Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)

Материалдар санатында: 81
Материалдар көрсетілді: 41-50
Беттер: « 1 2 3 4 5 6 7 8 9 »

Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Санаттан алынған материалдар "Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)"
0
Жақсылықтың нышанындай,
жаның сүйген адамның жып-жылы құшағындай,
саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін,
жайма шуақ сәулелерін төгетін,
көңілдерге қуаныштар егетін,
имандылық пен пәк қыздардың мінезіндей ибалылық себетін
көгілдір көктемнің алғашқы мерекесі,
той атаулының қызығы мен берекесі –
8 НАУРЫЗ келді ортамызға!
 
Осы мерекенің иелері,
бар адамзаттың табынары мен киелері,
қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері,
мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары,
адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары,
сүйкімді қылығымен сағындырған,
қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған,
әсем көркімен, жүрегінің өртімен
небір дана мен данышпандарды табындырған,
сүйсе құлай сүйетін,
нақсүйеріне жанашыр болып, бірге күйетін
аяулы да асыл қыздар, сүйкімді келіншектер,
мерекелеріңіз құтты болсын!
 
Әрқашан отбасыларыңыздың ажары,
жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар!
Пәле-жала, жамандық атаулы келмеске кетсін,
асыл да таза махаббат жүректеріңізден мәңгілік орын тепсін!
Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,
дәулет, береке, байлық ауылына қоңсы қоныңыздар.
Сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
Санаттан алынған материалдар "Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)"
0
Армысыздар ақ жаулықты аналар!
Бармысыздар ақтамақты арулар!
Қайдасыздар, қымбатты да сымбатты қыз-қырқындар!


Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен өкпемізді алып тастап, екі бүйрік, жалғыз жүрегімізбен қызу құттықтаймыз! Әйел – ана, әйел – ару, әйел – апа, әйел – қарындас, әйел – қыз, әйел – аспаз, әйел – қатын, то есть әйел бізге өте жақын, жалт-жұлт еткен алтын адамдар.
Сондықтан:
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, мәнді де сәнді һәм ұзақ ғұмыр тілейміз.
Шыққандарыңыз тау, аралағандарыңыз бау, жеңгендеріңіз біз сияқты «жау» болсын!
Опа жаққан беттеріңізден әжім көрінбей, помадалы езулеріңіз жиылмасын!
Игі де ізгі тілекпен: 
Кезінде жүректеріңізді жаулап алып, енді еркіндік аңсап жүрген еркін де еріккен еркектер қауымы.
Санаттан алынған материалдар "Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)"
0
Осы қыздың нұрға толса жанары,
Көкірегімде үміт шоғы жанады.
Тіршілігім тұшымдылау, тұщылау,
Сәуір самал сергітеді сананы.
 
Кірбің күндер жырақ жүрсін жанынан,
Тайдырмаған бақытынан, бағынан.
Қыз сезімін биік қойған ел едік,
Бәрінен де, тіпті ханның тағынан.
 
Сен сұлусың, асқан ару жоқ басқа,
Қателеспе, аңдаусызда шоқ баспа.
Қасиетіңді қарағаннан қалт ұққан,
Ынтық болғай тек жігіттер нар қасқа.
 
Қыр гүлдері иісін бойға сіңірген,
Ару күнмен аспандағы тең күлген.
Ерініңде бал бұлақтың шырыны,
Шырын дәмді желпіп өткен жел білген.
 
Қазақ қызы – қасиетім, қадірлім,
Нақ өзі ол ұятым мен арымның.
Тағдыр, оның қайғырғанын көрсетпе,
Шапағаты шаттандырсын әңірдің.
Санаттан алынған материалдар "Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)"
0
Тұрғанында көктем, жастық мөлдір көк,
Ғашық отын уақыт қалай сөндірмек.
Сұқтандырар сұлу қыздар болмаса,
Мына өмір кетеді екен солғын боп.
 
Пәк махаббат жүрек терге гүл жайып,
Ғашығын күннен күнге ұлғайып.
Айдындағы аққу сынды ғажайып,
Аруларға гүл шоқтарын сыйлайық.
 
Ізгіліктер нұрын шашқан ғаламат,
Аруларды сүйе білгін адал-ақ.
Сол арулар – ертеңгі ұрпақ анасы,
Өтейікші алақанда аялап!
Санаттан алынған материалдар "Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)"
0
Жанымды жебейді бір шуақты үміт,
Қалдың сен жүрегімді тұрақ қылып.
Түндегі шақырасын шамшырақтай,
Дәтіме келем сені қуат қылып.
 
Сұқтанып қарай берем күнде өзіңе,
Көңілді күй ойнатып күмбезіне.
Жанарым қарағанда тайқып кетіп,
Қаймығам қарағандай күн көзіне.
 
