Материалдар санатында: 13 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 » |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Анамыздың 70 жасына толған мерейтойымен құттықтаймыз! Сіз біздің Күнімізсіз жарқыраған, Анадан қуат алған жарты ғалам. Құны мен қасиеті тозбайтұғын Біз үшін Ана деген алтын адам. Анажан, көп көрдіңіз қасіретті, Бұл күнде көзіңіздің жасы кепті. Орнында бар оңалар дегендейін, Жаратқан шапағатын шашып өтті. Әкеміз Мұрат бірақ көре алмады, Ішінде кетіп еді көп арманы. Аруағы оның Сізге ырза шығар, Өзі еккен жайқалып тұр көк орманы. Ырыс боп Түсен ата әулетіне, Келесіз бақ боп дарып дәулетіне. Біздерді жеткізем деп жан салдыңыз, Ананың бала деген бауыр еті де. Анажан, өрлей берсін өр кемеңіз, Ақтауға ақ сүтіңді тер төгеміз. Мың жасап үрім-бұтақ ортасында Мәңгілік үстем болсын мерейіңіз!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ата-анасына
Өткен күннің артта қалып елесі, Тіршіліктің жылжи берер кемесі. Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған, 70 жастың құтты болсын белесі. Балаларың басыңдағы бағыңыз, Жүзге дейін нұрлы шырақ жағыңыз. Өзіңізді мәпелеген, баптаған, Аман болсын анамыздай жарыңыз. Осы өңірде кең керілген керегең, Еңбегіңмен еселенген берекең. Атасының амандығын тілейді, Ерке, тентек, ақ пейілді немерең. Ардақтайды ақсақал деп халқың да, Біз секілді ұрпағың да артыңда. Сексенге де, тоқсанға да жетіңіз, Дәл осындай мейірімді қалпыңда.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ата-анасына
Адам баласының ұзақ өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы кемел жасы 60-тың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың тал түс аталуы бекер емес-ау. Міне, сен де ізімізден қуып, аман-есен алтыншы асқардың шыңына қол созып отырсың. Шүкір, біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, өткен өмір бедерлері көңіл орнықтырып, көз тойдырады. Қуаныштысы, мерейтойыңды отбасыңның алтын қазығы болған жан-жарыңмен бірге бала-шағаңның шаттыққа толы ортасында қарсы алып отырсың. Өсіп-өнген, ұрпақ тәрбиелеген, құда-құдағиларың мен дос-жарандарыңның ыстық ықыласына бөленген өзіңе тек жақсылықтар, қуаныштар мен бақытты ғұмыр тілейміз. Артыңдағы ізің өшпесін!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған – дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар. Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан Бәкеңмен жарты ғасырдан аса достығымыздың жарасып келе жатқанын мақтан тұтамын. Сенің де мағыналы өміріңнің, шуақты шаңырағыңның алтын діңгегі - өмірлік қосағың Жәмиләң, оның жалғасы, ертеңгі мәуелі жемісі – бауыр етің балаларың мен алтын асықтай немерелерің. Бүгінгі 70 жасқа толған мерейлі мүшел тойыңда өзіңе денсаулық, ұзақ ғұмыр, әулетіңе баянды бақыт тілеймін!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды тойлап отырсың. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр-жолыңда кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашанда жеңіске жете білдің. Мұндай жетістігіңнің де терең себебі бар деп ойлаймыз. Мынау бізге көршілес жатқан орыс ұлтында Қарапайым өмір сүрген жан жүз жасайды деген сөзі бар. Осынау қарапайым ойдың астарында мейірімді, жүрегі таза, қиналған сәтте қол үшін беруге дайын тұратын, құдайынан қорқатын қанағатшыл да иманды адам туралы қаншама түсінік жатыр десеңізші! Аса құрметті ........ . Сен де сондай мадаққа лайық қарапайым өмір сүретін жанның бірісің! Бүгін Саған осындай дастарханның 100 жасқа толғаныңда да кеңінен жайылсын деген тілек арнағым келеді!