| Материалдар тарауында: 136 Материалдар көрсетілді: 21-30 |
Беттер: « 1 2 3 4 5 ... 13 14 » |
|
Жан болған соң бауырмал да, жайдары,
Ынтымақтың Сіз ұйытқысы, қайнары.
Жетпіс беске жетіп тұрған жан аға,
Бұл әулеттің Сізсіз екен Айдары!
Ағайынның ақсақалы – өзіңіз,
Теберіктей батаңыз да,сөзіңіз.
Біз – баламыз, қолыңызға су құяр,
Сізді көріп тұрған кезде көзіміз.
Ақсақалсыз билік айтқан, қой дескен,
Қаншама ой шығады екен тойда естен...
Біздің тілек жүзге жеткін, жан аға,
Қол ұстасып жүріңіз көп, сан доспен!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Шаңырағымыздың бас иесі, балаларының асқар таудай сүйеніші, немерелерінің абыздай ардақты атасы ..... жеті асудың бел ортасы - 75 жасқа толып отыр. Осынау мерейлі белесінде отағасына, әкемізге, атамызға шаңырағымыздың тамыры терең бәйтеректей тірегі болып ортамызда жүре беріңіз, деніңіз сау, тірлігіңіз қуаныш пен қызыққа толы болсын деп тілейміз.
Жетпіс бесің жеті белес ортасы,
Асқар таудың сияқтанған жартасы.
Өсіп, өніп қанат жайсақ бүгін біз,
Әкелікті ақтай білген арқасы.
Құтты болсын, жетпіс бестің белесі,
Тоқтамасын өмір-кештің кемесі.
Жамбылдайын жүз жасыңды көрейік,
Мерейтойлар тойланумен келесі!,
- деген шынайы ақ тілегімізді өзіңізге осынау атаулы күніңізде арнағымыз келеді.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Әжетай, мейірің көп таңдандырған,
Біз үшін қиындықтан шаршамаған.
Жылуын жүрегіңнің аямадың,
Өзіңе борышы көп балалардың.
Тастаңыз қиындықтың сызып бәрін,
Ер жеттік біз кешегі бұзықтарың.
Әжелеп жан-жағыңда жүре берсін,
Бал тәтті немерелер-қызықтарың.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Әжетай, нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз.
Тіршіліктің қызығына бөленіп,
Аман-есен ортамызда жүріңіз!
Мерекең ұзағынан бола берсін,
Үй-ішің немере, шөбереге тола берсін!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
75 жас туған күнің құтты болсын,
Өміріңіз шаттық пен нұрға толсын.
Қызықты күндеріңіз арайланып,
Көкірегіңіз күмбірлеген күйге толсын.
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Ақ айдынға салып бақыт кемесін,
Жарқын жүзбен қуанышпен келесің,
Құтты болсын жетпіс бесің, әжетай,
Өзіңізді бір құдайым демесін.
Бәйтерексіз жапырағы жайқалған,
Барша жұртқа жақсылығың байқалған.
Есен болсын ұрпағыңыз көрінген.
Ән қалықтап, күй төгілсін төріңнен,
Бақ орнасын әрдайым басыңызға.
Жас қосылсын, әжетай, жасыңызға,
Отбасына қуаныш сыйлап талай,
Амандықпен жетіңіз жүзге қарай!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Адам баласының ұзақ өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі саналса керек. Сөйтсе-дағы кемел жасы 60-тың орны мүлдем ерекше екені баршаға мәлім. Ағалық ардақты асудан асып, ақсақалдық мерейлі кезеңге көтерілер бұл шақтың тал түс аталуы бекер емес-ау.
Міне, сен де ізімізден қуып, аман-есен алтыншы асқардың шыңына қол созып отырсың. Шүкір, біреуден ілгері, біреуден кейін дегендей, өткен өмір бедерлері көңіл орнықтырып, көз тойдырады.
Қуаныштысы, мерейтойыңды отбасыңның алтын қазығы болған жан-жарыңмен бірге бала-шағаңның шаттыққа толы ортасында қарсы алып отырсың. Өсіп-өнген, ұрпақ тәрбиелеген, құда-құдағиларың мен дос-жарандарыңның ыстық ықыласына бөленген өзіңе тек жақсылықтар, қуаныштар мен бақытты ғұмыр тілейміз.
Артыңдағы ізің өшпесін!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Әрбір адамның өзіне тән ғұмыр жолы, тіршілік баяны бар, бірақ еткен еңбек, көрген бейнет, татқан зейнет, алған асу, жеткен биік әркімнің өмірінде әрқилы. Оны сырт көз өздерінше бағалап та жатады. Сондағы жалпының іздейтіні біреу: ол – кісілік келбет, азаматтық тұлға. Оған – дәл осындай адами асқақ қасиетке, қанша ғұмыр кешкенімен, жеткен де бар, жетпеген де бар.
Өзінің өнегелі өмір соқпағында сыйластық пен достықтың ұлағатын ұлықтап, үлкенге құрмет, кішіге ізет болар ұлттық дәстүрлерді үкілеп келе жатқан Бәкеңмен жарты ғасырдан аса достығымыздың жарасып келе жатқанын мақтан тұтамын. Сенің де мағыналы өміріңнің, шуақты шаңырағыңның алтын діңгегі - өмірлік қосағың Жәмиләң, оның жалғасы, ертеңгі мәуелі жемісі – бауыр етің балаларың мен алтын асықтай немерелерің. Бүгінгі 70 жасқа толған мерейлі мүшел тойыңда өзіңе денсаулық, ұзақ ғұмыр, әулетіңе баянды бақыт тілеймін!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Бір ғасырдың жартысын жасап міне, мерейтойыңды тойлап отырсың. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр.
Осы жасқа келгенше тағдыр-жолыңда кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашанда жеңіске жете білдің. Мұндай жетістігіңнің де терең себебі бар деп ойлаймыз.
Мынау бізге көршілес жатқан орыс ұлтында
Қарапайым өмір сүрген жан жүз жасайды деген сөзі бар. Осынау қарапайым ойдың астарында мейірімді, жүрегі таза, қиналған сәтте қол үшін
беруге дайын тұратын, құдайынан қорқатын қанағатшыл да иманды адам туралы қаншама түсінік жатыр десеңізші!
Аса құрметті ........ .
Сен де сондай мадаққа лайық қарапайым өмір сүретін жанның бірісің! Бүгін Саған осындай дастарханның 100 жасқа толғаныңда да кеңінен жайылсын деген тілек арнағым келеді!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
|
Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған айтулы азамат. «Көп жасағаннан емес көпті көргеннен сұра» дейді дана халқымыз.
...еке, сізді бүгінгі мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі - өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда.
Асеке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші «жастық шаққа» да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай қалпыңыздан таймай, өмірдің қызығына кенеліп жүре беріңіз! Той тойға ұлассын!
|
-
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Рейтинг: 0.0-
Санаты: Туған күнге орай
| Туған күнге тілектер [0] |
| Балдәурен (13-ке дейін) [15] |
| Жас дәурен (13-25) [32] |
| Жігіттік (25-37) [8] |
| Кемелдік (37-49) [11] |
| Парасат (49-61) [40] |
| Аталық (61-73) [13] |
| Қарттық (73-тен кейін) [17] |