Тамсанып сұлулыққа, сүзілемін,
Қиығы қызғалдақтың - қызыл ерін.
Жүргенде жүз қызға да ырық бермей,
Дауылдай тынышымды бұзып едің.
 
Толқытып тұнық сезім еркім кетті,
Түңлігін үміт көңіл желпілдетті.
Жүрегім қаяу тартқан қайта түлеп,
Сүйгенде сені ғана серпілмекші.
 
Дәл сендей көргенім жоқ шын асылды,
Қылығың, мінезің де ұнасымды.
Өзіңнен мұратымды тапқандаймын,
Кеудеме махабаттың гүлі ашылды!
Санаттан алынған материалдар "Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)"
0
Бүгін сіздердің мерекелеріңіз. Ер – азаматыңыз сіздерді қандай еркеліктеріңіз болса да көтеруге міндетті. Дегенмен қыз-келіншектерге айтарым: жүректерінің біздің жаман жақтарымызды емес, тек қана жақсы қасиеттерімізді сақтап, қашанда айдай сұлу, күндей жылы жүздеріңізден нұр төгіліп, сүйікті де сүйкімді болып жүре беріңіздер!
Қара жерге қар жауар,
Қарды көр де етім көр.
Қар үстіне қан тамар,
Қанды көр де бетім көр.
- деп ақылды ару Ақжүніс апамыз тап басып айтқан
қазақтың ақманар тәнді, ақ мамық мінезді, қарлығаш қанатты қаракөз қыздарының бақытты болуы үшін, отанымыздың гүлі, жүрегіміздің жыры, ежелгі заманда «Қыпшақ аруы кім?» дегенде, «Міне! деп әлем халықтарына мақтанышымызды паш етіп көрсеткен сұлулардың жалғасы – қадірлі қыздар, сіздердің осынау мерекелеріңіз үшін осындағы жігіттер қолындағы қымыздың бір тамшысын қалдырмай алып тастайды.
Санаттан алынған материалдар "Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)"
0
Жалғыз жүріп жол табам деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама!
- деп Тұманбай ақын жырлағандай мынау бүгінгі  8 наурыз халықаралық қыз-келіншектер мерекесінің ұйтқысы қадірлі біздің гүлдеріміз!
Құстың қос қанаты бар, адамның екі жанары бар. Күн мен түн бар, Ай мен Күн бар. Сіздерсіз жігіт жүрегі  -  жетім. Бүгінгі сіздердің мерекелеріңіз өз сыңарын іздеген «жетім» - жүрек жігіттер бақытының бастауы болса екен!
Мереке соңы тойға ұлассын!
Санаттан алынған материалдар "Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)"
0
- Ең күшті нәрсе не? – десе,
- Әйелдің әмірі! – дер едім.
Әйелдердің барлығын
Жердегі Тәңірі! – дер едім.
Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты
Санаттан алынған материалдар "Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)"
0
Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.
Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі.
Деніңізге саулық, отбасыңызға бірлік-береке, кенен табыс, қызметте өрлеу және махаббат пен әсемдік тілей отырып, мына өлең жолдарын Сіздерге арнаймын:
 
Гүлдей болсын өміріңіз,
Нұрға толсын көңіліңіз.
Биік боп жұлдызыңыз
Көктемдей құлпырыңыз.
Бақыт қонсын басыңызға
Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!
Санаттан алынған материалдар "Халықаралық әйелдер күніне орай (8 наурыз)"
0
Жұмақтағы жібек желден,
Мәңгі жайнап тұрған гүлден
Жаратылған әйел сұлу!
Періштелер лебізінен,
Шын махаббат теңізінен
Жаратылған әйел сұлу!
 
Жұмақтағы кәусар судан,
Бетіндегі алтын будан,
Періштелердің жырынан.
Жұмақ суы сылдырынан,
Жапырағының сыбдырынан,
Тәңірінің өз нұрынан
Жаратылған періште еді,
Мекені оның ғарышта еді.
 
Тұрмыс деген бір тұзаққа,
Азға емес тым ұзаққа
Кез болыпты.
Біз әлеум.желідеміз







Әзірленіп жатқан жобалар...
Күрке

200
Сұрау
Бұл пайдалы
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Сіздің қалаңыз дұрыс анықталмаса, басқа қаланы таңдауыңызға болады.

Ak-Sakal жобасы "Қазақстан" сайтының тақырыптары.
ҚР Мемлекеттік рәміздер

Ak-Sakal жобасы "Қазақтар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Пайдалылар" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Ak-Sakal жобасы "Ойын-сауық" сайтының тақырыптары.
Аталған тақырыпқа әлі бір де бір сайт жасалған жоқ.
Көрсетілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.