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған айтулы азамат. «Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра» дейді дана халқымыз. ...еке, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі - өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда. Асеке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші «жастық шаққа» да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай қалпыңыздан таймай, өмірдің қызығына кенеліп жүре беріңіз! Той тойға ұлассын! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Құтті болсың 70 жасыңыз, Сексеннің де сенгірігінен асыңыз. Қуат алып, денсаулықтың нәрінен, Жүзіп өтіп жүзге аяқ басыңыз! Балалардың арасында жүріңіз, Шаттық нардаң айық басын жүзіңіз! Тілек еттік шың жүректен бәріміз Мықты болып ұзақ өмір сүріңіз! Бір Жаратқан жар болып, қорғай жүрсің, Ата-баба аруағы қолдай жүрсің. Құдағи мен құдағи тату болып, Бір біріне сәлемін жолдай берсің!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Аш қасқырдай бізді қамап бар кемдік, От та жақтық, су да әкелдік, нан көмдік. Мына өмірге көнтерідей көндігіп, Келе-келе, бара-бара әлдендік. Қарынымыз қампимай-ақ қойды асқа, Күнкөрістен болған да емес ой басқа. Қос кемпірге ере жүріп ербиіп, Еңбек етіп, тер төктік біз қанша! Еске алатын сәттер рас, көп бүгін, Борандатқан, дауылдатқан өтті күн. Жетпіс келіп жайғасқанмен желкеге, Әлі бізге баяғыша жоқ тыным. Жаса, Жәкем! Мәуеледің, гүлдедің, Өзіңменен өле-өлгенше бір демім. Маған қуат берері хақ қашанда, Сенің шалқып есен-аман жүргенің. Тағдыр бізден алудай-ақ алды өшін, Асың – асқа, басың – аман, жан досым. Жетпісіңмен жолдасыңдай жымдасып, Сексеннің де басыңа ора сәлдесін. Көп алысқан қатарластың бірі едім, Саған деген сарқылмайды тілегім. Жан-жарыңмен, балдарыңмен жарқылдап, Жүзге дейін соға берсін жүрегің.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Жетпіс асу, қия шыңдар, Сырбазсың, мінезіңде ұнасың бар. Шұғыла шуақ төктің, айналаңа, Жас жігіттей әлі де қуатың бар. Жария боп жақсы атың алты Алашқа, Келесіз үлгі болып барша жасқа. Жүрегі аузын ашса көрінетін, Базары жайсаңдардың тарқамас та. Толқын аңқылдадың ақтарылып, Жатыр ғой ақ пейілге жат табынып. Ақ туын адалдықтың желбіреттің, Жүрсең де астамсу жоқ атқа мініп. Танытып еңбегіңмен сан қырынды, Жақсыға шашу еттің жан нұрыңды. Бөленіп құрметіне қалың жұрттың, Арнадың еліңе сен тағдырыңды. Қалыбың адамдықтың бір бұзбадың, Ұяңнан түлеп ұшты ұл-қыздарың. Өзіңнен өркен жайып, өнеге алған, Тілейді сізге бақыт жұлдыздарың.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 4.0
Санаты: Туған күнге орай
Сыр шертіп заман мен Көктем жайлы, қыс жайлы Жетпісіне жеткендер жұртына жол нұсқайды. Саясына мың түрлі құстар ұя салатын, Жапандағы ғажайып бәйтерекке ұқсайды. Менің ағам осындай бүгін алып бәйтерек, Тұрған шағы саралап өткен жолын қайта кеп. Жиырма бес пен қырықтың арасында жоғалған, Қайран жігіт күндері жіберетін жайпап от! Аға жайлы тарихты ары тағы жалғасақ, Ұл мен қызы кетті алыс әрбірі әсем арна сап. Немере мен шөбере сүйген бүгін жайы бар Қаратауды қақ жарар ұрпақтары – мол жасақ! Шақырғаны осында – ауыл-елі-аймағы, Қазақтардың бетке ұстар бағланы мен қаймағы. Желкесіне жетпістің жеткерді Алла, шүкір деп Құтты болсын,еліне ақ дастархан жайғаны!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Туған күнге тілектер [0] |
Балдәурен (13-ке дейін) [15] |
Жас дәурен (13-25) [32] |
Жігіттік (25-37) [8] |
Кемелдік (37-49) [11] |
Парасат (49-61) [40] |
Аталық (61-73) [13] |
Қарттық (73-тен кейін) [17] |