| Материалдар тарауында: 710 Материалдар көрсетілді: 151-160 |
Беттер: « 1 2 ... 14 15 16 17 18 ... 70 71 » |
| Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін! |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Тәуелсіздік күніне орай (16 желтоқсан)
| Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Тәуелсіздік күніне орай (16 желтоқсан)
|
Ақайдар Ысымұлы Жаңа Жылға тілек
Жаңа Жыл көркейіп-көбею, өсіп-өну, мақсат-мұраттарға жету жылы болсын!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
|
Жаңа 2012 жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын!
Ұлы жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын
жарқын да көңілді, табысты әрі мақсатты жыл болуын тілеймін!
Сәтсіздіктер өткеннің еншісінде қалып,
Өкпе-реніштер ұмытылып, достық пен сүйіспеншілік дәуіріне жол ашылғай.
Барлық бастамалардың бағы жанып, сүйікті ісіңіз қанағат әкелсін, жаңа білімдерге, жаңаша тәжірибеге, биік кәсіптік белестер мен асқар асуларға жетелесін!
Алдағы жыл әр адамның жұлдызы жоғарылап, абыройы артуына мол мүмкіндіктер туғызып, өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай!
Баршамыздың тасымыз өрге домалап, отбасылық бақытқа кенелейк, жан жылылығына бөленейік!
Жаңа 2012 жыл құтты болсын! Мейірім сәулесі мен шапағат шуағы молынан болғай!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
|
Шығыс Қазақстан әкіміің құттықтауы/Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралайтын кезең екендігі белгілі. Халқымызда "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз. 2011 жыл біз үшін берекелі де жемісті болды.
Біздің көпұлтты өңірімізде татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Осы ымырашылдық бізге кезкелген қиындықты жеңуге септігін тигізуде.
Келер жыл толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке,бақыт пен шаттыққа кенеле берсін!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін.
Жаңа жылдарыңызбен, ардақты ағайын!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
| Жаңа жыл – жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар. Сіздерге жаңа жетістіктер мен кәсіби табыстар тілеймін. Бұл жыл жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, бақытты оқиғаларға толы болсын. Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін. |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
|
Жаңа жыл құтты болсын!
Адам баласы жаңа жылдан көп жақсылық күтеді, жаңа жылға көп үміт артады. Армандарыңыз бен тілектеріңізге қосылып, біз Сізге алдағы жылда денсаулығыңыз мықты, бақытыңыз үстем болып, күш-қуатыңыз таусылмасын, қанатыңыз талмасын деп тілейміз. Өткенге риза болып, жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық. Жаңа жылға елмен бірге жаңа табыстарға жете берейік!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
|
Сізді келе жатқан Жаңа 2007 жылмен кіршіксіз көңіл, ыстық ықыласпен құттықтаймын.
Жаңа жыл – қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мерекеміз. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Келер жылда отбасыңызға құт-береке, қызметіңізге өрлеу тілеймін. Денсаулығыңыз күйлі-қуатты, бақытыңыз баянды, көңіл-күйіңіз тамаша болсын. Алдағы жыл Сізді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.
Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
| Бұл жыл Сіздің жақсы тілектесіңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін, барлық бастамаларыңызға табыс әкелсін. |
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)
|
Сізге және Сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, шығармашылық табыстар, бақыт және бақ-береке тілеймін.
Сіз үшін ......... жыл – барлық тілек пен үміттер орындалатын қуатты жыл болсын.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Жаңа жылмен (31 желтоқсан)











