Материалдар тарауында: 136 Материалдар көрсетілді: 1-10 |
Беттер: 1 2 3 ... 13 14 » |
Балаларын қатарынан қалдырмай, қаз тұрғызған қамқор әке! 60-ты қазақта тал түс демей ме? Ендеше, бұл ер азаматтың ардақ пен мадаққа ең лайық шағы. Сол шағыңызда Тәңірдің шапағаты төгіліп, ғұмырыңыз салтанатты болғай.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ата-анасына
Ардақты әкеміз _______ 80 жасқа, аяулы анамыз 75 жасқа толған мерейтойларымен құттықтаймыз! Өмір атты тарихтың дастанында, Үлгі болып келдіңдер жас қауымға. Бірің - 80, ал бірің 75-тің Шуақ шашып тұрсыңдар асқарында. Әке-ана, енді қалған ғұмырдың, Тек қана бақыт күлсін аспанында.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ата-анасына
Анамыздың 70 жасына толған мерейтойымен құттықтаймыз! Сіз біздің Күнімізсіз жарқыраған, Анадан қуат алған жарты ғалам. Құны мен қасиеті тозбайтұғын Біз үшін Ана деген алтын адам. Анажан, көп көрдіңіз қасіретті, Бұл күнде көзіңіздің жасы кепті. Орнында бар оңалар дегендейін, Жаратқан шапағатын шашып өтті. Әкеміз Мұрат бірақ көре алмады, Ішінде кетіп еді көп арманы. Аруағы оның Сізге ырза шығар, Өзі еккен жайқалып тұр көк орманы. Ырыс боп Түсен ата әулетіне, Келесіз бақ боп дарып дәулетіне. Біздерді жеткізем деп жан салдыңыз, Ананың бала деген бауыр еті де. Анажан, өрлей берсін өр кемеңіз, Ақтауға ақ сүтіңді тер төгеміз. Мың жасап үрім-бұтақ ортасында Мәңгілік үстем болсын мерейіңіз!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ата-анасына
_______ өңірінің қадірлі ақсақалы, еңбек ардагері, аяулы әкеміз _______ 80 жасқа толуымен құттықтаймыз! Асу-асу бел десем, айтқан сөзім жетер ме?! Айдын-шалқар көл десем, айтқан сөзім жетер ме?! Аспанды алты айналсам, Жерді жеті айналсам, Теңеу таба алам ба, теңдесі жоқ әкеме! Жалғыз едің, ұрпағың орман болды, жан әке! Бақ ұялап іргеңе, арман қонды, жан әке! Еркелеттің, тербеттің, қиындықсыз ер жеттік, Өнеге ғып бір өзің салған жолды, жан әке! Ұшырғанда демеген асқар тауым, жан әке! Қысылғанда жебеген басты арқауым, жан әке! Кемелдік пен тереңдік, даналықтың мезгілі – Сексен атты сеңгірден асқан шағың, жан әке! Жоқтатпадың ешқашан анамызды, жан әке! Сендей әке жалғанда табамыз ба, жан әке! Баршамызға ақылшы, Әке, Ата боп әрдайым Аман-есен жүре бер арамызда, жан әке!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ата-анасына
Өткен күннің артта қалып елесі, Тіршіліктің жылжи берер кемесі. Басыңызға бақ пен ырыс сыйлаған, 70 жастың құтты болсын белесі. Балаларың басыңдағы бағыңыз, Жүзге дейін нұрлы шырақ жағыңыз. Өзіңізді мәпелеген, баптаған, Аман болсын анамыздай жарыңыз. Осы өңірде кең керілген керегең, Еңбегіңмен еселенген берекең. Атасының амандығын тілейді, Ерке, тентек, ақ пейілді немерең. Ардақтайды ақсақал деп халқың да, Біз секілді ұрпағың да артыңда. Сексенге де, тоқсанға да жетіңіз, Дәл осындай мейірімді қалпыңда.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Ата-анасына
Аман болсын басыңыз, Ағармасын шашыңыз. Шөбере сүйіп әлі де, Жүзге жетсін жасыңыз. 60 та өмір белесі, Қартайдым мен демеші. Туған күнде жыл сайын, Қуанышқа бөлеші!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Әжелерге немесе аталарға
