйлену тойына орай"
0
Қадірлі қонақтар!
Бүгінгі қуаныштың қымбатты иелері!
Сіздерге осы қуанышты күнде босағаларыңның берік, керегелеріңнің кең, абыройлы, көңілдеріңнің тоқ, адал еңбектің арқасында табыстарыңның мол, алақандарыңның ашық, өмірге машық, жаңалыққа ғашық, ұрпақтарыңның ер болуын тілей отырып, мына өлең жолдарын өздеріңізге арнаймын;
 
Өмірдің тойы, көңілдің тойы – үйлену,
Үйлену – бір көктем мәңгі күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.
 
Тілейміз биіктігін шаңырақтың,
Тілейміз босағаның беріктігін.
Мәңгілік екі жастың бақыты мен,
Тілеймін құдалардың татулығын.
 
Өмірлерің бақытты әнді болсын,
Өңірлерің осындай сәнді болсын.
Достық пен жастық шақ жалын атып,
Ақ махаббат баянды, мәңгі болсын!
Санаттан алынған материалдар "Үйлену тойына орай"
0
Шаңырақ көтеріп, қос аққудай, жанұя құрған
_______ мен _______ заңды некелерімен құттықтай отырып, жырдан шашу шашамыз.
 
Орындалып тәтті арман тілектері,
Бірге соғып шын ғашық жүректері.
Жас шаңырақ иесі болды бүгін,
Қасиетті қазақтың түлектері.
 
Артқа тастап бүлдіршін бала шағын,
Тұтандырған өмірдің жаңа ошағын.
Жас жұбайлар бабалар дәстүрімен,
Жалғастырар халқымның болашағын.
 
Армандары сезіммен сабақтасып,
Махаббат пен бақыты қабаттасып.
Ұлтымның ұлылығын ұластырар
Қос аққудай жараса қанаттасып.
Санаттан алынған материалдар "Үйлену тойына орай"
0
Қанша ғашық арманына ұмтылды
Қанша жүрек құштарлықпен бұлқынды.
Ғашықтарды құрмет тұтып адамзат
Ешқашанда ұмытпайды бұл күнді!
Шуақ шашып қап-қараңғы түнектен
Ғашықтарды пәк сезімнен нұр сепкен
Жарық болсын әрқашанда жұлдызың!
Санаттан алынған материалдар "Үйлену тойына орай"
0
Аяқ екеу, қол да екеу,
Көз дегенің – ол да екеу.
Екеу және құлақ та,
Жүрек жалғыз бірақ та.
Сондықтан да сол жүрек
Күйіп, жанып, өртеніп
Естісін деп лебізін
Іздейді екен серігін
 -   дегендей қос жүрек өмірлік серіктерін тапқан екен. Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!
Санаттан алынған материалдар "Үйлену тойына орай"
0
Қиын да емес, оңай да емес үй болу,
Ой бөлу үйге, қамқорлық жасап үйрену,
Көңілін табу, қабағын бағу жарыңның,
Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру.
 
Болады онда ішкі де сыртқы – саясат,
Аяйық жарды біреуді егер аясақ.
Жақсы үйде болмақ әскери қатаң құпия,
Жүрмеңдер әсте ішкіні сыртқа жая сап.
Қашанда жарға керегі  жылы назарың,
Жалғызсыратпа, тартқызба күту азабын.
Мен сүйтіп едім, сен неге бүйтпей жүрсің – деп
Сауданың үйге орнатпау керек базарын.
 
Асығыстықтан, ашудан абзал безінген,
Дос болу керек қашанда сабыр төзіммен.
Жар деген өзің, өзім деп тапқан жалғыздың,
Кешірімді бол, келіспей жүрме өзіңнен.
 
Киелі зат жоқ – жарыңның махаббатынан,
Екеуіңді де аялауға оны шақырам.
Көсегелерің  көгерсін! - берген ақ батам,
Беремін барлық үлкен үйлердің атынан.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.