| Материалдар санатында: 35 Материалдар көрсетілді: 21-30 |
Беттер: « 1 2 3 4 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
|
Барып ем анау үйге тайлақ берді,
Ттайлағын жібек жіпке байлап берді.
Сабаздың баласына бәрекелді,
Асырып алты қырдан айдап берді.
Ақ үйің ойға қонған орда болсын,
Жиылып ұлы-қызың молда болсын.
Алғанда жау жағадан, бөрі етектен,
Пайдасы молдалықтың сонда болсын.
Мінгенім астымдағы бесті дейді,
Жібектен қоржын-қалта есті дейді.
Сауабы оразаның сондай күшті,
Нәпсінің басын баудай кесті дейді.
Мінгенім астымдағы жирен дейді,
Намазды бес уақыт үйрен дейді.
Намазды бес уақыт үйренбесең,
Шынжырлап тозақ жаққа сүйрер дейді.
Айтамыз жарамазан ниетіңе,
Түк таппай жатыр ма екен сый етуге.
Тай берсең жарар еді ат ететін,
Болады бота берсең түйе етуге.
Айтамыз жарамазн құлағыңа,
Әндетіп айтқанымыз ұнады ма?
Тайыңды қимай тұсаң бермей-ақ қой,
Қозы мен бата қылдыр лағыңа.
Барып ем анау үйге лақ берді,
Баласы бәсірем деп жылап берді.
Баласы бәсірем деп жылаған соң,
Әкесі қалтасынан пұл ап берді.
Айтамыз жарамазан жайыменен,
Ораза-Рамазан айыменен.
Ат-шапан бере алмасаң, өкпеміз жоқ,
Бір табақ құрт алып шық майыменен.
Мінгенім астымдағы ақ атан-ды,
Әр жерде мұнша тұрсам таң атады.
Таң атқанның белгісі күн шығады,
Жеңешем жәкемізді оятады.
Ар жақта пейіш тұрар уыздай болып,
Бер жақта тозақ тұрар тұздай болып.
Ораза былтыр кеткен биыл келді,
Ұзатқан сәукелелі қыздай болып.
Айтамын жарамазан ауық-ауық,
Шақырар сөресінде қораз-тауық.
Мырзалығы жеңгемнің тіпті жақсы,
Жіберер үстімізге шапан жауып.
Ей байлар, жатырмысың ұйқылы-ояу,
Үйіңе Қыдыр келді аттылы-жаяу.
Жақсылар, сауабы көп оразаның,
Күтіп ал қыдырыңды деймін, ай-ау.
Жеңешем, осы үйдегі аппақ қана,
Береді бізге орамал сақтап қана.
Күміс ақша жанына қоса берсе,
Жеңешемді жүреміз мақтап қана.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
|
Айтамыз жарамазан сауабы бар,
Берсең бер, бермесең қой, не қамым бар.
Бермесең садақаңды кете берем,
Астыма мінген атым, шу жануар!
Мінгенім астымдағы есек дейді,
Ұстағаны қолында кесек дейді.
Жақсылар, намаз оқы, ораза тұт,
Барғанда о дүниеге есептейді.
Он екі айдың сұлтаны - Рамазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.
Айтқанда үмітпенен жарамазан,
Жар болсын мырзаларға Алла Тағалам!
Ел аузынан жинап ұсынған
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
|
Жыл бойына сағына күткен қасиеті Рамазан айына жеткеніміз үшін жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз.
Ұлы Жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы - қасиеті рамаза - сансыз құлшылық пен дұға-тілекке толы, сауабы мол ізгі амалдар үздіксіз жалғасқан, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рақымы мен мейіріміне тұнған ай. Кез келген басқа мерзіммен салыстырғанда, жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы - Рамазан. Ораза адам жанын тазартып, жама іс-қылықтардан сақтайды. Оразаның мақсаты - мұсылманды рухани тазартып, жанды көркем мінезге тәрбиелеу, нәпсіні тізгіндеу. Ендеше, тұтқан Оразаларың қабыл болсын!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
| Құрметті мұсылман қауым! Мүбәрак ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтап, Алла тағаладан баршаңызға қуаныш, отбасыларыңызға береке-бірлік, сүйікті Отанымызға гүлдену мен өркендеу, дінімізге қуат, барша мұсылмандарға тыныштық пен шаттық тілеймін. Әумин! |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
|
Құрметті мұсылман қауым! Ұстаған Оразаларыңыз қабыл болсын! Алла Тағала баршамызды шынайы ықыласпен Ораза ұстаушылар санатына қосып, жәннаттың Раййан есігінен кіруімізді нәсіп еткей!
Қасиетті Рамазан құтты болсын!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
| Баршамызды мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлы жаратушының пенделеріне тартқан теңдессіз сыйы – қасиетті Рамазан – сансыз сезімдер мен толып тасыған ізгі ойлардың салтанат құрған, күн мен түн де тұтастай Жасаған Иеміздің рахымы мен мейіріміне тұнған ай. Басқа уақытпен салыстырғанда жақсылықтар мен сауаптардың сансыз еселеніп жазылар айы да – Рамазан. |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
| Барлық мақтау мен мадақ Әлемдерді Раббысы Алла Тағалаға болсын! Жыл бойы күткен қасиетті Рамазан айына жеткеніміз үшін Жаратқан Иемізге сансыз шүкірлік етеміз. |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
| Барлықтарыңызды қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, ниеттеріңіз қабыл болсын демекпіз. Жүздеріңіздегі нұр, жүректеріңіздегі иман арта берсін. Отанымыз аман, жұртымыз тыныш, барша Қазақстан азаматтарының ынтымақ-бірлігі берік болғай! |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
| Алла тағала рамазан айында ұстаған оразаларымыз бен құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл етіп, екі дүниенің бақытына бөлегей! Халқымыздың ынтымақ-бірлігін арттырып, ырыс-несібесін адалынан молайтқай! Дінімізге қуат, өзімізге иман байлығын бергей! Әумин! |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай
|
Қасиетті Құрбан айт құтты болсын !!!
Алла тілектеріңізді қабыл етсін!!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Құрбан айт мерекесіне орай











