| Материалдар тарауында: 136 Материалдар көрсетілді: 11-20 |
Беттер: « 1 2 3 4 ... 13 14 » |
|
Сізді айтулы оқиға – 60 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз бүкіл өміріңізді мемлекетке қызмет ету ісіне арнап, нағыз отаншылдық пен мақсаткерлік танытып, Қазақстанның жаңа толқыны үшін өнегеге айналдыңыз.
Сіздің біліміңіз, жоғары жауапкершілік пен біліктілігіңіз әріптестеріңізді тәнті етеді, Сіз олардың арасында зор беделге бөленіп отырсыз. Бүгінгі айтулы күнде Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, сәтті істер, қажымас жігер және қызметіңізде тың табыстар тілеймін!
Шаңырағыңызда және туған-туыстарыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 2.0-
Санаты: Әріптестеріне
|
Халқымыздың ерлі-зайыпты қадірменді қариялары, он екі ұл мен қыз тәрбиелеп өсірген қамқор әке, аяулы ана, ардақты ата, асыл әжеміздің ғибратты ғұмыры кейінгілерге үлкен өнеге. Шаңырақтың үлгілі ісі, халқымыздың асыл қасиеттерін ардақ тұтқан өнегесі дәріптеуге әбден лайық. Әлде де ортамызда, қызық-қуанышымызды бөлісіп, немере-шөберелеріңді қызықтап, мейірімдеріңе бөлеп жүре беріңдерші!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Сексеннің сеңгіріне секірген апамызға дүниедегі бар жақсылықты тілегіміз келеді. Амандық болсын, жамандық болмасын! Арамызда аман-есен жүре беріңіз! Немере-шөберелеріңіздің есейгенін көріп, олардың үйлену тойларына қатысып, төрінде дәл қазіргідей қуанып отыра беріңіз! Гүлдей жайнап жүз жасаңыз, апа!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды тойлап отырсың. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр-жолыңда кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашанда жеңіске жете білдің. Мұндай жетістігіңнің де терең себебі бар деп ойлаймыз.
Мынау бізге көршілес жатқан орыс ұлтында
Қарапайым өмір сүрген жан жүз жасайды деген сөзі бар. Осынау қарапайым ойдың астарында мейірімді, жүрегі таза, қиналған сәтте қол үшін
беруге дайын тұратын, құдайынан қорқатын қанағатшыл да иманды адам туралы қаншама түсінік жатыр десеңізші!
Аса құрметті ........ . Сен де сондай мадаққа лайық қарапайым өмір сүретін жанның бірісің! Бүгін Саған осындай дастарханның 100 жасқа толғаныңда да кеңінен жайылсын деген тілек арнағым келеді!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған айтулы азамат. «Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра» дейді дана халқымыз.
...еке, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі - өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда.
Асеке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші «жастық шаққа» да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай қалпыңыздан таймай, өмірдің қызығына кенеліп жүре беріңіз! Той тойға ұлассын!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Атақты сексен келдің бе,
Алайын деп сырымды.
Сезікті сексен, келдің бе,
Табайын деп мінімді.
Сүйкімсіз сексен, келдің бе,
Қатырғалы буынды.
Айналдырмай аулақ жүр,
Көрсетпеймін шенімді.
Тұсауым жоқ аяқта,
Сүйенгем жоқ таяққа.
Сыр алдырман сексенге,
Тоқсан, жүзің қай жақта?
Кіндік кескен, кір жуып,
Мәтібұлақ жартасты,
Қозы жайған, қой баққан,
Өскен жерлер алғашқы.
Жүрген өлкем сұлутөр,
Қордай, Жайсаң, Қоңырбел,
Тұрған жерім "Киров-ты".
Шалқыған өлкем Жетісу,
Жүрген жерім думан ду,
Салқын сая көк торғын,
Мөлдір бұлақ, орман ну,
Аралаған Алатау,
Қазақ, қырғыз тамаша-ау!