Сізді 45-жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз көп жылдан бері ..................... саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азаматсыз. Бойыңыздағы еңбекке адал, мақсатқа берік қасиеттеріңіздің арқасында Сіз бүгінде кең байтақ еліміздің бас қаласы – Астананың ірі кәсіпорындарының бірін шебер басқарып келесіз. Әріптестеріңіз Сізді ақылман басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат, ортаймас несібе-дәулет тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз бен табыс-тартуларыңыз арта берсін. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Әріптестеріне
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізді өмірден тоқығаны мол, кең ойлап, қамқор қолын ұсынып жүретін аяулы азамат, аға ретінде жақсы білеміз. Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға сіңірген белсенді қызметіңіз, тың ғылыми-техникалық жаңалықтарды енгізуде озық ойлайтын кемел қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды, жастарға ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Сізге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 1.0
Санаты: Мерейтойға орай
Арманның ажарында, бақыттың базарында күліп-ойнап, көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөленіңіз. Мәңгі жастық қалпыңызды сақтап, ұзақ жасай беріңіз. Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт беріп, бізге – ұстаз, ақылшы, көмекші болып отырсыз. Осы қалпыңыздан таймай, асулардан асып, берекеңіз тасып, ата жолынан айнымай, жұбайыңызбен бірге балаларыңыздың қызығын көріңіз. Құтты болсын бүгін туған күніңіз, Әріптестерге биік тұлға – ұстазсыз. Қуанамыз өзіңізбен біз бүгін Шықсын ылғи алдыңыздан ізгі күн. Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт, Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп. Шаттықпенен көріп таңның арайын, Жаратушы төксін игі жақсылық. 55 – мерейлі жас ер үшін, Еңбегіңіз еселенсін ел үшін. Әлі талай қызықтарға кенеліп, Бұл өмірдің көріңіз тек жеңісін.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Мерейтойға орай
Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, іскерлік қабілет және үлкен азаматтық қасиеттер Сізді қатардағы құқықтанушыдан Қазақ елінің белгілі де беделді заңгері, қоғам қайраткері деңгейіне көтерді. Мемлекеттік жоғары басқару органдарында жауапты қызметтер атқардыңыз, қатарыңыздың тұрмыстық мұқтажы қат-қабат тіршілікте ұдайы назарыңызда болатынын күнделікті өмірде көріп жүрміз. Сіздің алдыңыз кең, жаныңыз жомарт, қамқор да талапшыл басшы, аяулы аға ретіндегі абзал қасиеттеріңіз тәнті етпей қоймайды, атыңызға затыңыз сай ұлағатты ұстаз, өнегесіз. Осындай еңбек пен тұрмыс тәрбиесі, жеке басыңыздың кіршіксіздігі Өзіңіз, отбасыңыз үшін ғана емес, өзіңізбен қанаттас жүрген әріптестеріңіз, тілектес дос-жаран үшін де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз. Қадірлі.................! Сізге осындай мерейлі күні шын көңілімізбен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыңызға баянды бақыт тілейміз. Қоғамымыздың иглігі, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолындағы күрделі де жауапты қызметте бұдан былай да абырой биігінен көріне беріңіз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Мерейтойға орай
Туған күнге тілектер [0] |
Балдәурен (13-ке дейін) [15] |
Жас дәурен (13-25) [32] |
Жігіттік (25-37) [8] |
Кемелдік (37-49) [11] |
Парасат (49-61) [40] |
Аталық (61-73) [13] |
Қарттық (73-тен кейін) [17] |