| Материалдар тарауында: 215 Материалдар көрсетілді: 31-40 |
Беттер: « 1 2 3 4 5 6 ... 21 22 » |
|
Сіз біздің Күнімізсіз жарқыраған,
Анадан қуат алған жарты ғалам.
Құны мен қасиеті тозбайтұғын
Біз үшін Ана деген алтын адам.
Анажан, көп көрдіңіз қасіретті,
Бұл күнде көзіңіздің жасы кепті.
Орныңда бар оңалар дегендейін,
Жаратқан шапағатын шашып өтті.
Әкеміз Мұрат бірақ көре алмады,
Ішінде кетіп еді көп арманы.
Аруағы оның Сізге ырза шығар,
Өзі еккен жайқалып тұр көк орманы.
Ырыс боп Түсен ата әулетіне,
Келесіз бақ боп дарып дәулетіне.
Біздерді жеткізем деп жан салдыңыз,
Ананың бала деген бауыр еті де.
Анажан, өрлей берсін өр кемеңіз,
Ақтауға ақ сүтіңді тер төгеміз.
Мың жасап үрім-бұтақ ортасында,
Мәңгілік үстем болсын мәртебеңіз!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Ата-анасына
|
Өмірдің артқан жүгіне,
Мойымапсың да сынбапсың.
Үңілем жүрек түбіне,
Шешуін іздеп жұмбақтың.
Жетсемші дедің тілекке,
Сая боп бізге қанатың.
Дау бар ма
Ана жүрекке,
Бала үшін
Бәйек болатын.
Бар жоқты білмей шалқыдық,
Бұла боп өстік еркелеп.
От пенен өртке шарпылып,
Ағарды шашың ертерек.
Қыздарың ұшты қияға.
Ұлың да қонды ұяға.
Екі ауыз сөзге сия ма,
Ерлігің ерен ұлы ана.
Шаттыққа толар шартарап,
Анашым барда жаны ізгі.
Барсаңда Мекке арқалап,
Өтелмес ана парызы.
Өн бойың-үлгі, өнеге,
Парасат табам,
Бақ табам.
Немере деген немене,
Сарқытың бар ма сақтаған?
Ардақты ана есімі,
Әлі алда өмір несібі.
Тойласын жүзді туажат,
Тербетіп бақыт бесігі.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Ата-анасына
|
Қандай ыстық ана деген әркімге,
«Құлыным!» деп отыратын әр күнде.
Бәрімізге бесік жырын үйреткен,
Аналардың маңдай тері бар түнде.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Ата-анасына
|
Не бар екен анадан қымбат маған,
Тал бесікке бөлеген, құндақтаған.
Көз алдымнан ұзасаң сымбатты анам,
Сағынғаннан бір сені күн батпаған.
Жүрегіңнің жылуын шашқанда ана,
Оранады шуаққа аспан-дала.
Қасиетін ананың түсінеді,
Адамшылық жолымен басқан ғана.
Ойлап кетсем отырып анашымды,
Бұтақ жайған бәйтерек пана сынды.
Жинаған соң бойыма бар асылды,
Өтіп жатыр өмірім жарасымды.
Қалсам мен бүгін де егде тартып,
Еркелікті мойныңа келем артып.
Бас ауырып, балтырым сыздай қалса,
Жан таппадым жанашыр сенен артық.
Бүкіл тірлік аспанда күнім ғашық,
Ана жайлы ақтардым сырымды ашып.
Мерекесін аналар арқау етіп,
Кетті бүгін кеудемнен жырым тасып.
Жалау болып ананың ақылы ізгі,
Құлшындырып еңбекке жатыр бізді.
Өнерлі өрен өсірген елге лайық,
Әлия мен Мәншүктей батыр қызды.
Құлпырғанда кең далам шуағымен,
Қуанышпен көңілді жуа білген.
Құттықтаймын аналар мерекеңмен,
Нұрландырған өмірді қуатыңмен.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Ата-анасына
|
Ақ сүтін беріп өсірген, бұзық болсам - кешірген,
Тілін алсам – айналған, күнәм болса - өшірген,
Ақ анашым, анашым, саған тәнті бала шын!
Мөлдір, кәусар бұлақсың, мен сүрінсем – жылапсың,
Шыңға шықсам – қуанып, мен құласам – құлапсың,
Ақ анашым, анашым, сендей бар ма жанашыр?
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Ата-анасына
|
Батыр да туған анадан, ақын да туған анадан,
Ананың биік тұғыры – анадан туған бар адам.
Пайғамбарымыз Мұхаммед ананы құрмет санаған,
Анаға мәңгі борыштар елдегі барлық дана адам
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Ата-анасына
|
Құлайын деп бара жатам құлдырап,
Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,
Сол кезде бір ән естимін жақыннан,
Аққан бұлақ секілденген сылдырап.
Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,
Тіршіліктің әуенімен тыныстап,
Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,
Кел дегендей болады бір күміс бақ..
Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,
Қалған кезде бойымдағы күш бұғып,
Сөнбейсің деп дауыстайды анашым,
Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.
Ойнап шығам содан кейін құрақтай,
Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,
Мүмкін,мүмкін ана махаббаты шығар бұл,
Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Ата-анасына
|
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
Жыладым ба,
Өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.
Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,
Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,
Отанымның өзі сенен басталып.
Жауларыма жеткен жерден бітеді.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Ата-анасына
|
Елу жасқа толыпсың анам бүгін,
Түрлендірсін ақ тілек өмір гүлін.
Құтты болсын дүниеге есік ашып,
Алғаш рет сәби боп келген күнің.
Орындалсын, анажан, басты арманың,
Жалындатсын нұрыңыз жастар жанын.
Ұлы тойға ұлассын туған күнің,
Жақсылыққа жайылып дастарханың.
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз.
Жүзге жетіп баянды ғұмыр кешіп,
Арта берсін абырой беделіңіз.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Ата-анасына
|
Перзентке жұмсаған бұла күшін,
Ана – ырыс, бақ – дәулет,
Жұбанышың.
Көкбөрінің тегінен тарағандар,
Құтты болсын бүгінгі қуанышың!
Тал бесікке тірлікті ілмектеген,
Мадақтауға Ананы тіл жетпеген.
Алатаудың шыңына ту тігеді,
Анасына той жасап, құрметтеген.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Ата-анасына
| Ата-анасына [54] |
| Туыстар [37] |
| Ғашығыма [32] |
| Әріптестеріне [31] |
| Достарына [19] |
| Әжелерге немесе аталарға [17] |
| Күйеу балаға немесе келінге [8] |
| Ағасы немесе қарындасына [6] |
| Немерелерге [4] |
| Бажа-абысындарға [4] |
| Көршілер [3] |
| Әмбебап құттықтаулар [0] |
| Жұбайына [0] |
| Ұлы немесе қызына [0] |