Алтай, Арқа, Көкшетау,
Айналасы бақша-бау,
Кенді көне Қаратау,
Кеннің қоры ана тау,
Орал, Орда, Маңғыстау.
Барған жерім ән шырқау,
Тоғыз бардым Мәскеуге,
Елдің тойын бастауға.
Бардым бірде Кавказға,
Алып Жамбыл қарт барда,
Ұлы Отанның көп жерін,
Өнеріммен көргенмін.
Ел алғысын көп алып,
Ел уызын емгенмін...
Тай уйреттім тепсеңге,
Келді Кенен сексенге.
Екі Кенен тумайды,
Алатауға ексең де.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Талайларды қуантар екпіні елдің,
Сексен деген жасы ғой бектің, ердің.
Қанаш құрбым сексенге келді бүгін,
Рухы мықты ұрпағы тектілердің.
Ұл-қыздары ерекше шаттанып, күл,
Ата-ананың еңбегі ақталып тұр.
Елу бес жыл отасып Науша-қызбен,
Қанаш-жігіт өмірден бақ тауып тұр.
Қанаш пенен Наушадай асылдарға,
Асуларын тілеймін асуларға!
Қозы менен Баянның белгісіндей,
Жалғассыншы ғасырдан ғасырларға!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Алтын күздің алғашқы күні Алатаудай ардақты әкеміз 70 жасқа толғалы отыр.
Сондай-ақ анамыз екеуінің өмірлерінің мәніндей «Алтын тойлары». Гүлдей қыз өсірген, білдей ұлдар өсірген, балдай немере-жиендер сүйіп, өмір сүруге, адам болуға тәрбиелеген әке-шешемізді қос қуаныштарымен құттықтаймыз.
Әкетай – асқар тауың,
анашың зәм-зәм бұлақтай.
Алла өзі демеу болсын,
жылатпай-дағы ,құлатпай.
«Гауһар тойға» жетіңіздер,
төрт құбылаң тең болып,
Шөлпілдетер шөбере сүйіп,
шөлміркер көңіл гүл атқай!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Қиясына өмірдің өрлеп көрді,
Ел-жұрты үшін ерінбей еңбектенді.
Ортамызда ақылшы Алма апамыз,
Сеңгіріне сексеннің сергек келді.
Еркелетіп немере, шөберсін,
Кәрілікті апамыз елемесін.
Үрім-бұтақ, ұрпағы құттықтаймыз,
Тіршіліктің қызығын көре берсін.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Егеухан Мұқамәдиқызы
Жетпіс беске жетті менің ақ шалым,
Үнеміге қас-қабағы баққаным.
Ардақтым да, ақылшым да осы шал,
Тал бойынан тарыдай мін таппадым.
Шағала шақ он жетімде сырласқам,
Қияс ойлап, қиғаш жүріп, қырды асқам.
Қадам сайын Қадыр Алла жар болып,
Аражігім ажырамай жымдасқан.
Мінетін-ді жүйрік, жорға бір атын,
Мама, жуас, қойған жерде тұратын.
Кей-кездері ат қашты, - деп түн бойы,
Таң бозында үйге жетіп тынатын.
Өмір-майдан бұрқасынды, толқынды,
Түрен түріп тылсым дүние тоң, тынды.
Арғымақтың ақ жалына жармасып,
Талап, төзім тамшысымен мен нұр тұнды.
Көп белесті бірге асқан осы шал,
Жыр жалғанда сөзі нәрлі, тілі бал.
"Егеуханның Кәбі" атанған кәдімгі,
Аңызы бар, абыз болсын осы шал.
Кәп шалымды танып ал.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
| Туған күнге тілектер [0] |
| Балдәурен (13-ке дейін) [15] |
| Жас дәурен (13-25) [32] |
| Жігіттік (25-37) [8] |
| Кемелдік (37-49) [11] |
| Парасат (49-61) [40] |
| Аталық (61-73) [13] |
| Қарттық (73-тен кейін) [17] |











