Материалдар санатында: 8 Материалдар көрсетілді: 1-8 |
Бойынша іріктеу: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Осынау айтулы күні Сізге деген зор құрметімді білдіремін. Өміріңізге барша жарық дүние шапағатын, зор денсаулық, баянды бақыт, мейірім мен қуаныш тілеймін! Ой-мақсаттарыңыздың жүзеге асуына тілектеспін!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Сізге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен бақыт , шаңырағыңызға шаттық пен мереке, дастарханыңызға береке тілеймін! Балаларыңыз бен немерелеріңіздің қызығын көріп, үлкен бәйтеректей жапырағыңыз жайыла берсін! Жасыңызға жас қосылып, еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңыздың тірегі, бауырларыңның ақылшысы болып, әрдайым сыйлы ортада мәртебеңіз биіктей берсін! Тілеймін бақытты өмір ашық аспан, Жалғанда тілек бар ма одан асқан. Аман боп жанұяң мен бауырларың, Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Осынау күні қаумалаған дос-жаран ағынан жарылып, ақ тілегін жаудырсын! Сол тілектер орындалар күнді көрер жасқа жетуді жазсын! Өзіңдей кең пейілді, дархан көңілді адаммен дәмдес болуды бұйырған жандардың шынайы ықыласын уақыт шыңдай түсіп, жасыңа жас қосылған сайын айналаңа тілектес, ниеттес адамдар көбейе түссін! Денің сау болып, баянды да бақытты ғұмыр кешуді тілеймін Өзіңе! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Бұл өмірге адамдар жылап келіп жатады, Жылайтұғын себебі адамдар бар қинайтын. Бұл өмірден адамдар жылап кетіп жатады, Жылайтұғын себебі адамдар бар қимайтын! – деп Қадыр Мырза-Әлі ақынымыз айтқандай өзіңе тілегім, қинайтын дұшпаның аз болып, қимайтын достарың көбейсін! Айналаң қаумалаған қалың ел болып, абыройың асқақтасын! |
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Өмірдің әр қырынан іздер арай, Бақыт құсы самғасын сізге қарай. Отыз жеті асуынан еркін асып, Сәтті қадам басыңыз жүзге қарай! Қамал алған құтты болсын жасыңыз Өрлей берсін, өрге қарай тасыңыз. Мереке күні, нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Артта қап балдырған шақ, балауса күн, Отызың құшақ ашты – алау шағың. Алатау аясында жүйрік мініп, Жүйткіген күндеріңді көп аңсадың. Туған күн, Өткен дәурен түседі еске, Бәрі айналғандай түс - елеске. Өрлесең өркен жайып қия, шыңға, Ардақты әкеміздің күші емес пе! Қаумалап айналаңды қызың, ұлың, Балынан таттық тірлік қызығының. Құлыны орда бұзар жасқа жетіп, Анаңның жайнай түсті жүзі бүгін. Өмірдің мәні алға ұмтылуда, Талпындың мақсат – тауға бір шығуға. Бақыттың кілтін бәлкім таппас па едің, Кезінде кездеспесең бір сұлуға. Өзіңді жүреміз біз арқаланып, Жетеді жақсы ісің жұрт тамсанарлық. Жүзге жет, Жүзің жарқын, денің сау боп, Оны да аман-есен қарсы алалық!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Туған күн мерейлі істердің бастау күні бола берсін, бақыт пен береке әкелсін, еңбекте табыс пен абырой тілейміз!
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Айналайын, ақ маңдай қарындасым, Алға сүйрер арманың сарқылмасын. Қайырылмасын қанатың топшысынан, Ешқашан да заманың тарылмасын. Толықсыған қарындас жадымдасың, Жадымдасың, ендеше жанымдасың. Бұйыртса әлі талай жүздесерміз, Әзірге сәлемдесу арылмасын. Айдынды шалқар көлдің аққу сәні, Аруларға жарасар гәкку әні. Қарындас туған күнің құтты болсын Құттықтау, есте қалу – өмір мәні.
|
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0
Санаты: Туған күнге орай
Туған күнге тілектер [0] |
Балдәурен (13-ке дейін) [15] |
Жас дәурен (13-25) [32] |
Жігіттік (25-37) [8] |
Кемелдік (37-49) [11] |
Парасат (49-61) [40] |
Аталық (61-73) [13] |
Қарттық (73-тен кейін) [17] |